Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Мақал мәтел дегеніміз не және әр түрлі тілдегі нұсқасын келтіріңіз?
2. Мақал мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында қандай терминде қолданады?
3. Қазақ тілінде мақалдап сөйлеу ерекшеліктері қай жылда басталды?
4. Мақал мәтелдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударған журналисттер?
5. Ағылшын және қазақ мақалдарының ерекшелігі неде?
6. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
7. Парамиология дегеніміз не?
8. Мақал мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен зерттелуі қажет деп айтқан кім?
9. Қай жағынан қазақ және ағылшын мақал мәтелдерінің ұқсастықтары жиі кездеседі және оған мысалдар келтіріңіз?
Тақырып№42: РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ Мазмұны: 1. Ресми іс қағаздарды аударудағы трансформацияның түрлері
2. Компенсация, қосу, түсіріп тастау әдістері
3. Құрмалас сөйлемдерді аударудағы трансформацияның түрлері
Ресми іс қағаздарды аударудағы трансформацияның түрлеріне лексикалық аудару, шендестіре аудару жатады.. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.
Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал ағылшын тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті ағылшын тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осында.
Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.
Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.
Себеп пен салдарға байланысты ауыстыруларды Л.С. Бархударов лексикалық ауыстырулардың аясында қарастырады. Біздіңше, бұл мәселсе сөйлем шегінде қарастырылғаны жөн. Тіл фактілері осыны талап етеді.
Шендестіре аудару.(Антонимический перевод),шендестіре аудару дегеніміз - түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару.
Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішіндеемес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:
Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты.
Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Келесі бір кездесетін құбылыс, ағылшын тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады.Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмаласты құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгертпейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - принципті нәрсе. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады.
Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады. Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемндігі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал ағылшын тілінен сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Ағылшын тіліндегі осы сипаттағы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді.
Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.
1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
3. Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;
4. Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;
5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіпаудару.
Бұл трансформациялардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездеседі.