Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет46/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ауызша аударма дегеніміз не?
2. Ауызша аударманың неше түрі бар?
3. Синхронды аударма қалай жүзеге асады?
4. Синхронды аударма аудармашыдан нені талап етеді?
5. Оратордың сөзінен кейін жүзеге асатын аударма түрі?
6. Ілеспелі аудармада аударылатын сөздің ұзақтығы әдетте қанша уақытқа созылады?
7. Ілеспелі аударма аудармашыдан нені талап етеді?
8. Жазбаша және ауызша аударманың өзгешеліктері қандай?


Тақырып№45: Сөз тіркестері мен етістіктердің аудармасы
Мазмұны: 1.Сөз тіркестерінің аудармасы
2.Көп мүшелі атрибутивті топтар
3.Етістіктер аудармасы
Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады. сондықтан аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending – жоғары дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab anger – арабтардың (гнев арабов, а не «арабский гнев»), European peace — Европадағы өмір (бірақ «Европаның өмірі» емес) («мир в Европе», а не «Европейский мир»), anti war Gis – соғысқа қарсы шығатын солдаттар, пацифист-солдаттар (солдаты, выступающие против войны, солдаты-пацифисты (а не «антивоенные солдаты»).
Көп мүшелі атрибутивті топтар
Ағылшын тілінде көп мүшелі атрибутивті топтар өте көп таралған. Бұл – бір ғана анықтауыш сөзі бар бірнеше анықтауыштың параллель байланысу жағдайы емес (мысалы, әдемі шуақты қыстық ауа райы), жеке анықтауыштардың арасында анықталатын зат есіммен байланыстан басқа өзара мағыналық байланыстары болатын көп мүшелі атрибутивті топтар. Мысалы: Douglas Plane Plant Strike Talks Continue. Көп мүшелі атрибутивті топтың аудармадағы мағынасын түсіну үшін келесі ретті ұстану қажет:
Топтың тірек сөзін, яғни анықталатын зат есімді аудару (мұнда: Talks – келіссөздер)
Сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынастарды талдай отырып, оның ішінде қандай мағыналық топтар бар екендігін анықтау. Осындай талдауды сол жақтан оң жаққа қарай, яғни сөз тіркесінің бірінші мүшесінен жүргізген жөн (мұндағы мағыналық топтар: Douglas Plant, Plane Plant, Plant Strike, Strike Talks)
Жеке мағыналық топтар арасындағы байланысты анықтап алып, барлық сөз тіркестерін тірек сөз – зат есімнен бастап, ары қарай әр мағыналық топты оң жағынан солға қарай аударамыз. Douglas Plant – Дуглас компаниясының заводы, Plane Plant – авиазавод, Plant Strike – заводтағы көтеріліс, Strike Talks – көтеріліске қатысушылармен келіссөз.
Енді көп мүшелі атрибутивті топты тақырыпшаны аударамыз: Дуглас компаниясының авиазаводы администрациясының көтеріліске қатысушылармен келіссөздері жалғасуда. Әрине, осындай ұзын тақырыпшаны былай қысқартуға болады: Дуглас авиазаводындағы көтеріліс жайындағы келіссөз жалғасуда.
Ағылшын тіліндегі әр түрлі мағыналарға ие сөздердің үшінші тобына үстеулік мағынаға ие етістіктер жатады. Мұндай етістіктер екі мағына білдіреді: бірінші мағынасында іс — әрекетті білдірсе , екінші мағынасы сол іс — әрекетті сипаттайды. Бұл етістіктердің үстеулік мағынасы келесіден көрінеді: Яғни бұл етістіктердің мағыналары толықтауышпен, үстеумен, мекен пысықтауышпен білінеді. Мысалы: Over 500 london students yesterday roared their way through fleet Street through the heart of the City demanding that “Smith must go” - Лондондық 500 – ден астам студенттер көшеге»Смит жоғалсын» деген қатты айқалған дауыстарымен Флит – стриттан Ситидің орталығына дейін жүріп өтті. Мұнда to roar етістігі to roar one’s way through Fleet street құрылымында мағынасы бойынша айқайға ұласқан қозғалу етістігін қосып, ал to roar етістігінің мағынасын іс – қимыл пысықтауышымен жеткізуге тура келеді. Үстеулік мағынаға ие етістіктердің адекватты аудармасы әдетте аударманың грамматикалық трансформацияларын талап етеді, оның ішінде қосымша сөздерді қосу, сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің орын басу әрекеттерін талап етеді. Мұндай үстеулік мағынаға ие етістіктердің көбісі тілге еніп үйреншікті тіркестерге айналып кетті. Мысалы: to bow somebody out of the room, the train steamed in to (out of) the station , the truck rumbled in to the town. Аударма кезінде олардың жеке мағынасын келтіріп аудару қиынға соғады, өйткені олар бір жағдайдан екінші жағдайға көшу іс-әрекетін , іс — әрекетке деген құлшынысты білдіреді. Сондықтан мағыналарының толықтығы әдетте бейнелеп аудару көмегімен көре аламыз. Мысалы: The crocodile shuttered home under hailstones and through the ugly streets – Салқыннан дірілдеп жауынның астында балалар үйінің тәрбиеленушілері ұзын сап құрап лас көшелер бойымен келе жатты. Бұл жерде үстеулік мағынасы бар to shutter етістігі және home үстеуі салқыннан дірілдеп , келе жатты деп аударылса, crocodile метафорасы да бейнелеп аудару көмегімен тәрбиеленушілер, ұзын can деп аударылады.
Үстеулік мағыналары бар етістіктерді аударудың өзіндік екі заңдылықтары бар:
Егер үстеулік мағынасы бар етістік қозғалыс пен оның сипаттамасын білдірсе, ол әдетте белгілі бір пысықтауыштық сөз қосылған етістікпен аударылады, яғни пысықтауышта тұрған сөз сол іс — әрекетті сипаттайды. Мысалы: The train whistled out of the station – Поезд жүру қоңырауын беріп станциядан қозғалды.
Егер үстеулік мағынасы бар етістік бір жағдайдан екінші жағдайға көшуді, іс әрекеттің себебі немесе нәтижесін білдірсе ол екі етістікпен яғни бағыныңқы сөйлеммен және мақсатты инфинитив көмегімен аударылады. Әдетте сөз таптаорының орын басу амалы немесе қосымша сөздер қосу амалы орындалады. Мысалы: He had an elder brother who had flunked out of law school – Оның емтихандарды тапсыра алмай және сол үшін заң факультетінен шығарылып жіберілген ағасы болды.
Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.
Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір 2) Сентименттер 3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады». Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет