І. Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестері.Ортақ қабы-
са байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде:
а) Зат есім + көмекші етістіктер;
ə) Сын есім + көмекші етістіктер;
б) Есімдік + көмекші етістіктер;
в) Сан есім + көмекші етістіктерден болады.
І. Сөз тіркестерінің ортақ қабыса байланысқан сыңар- лары төмендегіше болып келеді. 1. Сын есім – ортақ басыңқы. Көрікті десең – көрікті, бі-
лімді десең – білімді жігіт еді (Ш. Айтматов). Биік көк дарба-
залы еңселі үй еді (Ш. Жандарбекова). – Шырағым, кінəлама, ел
сыйлайтын, бірімізге баламыздай, басқамызға ініміздей талап- ты азамат едің («Жұлдыз»). Осы сөйлемдердегі білімді, еңселі, талапты сияқты сын есімдер жігіт еді, үй еді, азамат едің деген ортақ басыңқы сөздермен қабыса байланысып тұр.
2. Есімдік – ортақ басыңқы. Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді. Жер жастанғыр, балалары қандай сотқар еді (Ғ. Мү-
сірепов). Көріңдерші, тышқан қандай алапат еді (Үнді ертегі-
лері). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, келуі де оңай емес (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі қандай сұрау есімдіктері
жаман еді, сотқар еді, алапат еді, қиын болса деген ортақ басың-
қы сөздермен қабыса байланысып тұр.
– Біздің генерал-губернатордың мəжіліс залы осыдан қанша үлкен екен? (Ғ. Мүсірепов). Соны көріп отырып, мен қалайша жаман болайын («Қазақ əдебиеті»). Осы сөйлемдерді қанша, қалайша сұрау есімдіктері үлкен екен, жаман болайын деген ортақ
басыңқы сөздермен қабыса байланысқан.
3. Есімше – ортақ басыңқы. Нагульновтың жоқ жерден пай-
да бола кетуі – көпшілік үшін күтпеген оқиға еді (М. Шолохов).
Ол да мен сияқты жалғызсыраған жетім еді (Ə. Əлімжанов).
Тасығандары өзі өскен шөп емес,қолдан еккен жоңышқа,
бидайық, мысық құйрық (Ғ. Мүсірепов). – Е, қайдан білейін, мен
қолыма кітап ұстап көрген адам емеспін («Қазақ əдебиеті»). Кей-
де бағыныңқы сыңары есімшелі топ болып келгенде, яғни кейде
228
Сөз тіркесі мен жай сөйлем қазақ қызында болмайтын, өзі өскен, кітап ұстап көрген сияқты
есімшелі топтар да ортақ қабысудың бағыныңқы сыңары болып
келе береді.