Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет44/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ресми іс қағаздарды аударудағы трансформация түрлеріне қандай аудару түрлері кіреді?
2. Лексикалық аударулардың бірінші және екінші тәсілдері қалай аталады?
3. Лексикалық аударулар дегеніміз не?
4. Шендестіре аудару дегеніміз не?
5. Компенсация қандай тәсіл түрі?
6. Қосу тәсілі қандай жағдайда қолданылады?
7. Мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл қалай аталады?
8. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың қандай түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі?
9. Трансформациялардың қай түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі?


Тақырып№43: Аудару процесінің психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктері
Жоспар:
1) аудармашының ой-өрісі;
2) аудармашының жады;
3) декларативтік және процедурлық жад;
4) интеллектуалды және эмоционалды жад;
5) контекст, релеванттылық, бірнеше рет кодтау.
Таңертен сіз жұмысқа кешікеннде, тістеріңізді тазалайсыз, аяк киім бауын байлайсыз, пальто киесіз, әмиен мен кілттерді аласыз, үйден асыға шығасыз, машинаны ат алдырасыз, көшеге шығасыз осының бәрін екі минутта істейсіз, онда ештеңені ұмытпайсыз, бауларды шатастырмайсыз, кілтпен бірге қасық пен шанышқыны алмайсыз, үйткені бұл жұмыстарды сонша рет жасағандықтан сіздің денеңіз өзі не істеу керегін біледі.
Денелік еске сақтау мен аударма арасында маңызды қатар бар. Тәжірибелі аудармашылар тез аударады, олардың аударғаны өте көп болғандықтан, жұмысында ми емес саусақтары қатысатындай көрінеді. Түпнұсқа тілінде таныс құрылымын анықтаған соң оның саусақтары клавиатура үстімен ұшып қозғалып лексикалық элементтермен толықтырылған, логикалық талдаусыз не саналы ойлаусыз аударма тілінде қалыпты құрылымдық эквивалентке айналдырады, автоматты түрде болғандай.
Таң қалған бақылаушылар, синхронды аудармашылар тіпті ойланбайтындай, кім бұлай ойланатына да кұмәнданады. Жоқ, бұл мүмкін емес, аудармашыға сөздер мидың санадан тыс не түсініксіз бөлігінен өздері келетін тәрізді, бұл қабілет қарапайым адамдарда болмауы мүмкін. Тіпті үйреншікті, ойлы аударма тісті тазалау мен бауды байлаудан өзгеше болады. Кезкелген жағдайда аударма ақыл-ой іс-әрекет, тіпті талдауды пайдаланбай, сапалы деңгейде орындалса да. Аударма – өте күрделі көп деңгейлі семантикалық өрістердің, семантикалық құрылымдардың, мәдени өзгешеліктердің, оқырмандар мен тыңдаушылардың әрекеттерінің психологиялық және әлеуметтік аспектеріне тез талдауын талап ететін процесс.
Тілмен жұмыс кезіндегідей, аудармада шығармашылық пен жаңашылдық үнемі болады.
Формалды мәтіндер аудармашылары ауа райын болжауында жаңа ситуациялар кездесіп, күтпеген қиындықтарды шешуге мәжбүр болады. Көптеген аудармалар өлшеусіз күрделі болады. Уилльям Г. Кальвин “Ми қалай жұмыс істейді” деген кітабында жазған: Интеллект – не істеуін білмеген кезде қолданатын нәрсе. Көп нұсқалы таңдау кезінде сіз өмірдің оңай сұрақтарына дұрыс жауаптар тапсаңыз, онда сіз тапқырсыз. Бірақ интеллект шығармашылық аспект қатысатын, қолма-қол жаңаны табатын, әлде қайда үлкен нәрсе.
