223
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
есімді, етістікті жəне үстеулі деп бөлсе [37, 32], Шведова Н.Ю.,
Белошапкова В.А. етістікті, субстантивті объективті жəне үстеу-
лі [38, 66], ал Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю. есімді, етістікті,
есімдікті үстеулі жəне категория состояния деп 5-ке бөліп бе-
реді [39, 43-44]. Шведова Н.Ю. соңғы кезде сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарына компаратив форма деген бесінші түрді де
ұсынады [40, 79]. Міне, бұл классификацияларға қарағанда, орыс
тілінде сөз тіркесінің
басыңқы сыңарының есімді, етістікті, үс-
теулі, субстантивті, объективті,
есімдікті, категория состояние,
компаратив сияқты бірнеше атауларын көруге болады. Түрколо-
гияда да сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай былайша
топтау бар.
1. Н.К. Дмитриев, А. Əбілқаев сөз тіркестерінің басыңқы сы-
ңарларын тіпті елемейді. Олардың еңбектерінде ол туралы сөз де
болмайды [41].
2. Е.И. Убрятова, А.Н. Кононов, Н.А.
Баскаков, К. Бердімұ-
ратов, Ə. Нұрмаханова, Р. Əміров, Е. Дəуенов, т.б. тек есімді, етіс-
тікті сөз тіркестері деп бөлсе [42], ал проф. М. Балақаев есімді
етістікті басыңқы сыңарларының тек бір байланысу формасының
негізінде ортақ басыңқы сыңарды, ал А. Жапаров оған комплекс-
ные формы дегенді қосса [43, 19], К. Аханов, М. Серғалиев үс-
теулі сөз тіркесі деген басыңқы сыңарды да енгізген [44]. Міне,
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай түркология мен
қазақ тіл білімінде есімді, етістікті, үстеулі, ортақ басыңқы жəне
комплексті форма деген түрлерін кездестіреміз. Бұған қарағанда,
орыс тілі немесе түркологиялық əдебиеттерде сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарын топтауда сөз
табы жағынан қарастырғанмен,
оларға қатысты сөз таптары мен олардың қолданылу аясы жа-
ғынан бірізділік жоқ.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларымен қатар оның ба-
сыңқы сыңарының қызметі ерекше. Өйткені сөз тіркестері не-
гізінде толық мағыналы
екі сөзден құралатын болса, соның бірі
бағыныңқы, ал екіншісі басыңқы қызметте жұмсалатыны айқын.
Əрине бағыныңқы сыңарлардың байланысу формаларын айтқан-
да арнайы сөз ететініміз белгілі. Ал сөз тіркесінің басыңқы
сыңары туралы жоғарыда айтылған орыс тілі немесе түрколо-
гиялық пікірлерді көрсетуге болады.