Талғат сайрамбаев


 Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы



Pdf көрінісі
бет116/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

4. Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы
Есімдіктер морфологиялық жағынан мол зерттелген сөз та-
бы, олар барлық оқулықтарда жеке монографиялық еңбектер кө-
лемінде зерттелгені белгілі. Онда есімдіктердің түрлері, 
шығу тарихы, синтаксистік ерекшеліктері сөз болады. Əрине 
есімдіктердің морфологиялық зерттелуімен бірге, тақырыптың 
соңында есімдіктердің синтаксистік қызметтері де аздап сөз бо-
лады. Шындап келген-де, ондай талдау барысында есімдіктердің 
синтаксистік ерекшеліктері толық ашылады деп айта алмаймыз. 


237
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Ондай еңбектерде есімдіктердің ішінде жіктеу, өз есімдіктерінің 
ғана синтаксистік ерекшеліктері сөз болады да, ал басқа топта-
рының синтаксистік ерекшеліктері онша елене бермейді. Есімдік-
тердің синтаксистік ерекшеліктері туралы арнайы еңбек жоқ. 
Бірақ М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі оқулығында» есімдіктердің 
есімдермен қабыса байланысы туралы арнайы жеке қарастыра 
келіп, есімдіктердің ішінде қабыса байланысуға қатысты топ-
тарының есімдермен тіркесу қабілеті, ондай кездегі мағыналық 
ерекшеліктері мен синтаксистік қатынастарын біраз сөз еткені 
айқын. Сөйтіп, есімдіктердің есімдермен де тіркесі арнайы сөз 
болғанымен, бұдан есімдіктердің басқа сөздермен тіркесу қабі-
летіндегі өзіндік қыры мен сыры түгел айқындалды деп айта ал-
маймыз. Егер зат есім, сын есім, сан есімдердің тіркесу қабілеті 
əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестерінде де жан-жақты қаралып
ал есімдіктердің тек есімді сөз тіркесінде қаралуы оның əлі де 
болса тіркесу мүмкіншіліктерін толық меңгермеуден туып отыр. 
Жалпы есімдіктер сөйлемде мол жұмсалады. Бастауыштың да, 
баяндауыштың да, т.б. сөйлем мүшелерінің жасалуында есімдік-
тер басты тұлға. Əсіресе бастауыш қызметінде жұмсалуға кел-
генде зат есімдерге қарағанда есімдік, оның ішінде жіктеу есім-
діктерінің қызметі ерекше. Бірақ біз бұл жерде есімдіктердің 
барлық сөйлем мүшелері қызметіндегі ерекшеліктерінен гөрі 
етістіктермен ғана қабыса байланысып, етістікті сөз тіркесін 
құрауы туралы сөз қозғамақпыз. Жалпы есімдіктер жай сөйлем 
синтаксисі, оның ішінде сұраулы сөйлемдердің жасалуында 
барлық еңбектерде айтылып келеді.
М. Балақаев сұраулы сөйлемнің жасалуында кім, не, қашан, 
қандай, кімді [57], О. Төлегенов не, кім, қашан, қай, қанша, неше, 
қайсы, қайдан, қалай сұрауларын көрсетеді [58].
Х. Арғынов
сұраулы сөйлемнің жасалуында сұрау есімдіктері қатысады деу-
мен шектеледі [59]. Н.Сауранбаев сұрау есімдігіне кім, не, қай-
сы, қандай, қалай, қанша, неше, нешеу, қайданы жатқызса
[60], 
Ə. Төлеуов сұрау есімдіктеріне кім, не, негізгі есімдіктермен бір-
ге қайсы, қайда, қалай, қандай, неше, нешеу, нешінші сұрау есім-
діктерінің қатысуы арқылы жасалады дейді [61].
Сұрау есімдіктерінің сұраулы сөйлемді жасаудағы ерекше-
лігінен мынаны аңғаруға болады. Қандай, қай, неше есімдіктері 