Бұнда жаңашылдық элементтерін пайдалы тауып, соны ұстап, дұрыс жауап мүлде болмағанда сара жол табысқа жеткізбегенде кіретін элементтер жатады. Ой-өріс импровизацияланады. Бұл көбіне джазды импровизация жан-жақты тексерілген шығармадай емес, ондайға Бах не Моцарт концерті жатады. Интеллект ой мен іс-әрекет кеңістігінде жан-жақты тексеруімен және импровизациямен байланысты. Біз аудармада қолданылатын интеллект туралы айтамыз. Оны тез, сенімді, өте қанағаттанушылықпен қолдануға үйренуіміз керек. Ол үшін аналитикалық қабілетін жетілдіріп, бір мезгілде оларды сублимирлеу, мәтін мен контексті тез және жақсы талдауға үйрену, адамдар, олардың көңіл-күйін жақсы, нақтырақ талдау, үйткені талдау қандай болса, солай жасалады. Біз үйрету кезінің күрделі процестерін зерттеуге тырысамыз, осы кезде жаңа келгендер тәжірибелі маманға айналды . Ол үшін аудару процесінің теориялық моделін қарастыру керек, сонымен бірге адамдар, тіл, әлеуметтік байланыстар, мәдени өзгешеліктерді де қозғайтын процесс.
Аудармашының жады
Аудару мәдени, әлеуметтік, мәтіндік жағдайларда үнемі өзгеріп отыратын, проблемаларға шығармашылық шешімдер қабылдайтын интеллектуалды іс-әрекет. Кейде интеллектуалды іс-әрекет ақыл-ойдың қабылдауынан тыс, түйсіксіз деңгейде келіп айқындалады.
Түйсіксіз ой-өріс – ол бізге ынталы, сенімді, тез аударуға мүмкіндік туғызады, яғни жинақталған тәжірибе, жадтың салдарынан пайда болған өнім, оны қайтадан алып және әр түрлі қолдануға мүмкіндік туғызады.
Аудармашылар жинақталған тәжірибені еске сақтап, керек кезінде оны күрделі аударма мәселелерін шешуге алу керек, бірақ ақпаратты жаттау арқылы іске аспау керек. Жад оқыту кезінде басқаша жұмыс істейді. Аудармашылар сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, стиль мен тонды, лингвистикалық және мәдени әдістерді меңгеруді аудару кезінде, оқу кезінде, интернеттен іздегенде, сөйлескенде және жай отырып өткенді ойлау кезінде де іске асырады.
Шет елде адамдармен сөйлескенде олар тілді үйренеді, ондаған сөздер мен адамдарды меңгеріп, еркін және шығармашылық адамдарға үйреніп, айналадағылар түсінетіндей сөйлеу арқылы еске сақтауды іске асырайды.
Баяндамашының сөздерін, жіберілген мәтінді аудару арқылы трансформациялық моделін меңгереді, бұл модельдер еске оңай сақталады, керек кезінде жеңіл және жай шығаруға болады. Олар белгілі сөздер мен орамдар клавиатурада саусақтар жылдам қозғалып, аударма экранда өз-өзінен пайда болатындай, немесе сөздің ағымын аудару тілінде ауыздан ерекше күш әсерінен шығатындай болады, ал бұл өзінің қабілеті екенін сезбейді.
Декларативтік және процедурлық жад
Мамандар жадты осы екі түрге бөледі.
Декларативтік – ол сіз таңертеңгі аста не жедіңіз не жұбайыңыз не сатып алуды тапсырғанын, яғни нақты оқиғаларды сақтайды және процедурлық жад поштаны қабылдауды, машинамен жұмысқа бару, яғни ойланбайтын әдеттерді іске асыруға көмектеседі.
Аудармашыларға жадтың екі түрі де қажет. Декларативтік жад бір кезде сөздіктен қараған сөздің мағынасын еске түсіруге көмек етеді, процедурлық оны аудару кезінде дұрыс пайдалануға көмектеседі.
Процедурлық жад аудармашыға түйсіксіз өңдеу үшін, ал декларативтік түйсікті үшін қажет.
Процедурлық жад аударуды тез жүргізуге, ал декларативтік пайда болған қиындықтардан болмайтын және ақылға қонғысыз аударуды жасағанда қолданады.
Интеллектуалды және эмоционалды жад
Ғалымдар жадтың екі түрін ажыратады. Гиппокамп арқылы жүйке жүйесін фактілерді тіркеу қолданып, ал мишық миндалина арқылы сол фактілерге біздің қатысымызды жазады.
