Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет115/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

оқушы жақсы оқиды дегендегі бірінші «жақсыны» сын есім, 
өйткені есімнің алдында тұр, екінші «жақсыны» үстеу, өйткені 
етістікке қатысты жұмсалған деген пікірден ешбір айырмашы-
лығы жоқ. Сондықтан алшақ немесе іргелес тұрғанымен, ол сөз 
таптарының да етістікпен тіркескендіктен қабысуға жатқызу 
қолайлы деп білеміз. Бірақ үстеулердің септік жалғауларда ке-
луін меңгеруге жатқызу керек. Мысалы:


233
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, ертеңінде де 
түсіне алмай кетті (М. Əуезов). Құлаш мойын қызыл нар таңер-
теңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ. Мұстафин).
Екіншіден, етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне түр-
лі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бағыныңқы 
сыңарларды жанасуға жатқызады да, жанасудың басыңқы сыңары 
тек етістік болады деп түсіндіреді.
Шынында, ғылыми еңбектегі қабысуға жатқызылатын тіл-
дік категориялар меңгеру (тек септік жалғаулы сөз жəне септік 
жалғаулы сөзге көмекші сөздердің тіркесі) мен матасуға (ілік 
жалғаулы мен тəуелдік жалғаулы сөздер) қарағанда көп. 
Қабысудың бағыныңқы сыңары ретінде қатыспайтын сөз табы 
жоқ деуге де болады. Үшіншіден, қабыса байланысатын сөздерге 
көмекші сөздер нумеративті сөздер, дербес мағынасы бірде бар, 
бірде жоқ сөздер, мезгіл зат есімдері, қосарлы сан есім сөздер де 
мол қатысады. Оның үстіне, меңгеруге қатысты кейбір фактілер 
осы мəселемен араласып беріліп жүргендігі де айқын. Осы 
сияқты аумағы мол фактілерді бір ғана қабыса байланысқан сөз 
тіркестерінің көлемінде ғана қарастыру практикалық та, теория-
лық та жағынан келмейді.
Қазақ тіл білімінде 1939 жылға дейін пысықтауышты арнайы 
сөйлем мүшесі ретінде қарастыру мəселесі төңірегінде түрлі 
талас пікір болғандығына қарамастан, пысықтауыш дербес сөй-
лем мүшесі ретінде алынып, оның жасалу жолдары жан-жақты 
қарастырылады. Осы іспеттес басқа түркі тілдерінде болмаға-
нымен, қазақ тіл білімі үшін мектеп, жоғары оқу орындарының 
студенттеріне, тіпті оқытушылар үшін де түсінікті болу үшін 
мектепте де, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда да 
қабысудан жанасуды арнайы түрде бөліп көрсетіп, оның өзіндік 
жасалу жолдарын айқындап беруге тиіспіз. Ол үшін қабысу мен 
жанасудың жасалу жолындағы айырмашылықтарды негізгі сөз 
таптары жəне негізгі сөз таптары мен көмекші топты сөздердің 
төңірегінен айқындау керек.
Сонымен, осы күнгі мектеп грамматикаларындағы үйге дейін 
сияқты негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдекті түрін меңге-
руде қалдырып, ол қабысудағы бірде алшақ, бірде іргелес тұратын 
сөз таптарының (үстеу мен көсемше) тұлғалық ерекшеліктерін 
негізге ала келіп қабысуға жатқызу орынды.


234
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сонда меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес 
жалғаулы сөздер жəне ол сөздермен түйдектеліп келетін көмекші 
сөздердің тіркесі жатса, ал қабысуға іргелес те жəне алшақ тұрып 
та жұмсалатын етістікті сөз тіркестері ғана қатысты деп білеміз. 
Жанаса байланысу формалары үшін ең негізгі критерий – 
негізгі сөздерге көмекші сөздердің тіркесі құрамының аясындағы 
тұлғалық ерекшеліктері. Сонымен негізгі сөз бен септік жалғау-
сыз көмекші сөздердің түйдекті түрлері жəне көнеленген септік 
жалғаулы сөздердің етістікпен де тіркесін жанасу дейміз. Жа-
насудың жасалу жолдары мына төмендегіше:
1. Негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістіктердің 
дара, күрделі етістікпен тіркесі арқылы. Мысалы: Қатені келе-
шекте қайталамайтын боп түсіндіру керек (З. Шашкин). Жұ-
манды сөзге тартып, үй ішінің көңілін аулайын деп, Байжан қал-
жыңдай сөйледі (Ғ.Мүсірепов). Қорықтан күн шыға атқа мінейік 
деп асыққан-ды (М.Əуезов). Дəл ортада маржандай ақ тары тө-
бе-төбе боп үюлі тұр (Ғ. Мұстафин).
2. Негізгі сөз бен шылау сөздердің дара, күрделі етістікпен 
тіркесі арқылы.
– Хамза, өтінішім болсын, айтшы, сендер тауда болдыңдар 
ма? – деп сұрады.
– Болдық, оны не үшін сұрадың (З. Шашкин). Қыстауға қон-
ғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана 
əкесімен оңаша қалады (М. Əуезов). Ендеше Қатпа үшін бұл да 
қолайлы (О. Омаров). Қазір радио арқылы орталықпен сөйлес-
пек (З. Шашкин). Бурабай, Қырау арқылы Омбыға алып баратын 
екі ақ боз ат есік алдында көп тұрды (С. Мұқанов). Өзен сайын 
электр станциясы салынған («Соц. Қазақстан»). Ол шетке кеткен 
соң туғандар екен (М. Əуезов).
3. Негізгі сөз бен модаль сөздердің дара, күрделі етістікпен 
тіркесі арқылы:
Құнанбай естімеген сияқты отыра берді (М. Əуезов). Бұрын 
көрген дос, таныс тəрізді жаныңды билеп əкетеді (З. Шашкин).
4. Түрлі сөз таптарына, мезгілге, өлшемге байланысты сөздер-
дің қосақталып жұмсалып етістікпен тіркесі арқылы: Екі күн 
өткен соң ауыл Көлқайнардан шығысқа қарай көшті (М. Əуе-
зов). Бүгіннің өзінде ғана газикпен жүз отыз шақырымдай жүр-


