Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік номерлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және диссертацияның осы элементтерінің басталатын бет номерлері көрсетіледі.
Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы керек. Мұндайда бірінші бөлімде бөлім номерлері көрсетіліп, жалпы диссертацияның мазмұны, ал келесілерінде тек тиісті бөлімнің мазмұны ғана жазылады. Бірінші бөлімде келесі бөлімдердің мазмұнының орнына тек олардың атауларын көрсетуге рұқсат беріледі.
Шартты белгілер, символдар, бірліктер және терминдер тізіміарнайы терминология қолданылса, диссертацияда пайдаланылады. Осындай тізімдер бағандап орналастырады және олар қажетті түсініктемелермен және шешімдерімен мәтінде көрсетілген тәртіпте жазылады. Егер де диссертациядағы арнайы терминдер, қысқартулар, символдар және үш реттен кем қайталанса, тізімді жасау керек емес, ал олардың мағынасын бастапқы ескертілген кезде ашып құрады.
Кіріспе диссертацияның маңызды бөлігі болып табылады. Онда оның кфалификационды сипаттамасы болуы керек. Кіріспеде шешілетін ғылыми немесе ғылыми-техникалық мәселенің (міндеттің) қазіргі заманғы жағдайын бағалау, аталмыш ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігіне негіздеме, әзірлеменің жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулер және олардың қорытындылары туралы мәліметтер, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер болуы керек. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс. Кіріспе 4 беттен құралады. Гуманитарлы профильді диссертацияда 6 бет болуы мүмкін.