Гоулмен жазғандай, мишық миндалина эмоционалды жад ояту оқытуға ықпал етеді. Бізге ұнайтын, қобалжытатындарды еске түсіру оңай және есте көп сақталады, ал немқұрайдылар бұлай сақталмайды. Нағыз, айқын еске түсіру эмоционалды болады. Бірінші сүйіскен, үйлену тойы, баланың тууы, әр түрлі қуанышты не қайғылы жағдайлар, адам өмірін өзгерген кезеңдер. Аударудан қанағат алуды, білу, жаңашылдықты қабылдауға дайын болуды аудармашы қалыптастырады.
Контекст, релеванттылық, бірнеше рет кодтау
Еске сақтауды зерттеу, ақпаратты қандай жағдайда алғаныңызға, қаншама өмірмен байланыстылығы есте сақтаудың деңгейіне әсер етеді.
Контекст
Еске сақтау кезіндегі маңызды роль атқаратын ассоциациялардың қалыптасуына қоршаған ортаның құбылыстары мен объектілері маңызды, оларсыз, біз оқшауланған фактілерді ғана білеміз, контекст айналасында бір тұтастың бөлшегі болып табылады.
Жазып не әріптесімен сөйлескенде адамның контекстіне сөздер мен орамдарды енгізу автономды жаттаудан гөрі еске сақтауды жеңілдетеді.
Ақпаратты меңгеру тұрмыстық және мәдени жағдайда ассоциативті тізбекті құруға көмектеседі, сол ақпаратты қайтадан жасауды жеңілдетеді. Кейде, бір нәрсені сатып алуға бара жатып, жолда қандай зат екенін ұмытып қаласың, оны еске түсіру үшін қай жерде керек болса сол жерге қайта барасың. Зат қай жерде ұзақ уақытқа есте сақталса, сол еске сақтауды сілкіп, затты еске түсіреді.
Студенттер емтихан тапсырғанда оқыту процесі қай аудиторияда өтсе, сол аудиторияда студенттер жақсы көрсеткішке ие болады.
Бұл феномен жағдаятты оқыту, яғни белгілі ақыл-ой не физикалық жағдайда еске сақталса, онда ол сол жағдайда тез еске түседі.
Сыртқы жағдайларға қатыссыз, ауызша аудармашылар барлық жерде жұмыс істейді, сондықтан олар өздерін жұмыс жағдайларына бейімделуді қалыптастыру керек.
Жазып аударатын көп жағдайда орынға тәуелді. Олар офисте не үйде жұмыс орнын ұйымдастырады. Нәтижесін телефон, сөздіктер алуға жақын болғанын ғана емес, оны үй жағдайындай, жинақылығын да ескереді. Олар бұны әрбір жұмыс циклінің алдында орындайды, яғни керекті жан рахатын құрады, белгілі ритуалдарды қағаздар қабатын бірдейлеп, құжаттарды папкаларға салып, сөздіктердің беттерін ашып, қарындаштарды ұштайды, бұлар аудармашыны жұмысқа дайындайды.
Релеванттылық
Неғұрлым қызығушылық болса, соғұрлым оңай еске сақталады. Сіздің өмірге байланысы жоқ нәрсе бір құлақтан кіріп екіншісінен шығады.
Жасанды жағдайда аудиторияда аударғаннан, ақшаға аударғанға әлде қайда оңай үйренеді.
Сондықтан емтиханға сөздер жаттаудан гөрі, белгілі мақсатқа арналған, досына ақпарат хабарлау не аударманы аяқтау есте оңай сақталады.
Бірнеше рет кодтау
Неғұрлым көп сезім еске сақтауға жұмсалса, соғұрлым оңай еске түседі. Әр сөз, факт, жоба не басқа объект кодтау үшін қабылдаудың бірнеше каналдары қолданылады: есту, көру, сезу, иісін сезу, бұлар еске сақтауды комплекті қолдау тізбектерін қамтамасыз етеді және әлде қайда тиімді болады, бір каналды қолданса, бұлай болмайды.
Аудару – интеллектуалды іс-әрекет. Бұл жағдайда қандай интеллект қолданылады?
80-жылдары Хауард Гарднер интеллекттің бірнеше формасын зертеді. Оның айтуы бойынша, IQ-тестпен өлшенетін лингвистикалық және логика–математикалық интеллекттерден басқа, ең аз дегенде интеллекттің төрт түрі бар, мүмкін одан көп болуы.