235
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дік (Ə. Əлімжанов). Мен осы арада отыз бес минут отырдым
Ақа (Ғ. Мұстафин). Бұл екеуінің елі жақын, 30–40 шақырым ғана 
жүреді (С. Сейфуллин).
5. Негізгі сөздерге жолы, бойы, т.б. толық мағынасы жоқ 
сөздердің қосақталуы арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі. 
Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады (В. Ка-
таев). Абай бірталай сөздерін адвокат жазып берген арызы бой-
ынша айтты (М. Əуезов). Кеше кеш бойы Оспан отауында Мұ-
хаметжан Абай сөздерін əрі оқып, əрі жырлап берген (М. Əуезов). 
Түні бойы ұйықтамаған да болу керек (А. Бек).
6. Негізгі сөздерге елі, кез, т.б. сөздерінің қосақталуы арқы-
лы дара, күрделі етістікпен тіркесі. Жұмыстан келгесін атасы-
ның қасынан бір елі кетпеді (Ə. Нұрпейісов). Бір кез тіпті 
баяғы балалық шағын аңсап, ынты-шынтымен еркелегісі кеп тұра-
ды (Ə. Нұрпейісов).
7. Түрлі сөз таптарына есе, рет, мəртебе, қайтара қосарлы 
сан есімдерінің тіркесі арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі. 
Өткен көктемнің басында Гүлсара бірінші рет Москвада бол-
ды (Ə. Əлімжанов). Бекіністі қайтадан алу үшін немістер екі рет 
шабуыл жасады (Ғ. Мүсірепов). Жұмыс аумағы үш есе ұлғай-
ды (Ғ. Мұстафин).
8. Көнеленген септік жалғаулы үстеулердің етістікпен тірке-
сі. Əлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин).
9. Негізгі сөздерге көнеленген септік жалғаулы кез, шақ, ша-
малы сөздерінің қосақталып, дара жəне күрделі етістікпен тіркесі. 
Қарағандының дөңесіне түскен жалғыз елеулі белгі ашық шах-
та «қара жыра» атанып кетіп еді (Ғ. Мүсірепов). Екі-үш күн 
шамасында қатқан көкше мұзды сықырлатып қатар басып ке-
леді (Ə. Нұршайықов). Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге 
туысқан аға, інідей көрініп қалады (М. Əуезов). Түндегі түнерген 
бұлттан сол кезде сіркіреп жауын жауа бастады (С. Мұқанов).
10. Көнеленген септік жалғаулы фразеологиялық тіркестер-
дің басқа сөздермен тіркесі арқылы: бас аманда, берсе қолынан, 
бермесе жолынан, бет-аузы шімірікпестен, бесіктен белі шығы-
сымен. Мысалы: Əзірет-əлінің көлеңкесінде аман-есенбіз (А. Тоқ-
мағамбетов). Еламан бір кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айы-
рылды (Ə. Нұрпейісов). Шынында, көмекші сөзді басыңқы сыңар-


236
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
лар тек етістікті сөз тіркестерінде ғана бола ма? Ондай конструк-
циялар есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерінде де ұшыра-
май ма? Мысалы: Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы 
жер ортасы адам (Б. Майлин). Өйткені бұл əуелі соғыс пен бей-
бітшілік туралы дау ғой (Ə. Əлімжанов). Жаңа қалада, жаңа 
бақшаның ығында, үш қабат үй тұр (Ғ. Мұстафин). Күншығыс 
жақтағы өзеннің бойындағы төмпешіктен бір қылаң атты шыға 
келді (С. Сейфуллин). Əдетте, байлар киіз үйдің басқұр, желбау, 
таңғыш сияқты бауларын кілем түсті қып тоқытады (С. Мұқа-
нов). Азықтар, көрпе-жастықтар əлденеше қабат жазғы киімдер 
болсын, барлығы да күймеге түгел салынып болған-ды (М. Əуе-
зов). Осы сөйлемдерде мынадай көмекші сөзді сөз тіркестері бар:
1. отыз-қырықтар шамасындағы адам.
2. соғыс пен бейбітшілік туралы дау.
3. күншығыс жақтағы өзен.
4. Еген өзенінің бойындағы төмпешік.
5. басқұр, желбау, таңғыш сияқты баулар.
6. үш қабат үй.
7. əлденеше қабат киімдер.
Міне, осы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы 
сыңарларымен тікелей тіркеспейді. Көмекші дəнекерлер арқылы 
тіркесі де қай байланысу формасына тəн екендігі белгісіз. Біз-
діңше, бұларды есімді қабыса байланысқан сөз тіркестеріне жат-
қызу орынды. Сонымен, жанасу тек көмекші сөздер арқылы жа-
салып, тек дара жəне күрделі етістікті сөз тіркестерінде ғана 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет