Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Аудармашының жады қандай болуы керек?
2. Декларативтік және процедуралық жадтық айырмашылықтары қандай?
3. "Мишық миндалина эмоционалды жад ояту оқытуға ықпал етеді" деп жазған кім?
4. Контекст дегеніміз не?
5. Неғұрлым қызығушылық болса соғұрлым оңай еске сақталатын құбылыс?
6. Бірнеше рет кодтау қалай жүзеге асады?
7. 80-жылдары интелекттің бірнеше формасын зерттеген кім?
8. Интелекттің түрлерін атаңыз және оларға түсініктеме беріңіз.
9. Өлең лирикасын аударуда қандай интелект қажет?
Тақырып№44: Аударма түрлері Мазмұны: 1. Аударма түрлеріне түсініктеме
2. Аударма түрлерінің өзіндік ерекшеліктері
3. Ауызша және жазбаша аударманың өзгешеліктері мен айырмашылықтары
Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Ілеспелі аударма – бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
Түпнұсқаны ауызша немесе жазбаша қабылдау және аударма мәтін жасау ауызша және жазбаша аудармаға сәйкес келеді, бірақ осы аударманың бірінде аударманың басқа да түрлерінің құралдары қолданылуы мүмкін. Жазбаша аудармашы түпнұсқаның мәтінін жазылған магниттік лентадан алуы мүмкін немесе өзінің аудармасын машинистке немесе диктофонға жеткізуі мүмкін. Қандай да болмасын аударма жазбаша түрде сақталады, себебі аударма фиксивтік формасында берілген, және аудармаға қайта қарастырулар мен толықтыруларды енгізуге мүмкіндік береді. Ауызша аудармашы түпнұсқаны ауызша қабылдап, керек жағдайда синхрондық немесе ілеспелі аудармада пайдалануы мүмкін. Жазбаша мәтінді ауызша аудару түрі «қағаз бетінен аудару» деп аталады. Мұнда аудармашы жазбаша түпнұсқаны оратордың қатысуынсыз ауызша аударады.
Ең бастысы, ауызша немесе жазбаша аудармада уақыт факторы басты роль ойнайды. Жазбаша аударма барысында қатаң уақытқа шектелмейді.
Аудармашы кез-келген сәтте аудармасын тоқтатып, аударылған бөлікке қайта оралуға, түпнұсқаның кез-келген бөлігін қайта ойлануға, сөздіктерді пайдалануға немесе кеңесшіден не болмаса мамандардан кеңес алуына болады. Мұндай жағдай аудармада кездесетін келеңсіздіктерді шешуге, сондай-ақ көркем немесе ақпараттық аударманы сәтті аударуға көмегін тигізеді. Жазбаша аударма жоғары дәрежелі баламалықты талап етеді. Ал ауызша аударма шектеулі уақытқа негізделеді. Аудармашы оратормен бірге немесе ол тоқтағаннан кейін аудармасын бастайды. Осыған байланысты аудармашыға ойлануға немесе сөздіктерді пайдалануға уақыт болмайды. Сонымен қатар ауызша аудармада аудармашы берілген ақпаратты нақты және түсінікті түрде аудару қажет. Аудармашы аударма барысында кейбір элементтерді түсіру, қысқа түрде беру тәсілдерін пайдалана алады. Сөйлеу мәтіні берілетін синхрондық аудармада аудармашы үлкен физикалық немесе психологиялық зардап шегуі мүмкін. Осыған орай синхрондық аудармашы өзінің жұмысын 20-30 минут аралығында орындай алады. Сондықтан да синхрондық аударманың әрбір кабинасында бірнеше аудармашылар кезегімен жұмыс атқарады.
Жазбаша мен ауызша аударманың тағы да бір өзгешеліктері осы аударманы аудару барысында аудармашы түпнұсқаның бірдей емес бөліктерімен жұмыс жасайды. Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқада берілген ойды ретімен аударады, бірақ аудармашының қолында түпнұсқаның толық мәтіні болады, және де әрбір айтылған ой берілген мәтіннің жеке бірлігі ретінде қатысады. Түпнұсқаның жеке бөлігін аудара отырып, өзіне қажетті ақпаратты келесі немесе өткен бөліктерінен ала алады, сондай-ақ логикалық ойдың дұрыстығын бақылайды. Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспелі аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
Сонымен қатар жазбаша мен ауызша аударма тіларалық қарым-қатынасты құрушылар бойынша ерекшеленеді. Жазбаша аудармада тәртіпке сәйкес аудару процесі «кабинеттік жағдайларда» іске асырылады және аудармашыда қарым-қатынасқа қатысушылардың тікелей немесе кері байланысы болмайды. Мұнда аудармашы түпнұсқаның авторы мен танысу және потенциалды Рецептордың аудармасын жасау аударма процесінен тыс болады. Аудармашының барлық назары аударылатын мәтінде болады, және кез-келген аудармашыға берілетін баға тіларалық қарым-қатынас процесі аяқталғаннан кейін беріледі.