Музыкалық интеллект (ой-өрісі) – үлкен шеберлікпен, ұсақ-түйекке көңіл бөліп, музыканы тыңдап, орындап және жазу қабілеті. Музыка интеллекті өте жиі математикамен байланысты, бірақ өзгешелігі бар.
Кеңістіктік интеллект – кеңістік объектілерін жасап, танып, айыра білу қабілеті және олармен қимыл әрекеттер жасап, скульптурада, биде, архитектурада, суреттерде тепе-теңдіктер мен тартыстар қарым-қатынасын жасап және сезу. Кеңістіктік объектілердің музыкалық, вербалды формаларының арасында жемісті аналогиялар жасап және өзгерту қабілеті, математикалық интеллектпен геометрия арқылы байланысқан, бірақ одан өзгешелігі бар.
Дене-қимыл интеллекті – қозғалыстар жасау және позаны жасау, әр нәрсені түсініп және көшіру (актер, шешендер интеллекті) жай, үйлесімді қозғалу (бишілер спортшылар, музыканттар интеллекті).
Жеке тұлғалық интеллекті не эмоционалды – қабылдау, айыру және эмоционалды жағдайды көрсету өзінің және айналадағының жағдайын көрсету, жеке бастағы, жеке адамдар арасындағы интеллект, психоаналитиктер интеллекті, үлгілі ата- аналар, мұғалімдер, достар қабілеті, белгілі мақсатқа жету үшін басшылар, табысты мамандар интеллекті өзінің және айналасындағының энергияларын бағыттау қабілеті.
Логика-математикалық интеллект – объектілер дүниесін, олардың абстракты символдарын ұсынатын, топтастыру, қабылдау қабілеті ( математиктер, философтар интеллекті).
Лингвистикалық интеллект – тыңдап, анықтап, өз тілінің арнайы конструкциясын құру және оны қолдана білу қабілеті (ақындар, жазушылар, мәтінді құрастырушылар, шешендер, шеберлі оқытушылар интеллекті), шет тілдерді меңгеру қабілеті, тыңдап, топтастырып, бір тілден басқа тілде жаңа конструкцияны құру қабілеті, олармен қозғалыс қатынастар жасау қабілеті.
Техникалық аудармашыларға кеңістіктік және логика-математикалық интеллекттердің жоғары деңгейлі болуы керек. Фильмді дубляждау және ауызша аудармашыларға дене - қозғалыс және жеке тұлға интеллекттерінің жоғары деңгейі қажет. Өлең лирикасын аудару үшін музыкалық интеллект қажет.
Соңғы кездегі педагогикадағы жаңалықтар арқылы әр түрлі көптеген қабілетті адамдар оқитындарын ашты.
Жақсы аудармашы әр уақытта қалыптасу кезеңінде болады, яғни аударуды жақсартуға үйренеді, шет тілді үйренеді, оның мәдениетін, аударматануды оқиды. Бұрын істеп жүрген және жаңа ғана аудармашылықпен айналысушы осыны әр уақытта білуі керек.
Бұл білімнің практикалық қолданылуы әр түрлі болуы мүмкін, өзіңіздің мықты жақтарыңызды анықтап, жұмыс ортасын қайта құрып, білімді максималды пайдалануға көмектеседі.
Аударманың тиімді іс-әрекеті мен белгілі жартылай түсінген іс - әрекеттердің арасындағы дәлелді байланысты аңғару қиын, мысалы радио арқылы дәл келетін музыканы таңдауды жатқызуға болады.
Бізге кәдімгі жағдайда өзімізге тәжірибе жүргізуге энтузиазм де, уақыт та жетпейді.
Кейде ерекше қабылдаумен танысқан диапазонды кеңітуге көмектеседі мысалы, сіз жаңа жағдайда тәуекелге, байқап көруге және қателіктер әдістерінен әрекет етуге бейімсіз, кәсіби тұрғыдан қарағанда ойланған, аналитикалық әдістерді еске алып, жаңаға осылай жауап беруге болатынын түсінесіз. Сіз қабылдаудың кинестетикалық каналға бейім екеніңізді білген соң, сіз қабылдаудың визуалды және аудиалды ақпарат алуды жетілдіресіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет