232
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
лаулар ғана тіркесіп қоймайды, қазіргі
кезде негізгі сөздермен
бірлікте көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздер де
жұмсала береді. Бұған қарағанда, жалпы, барыс, табыс, жатыс,
шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер мен шылау, көмекші есім,
көмекші етістік жəне модаль сөздердің де тіркесіп (септеліп кел-
генде), тек меңгеру аясында қалдыру жанасудың жасалуындағы
мəселені оңайлатады. Жалпы жанасудың жасалу жолын меңге-
рудің жасалу жолымен шатастырмау керек.
Негізгі мəселе қабысу мен жанасудың
өзіндік жасалу жол-
дарын, олардың əрқайсысына тəн көрсеткіштерін айқындау.
Осы күнге дейінгі əдебиеттерде қабыса байланысатын сөздердің
орны тұрақты, яғни анықтауыш пен анықталатын, пысықтауыш
пен пысықталатын сөздер арасына сөз салмай ғана тіркесуі ке-
рек деген пікір басым. Ал жанасу
тек пысықтауыш пен пысық-
талатын мүшелердің алшақ, іргелес тұрып та немесе кейбір
пысықтауыштардың орын тəртібі арқылы байланысады деген
тұжырымдар беріліп келеді. Сөйлемде бір-бірімен қабыса бай-
ланысатын сөздер мол. Олардың конструкциясы жан-жақты.
Қабысу есімді, етістікті деп бөлінеді де, есімді қабысудың бірін-
ші сыңарлары зат есім,
сын есім, сан есім, есімдік, есімше жəне
үстеу, ал етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағы-
ныңқы сыңарлары үстеу, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік,
еліктеуіш сөз жəне зат есім делінеді. Бұлардың ішінде жанасу мен
қабысудың арасындағы араласып жүрген сөз таптары, біріншіден,
үстеу
мен көсемше, екіншіден, негізгі сөздерге түрлі көмекші
сөздердің түйдектеліп жұмсалуы.
Үстеу мен көсемше өзі қатысты сөздермен алшақ жəне ірге-
лес тұрып та байланыса береді. Бірақ ол сөз таптарының етіс-
тіктермен іргелес байланысуын қабысуға жатқызады да, ал олар-
дың алшақ түрін жанасуға жатқызып, бір нəрсенің өзін
жақсы
Достарыңызбен бөлісу: