Кәсіпорын қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады.ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймай,сонымен қатар өндіріс үнемділігінің,өнімдер мен қызметтер сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің бірнеше анықтамасы бар.
1.Кәсіпкерлік мәдениет-бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді уйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі.Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін,ал сенім-кәсіпорын қалай қызмет ету керек және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
2.Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекге нысаны екенін көрсететін түсініктер,құндылықтар мен ережлер жиынтығы жатқызылады.
Сонымен қатар,кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі.
Кәсіпкерлік мәдениет-белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын,кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін,жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-құлық үлгілерінің,құндылықтар жүйесінің,әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады.
Адамдарға әсер етулің,яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар,олар:
Нарық,онда көлденең түрде тепе-теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;
Мәдениет-жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар,мінез-құлық ерекшеліктерң,әлеуметтік нормалар.
Мәлениет қызметтің әр түрлі нысандарынада және әлеуметтік жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде танылады.Мәдениеттің екі жағын бөліп көрсетеді:рухани және материалдық.Материалдық мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық-өндірістік база,оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар,еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері,адамдардың материалдық-заттық, тәжірибелік қызметі,өндіру,айырбастау және тұтыну барысындағы матреиалдық-заттық қатынастар,материалдық құндылықтар жатқызылады.
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады.Оған басқару мен ұйымдастыру,айырбастау мен үлестіру,технологиялар,еңбек жағдайларының және т.б. мәдениетә жатады.Яғни,ол кәсіпкерлік қызмет үрдісі барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:
Мәдениет әлеуметтік болып табылады,өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;
-біріншіден,табиғи жолмен жүзеге асырылады.Яғни,онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып,қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;