238
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қанша бала, неше оқушы, қай кітап тəрізді сөз тіркестерін құ-
рауға бейім болса, қайда, қайдан есімдіктері тек етістіктермен 
меңгеріле байланысады. Ал қанша, қалай, қашан сұрау есімдік-
тері тек қана етістіктермен тіркесте жұмсалып барып, сұраулы 
сөйлем жасалады. Жай сөйлем синтаксисінде қолдануға бейім 
сұрау есімдіктерінің ондай ерекшеліктері сөз тіркесі ыңғайында 
да арнайы қаралуға тиіс. Өйткені М. Балақаев, сұрау есімдікте-
рінің есімдермен тіркесі туралы айтса, сол сұрау есімдіктерінің 
етістіктің алдында да келіп, əрі меңгеріле, əрі қабыса байланы-
сатынын арнайы қарастырмайды. Сонда есімдермен тіркесуге 
қабілетті есімдіктер, зерттей келгенімізде, етістіктермен де тір-
кесе алады деген қорытындыға келеміз. Бұл туралы кейбір мəлі-
метті біздің «Есім пысықтауыш» деген еңбегімізден қараңыз [62].
Етістіктермен қабыса байланысатын есімдіктерге мыналар 
жатады:
- жалпылау есімдігі: түгел, əлденеше, əлдеқалай;
- сұрау есімдігі: қанша, қашан, қалай;
- белгісіздік есімдігі: əрқалай, əлдеқашан, əлденеше;
- болымсыздық есімдігі: ешқашан, ешқандай.
Бұл есімдіктер таза күйінде орын тəртібі арқылы етістіктер-
мен тіркесе алады. Бірақ кез келген есімдік кез келген етістікпен 
тіркесе береді дегеннен аулақпыз. Енді əрбір есімдіктің етістік-
термен тіркесін жеке-жеке көрсетейік:
Амандасты
сөйледі
келіп кетті
қайталады
əлдеқалай
хабарласты
əлденеше
барып қайтты
жүріп кетті
айтып берді
келді
көрді
кетті
алды
түгел
хабарлады
үйренді
жиналды
сөйлесті
қатысты
оқыды
пісті
жазды
естілмеді
көрмеді
келмеді
ұстатпады


239
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ешқашан
жетпеді
ешқандай
сынбады
отырмады
ұялмады
айтпады
сөйлесмеді
түсірілмеді
ойламады
əлдеқалай
кінəлады
əлдеқашан
орналасты
ұрды
бітті
жинады
кетіп қалды
əлдеқашан
орындалды
əлденеше
қайталады
естілді
келіп кетті
Бұған қарағанда есімдіктер есімдермен қаншалықты тіркеседі 
делінгенмен, олар тек мағынасы жағынан үйлесімді етістіктермен 
тіркесіп қана жұмсалады. Сонымен, есімдіктер – етістікпен 
тіркесе алатын сөз табы. Есімдіктер етістікпен əрі қабыса, əрі 
меңгеріле байланысады. Есімдіктер етістіктермен тіркескенде 
екі түрлі жағдайда кездеседі: біріншіден, таза атау тұлғада жəне 
түрлі көмекші сөздер арқылы етістіктермен тіркеседі. Мысалы: 
Ол бұл ауылды бар əңгімеге түгел қандырды (М.Əуезов). Есеней 
тобы аңырап қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айы-
бы деп қалай алып қалар? (Ғ. Мүсірепов). Басқалар қандай қуанса, 
ел де сондай қуанған еді (Ə. Əбішев). Төлекбайдың Назгүл дейтін 
қызының қалыңмалын əлдеқашан төлеп қойған (Ə. Əбішев). Міне, 
осы рейд ауданда қалай өткізілуде? («Лениншіл жас»). – Жесеңші, 
Абай. Алмадың ғой, – деп əлденеше қозғап көріп еді, Абай жей 
алған жоқ (М. Əуезов). Жап-жас жігітті танып-біліп болмай, 
ұрда-жық, сотқар деп қалай айтарсың (Ғ. Мүсірепов). Сен бізді 
қашанғы сарғайтпақсың (Ə. Сəрсенбаев).
Есімдіктер осы сияқты таза түріндегі тіркесуімен бірге түрлі 
көмекші сөздер арқылы да етістіктермен қабыса байланысы 
жиі кездеседі. Ондай көмекші сөздерге қосарлы сан есімдер, 
көмекші етістік, модаль сөздер жатады. Ондай көмекші сөздер өзі 
қатысты есімдіктермен түйдекті тіркес құрай келіп, пысықтауыш 
қызметінде жұмсалады. а) Есімдіктердің түрлі қосарлы сөздер 
арқылы етістікпен тіркесі. Ондай қосарлы сөздерге рет, есе, 
дүркін, мəрте тағы да басқа сөздер жатады. Асықпа. Əлде 
əлденеше рет тоярсың. Бар аттарыңды доғар (С. Көбеев). Ел екі 
жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйемін 


240
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
десе соған жақ болып, сүйеніп бұрынғыдан ұрлығын əлденеше рет 
асырды (А. Құнанбаев). Рақымжанға əлденеше қайтара айтқан 
(С. Шəріпов). Ол бірнеше мəрте басылып шығып, студенттер-
ге жоба сілтеуде аз-кем қызмет атқарып келеді (З. Қабдолов). 
ə) Есімдіктерге кейде көмекші де, бол, етістіктері мен бойы кө-
мекші есімі тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: Жаңағы 
əн Көркембаланың өз əні боп, даусыз сол ғана боп танылады 
(М. Əуезов). Бірақ анау деп, мынау деп шуылдап қашып, алименттің 
ырым-жырымын шығарып, жөнді əлі бермей жүр («Қазақстан 
əйелдері»). Сол бойы өзенге тарттым (С. Жиренов). Сонымен, 
есімдіктерді зат есім сияқты септелетін сөз табы десек, бұл оның 
етістіктермен меңгеріле байланысатындығын көрсетсе керек. 
Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысы өз алдына арнайы 
зерттеуді қажет ететін үлкен бір сала болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет