Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет144/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөз тіркесі мен жай сөйлем
бірдеңелер біздің жанымызға тақау жерде-ақ қарға сіңіп жатты 
(Ə. Нұршайықов). Келтірілген мысалдарда курсивпен жазылған 
тіркестер шылаулардың қатысуы арқылы жасалған. Мұндай 
топтағы сөздерді шылаулы есімді тіркестер деуге болады. Олар 
сол түйдегімен сөз тіркесінің бір күрделі сыңары қызметінде 
меңгеріле байланысады. Бұл сөйлемдердегі курсивпен жазылған 
сөз тіркестерінде негізгі сыңар сөздер мен шылаулар жұмсалған. 
Сонымен, шылаулы меңгеруде бағыныңқы сыңардың негізгі 
сөздері есімдер мен үстеу болып келеді. Əсіресе ондай кезде 
басқа сөз таптарына қарағанда шылаулармен сан есімдер көбірек 
қолданылады. Əзірше есімді меңгеруде жұмсалатын шылаулар 
жуық, астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Ондай шылаулар 
барыс септігін меңгеретін (жуық, таяу, тарта, тақау), шығыс 
септігін меңгеретін (астам, аса, артық) болып бөлінеді. Зат есім-
ді меңгеруге жоғарыдағы шылаулардың барлығы бірдей қатысса, 
басқа есімдерге көбіне гөрі, артық шылаулары қатысты болады. 
Шылаулы сан есімнің меңгерілуі тілімізде бұрыннан бар, ал басқа 
есімді шылаулы меңгерулер кейінгі кездің жемісі деу орынды.
Есімді меңгеру құрамында шылаулар сияқты көмекші есім, 
көмекші етістіктер де жұмсала береді. Əдетте көмекші есімді 
сөздер тек етістікке ғана қатысты десек, енді ондай сөздер есімді 
де сөз тіркесін құрауға негіз бола алады. Мысалы, Құйқалы құм 
жаз бойына елсіз («Жұлдыз»). Комбинат кеңсесінің алдындағы 
жарнама ілетін тақтайдың қасында ығы-жығы халық («Жұл-
дыз»). Бұл сөйлемдердегі жаз бойына елсіз, тақтайдың қасында 
халық сияқты сөз тіркестерінің аралық дəнекерлері бойы, қасы 
сияқты көмекші есімдер болады да, олар елсіз, халық сияқты зат 
есім, сын есімдермен меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін 
құрайды.
Бетіңнен іс етуге ақылың кем,
Бой өсіп, жас жетсе де білмейсің жөн.
Мал, басың ағайынның талауында
Алдамшы осы емес пе дүние деген?
Осындағы іс етуге зат есімі е көмекші етістігінің барыс 
септігінде келуі арқылы ақылың кем сөздерімен есімді сөз тіркесі 
жасалған. Мұндай фактілер əсіресе ырғаққа құрылған қалыптас-
қан тіркестер құрамында да көп кездеседі.


295
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Үй үстінде шыбық, т.б.
Мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары ретінде кө-
біне есімдер мен үстеу жəне етістік жұмсалады. Кейде ондай есім-
ді меңгеруде шақ, жақ, кез сөздері де жұмсала береді. Бақдəулет 
Байсеркенов ішкен кезінде бауырмалҚазіргі шақта жүргіншілер 
сирек («Жұлдыз»).
Осы сияқты фактілер қазіргі кезде тілімізде едəуір бар болса 
да, қазақ тіл білімінде арнайы зерттеудің объектісі болған емес. 
Сонымен, есімді меңгеруді жасауда тек шылаулар ғана қатысып 
қоймай, көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер де қатыса 
алады. Бұдан шығатын қорытынды, есімді, оның ішінде көмекші 
есімді меңгеру де тілімізде қалыптаса бастады. Енді шылаулы есім 
меңгеру туралы ғана айтып қоймай, бүкіл көмекші сөзді есімді сөз 
тіркестерін жан-жақты зерттеу қажеттігі пайда болды. Əрине ол 
көмекші сөздердің барлығының рөлі іштей алғанда бірдей емес. 
Мұндай сөз тіркесінде көбіне шылау мен көмекші есімдер мол 
қолданылса, басқалары сиректеу.
Жалпы есімді меңгерудің басыңқы сыңары туралы зерттеу-
шілер көбіне сын есім, сан есім, есімдіктерді ғана атаумен шек-
телсе, шылаулы есімді сөздерді меңгеретін сөздер саны, құрылымы, 
сөз табына қатысы жағынан да оларға қарағанда аумағы кең. 
Проф. М. Томанов ондай сөз тіркестеріне зат есімнің, көбіне ке-
ңістікті ғана білдіретін зат есімдері қатысты десе [106, 14], есімді 
шылаулы меңгеруде барлық зат есімдер қатыса береді. Тіпті, кей-
де септеліп келген шылау сөздер де ондай кезде басыңқы қызмет-
те жұмсала алады. Сол сияқты басқа да сөз таптары да мол жұм-
салады.
Жалпы ондай шылаулы сөз тіркестерінің синтаксистік қыз-
метін де нақтылаған жөн. Əдетте меңгеріле байланысқан үйге 
дейін барды, орманға шейін жеттік, кітапқа құмар еді дегендегі 
бағыныңқы сыңарлары əрі толықтауыштық, əрі пысықтауыштық 
қызметте жұмсалатын. Сондықтан да ондай тұлғалы тіркестерді 
не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитынбыз. Енді жо-
ғарыдағы фактілерді алсақ, есімді шылаулы меңгерудің синтак-
систік қызметіне ол принцип келе бермейді. Ондай түйдекті тір-
кесті сөздерге меңгеріле байланысқан тұлғаға қойылатын қайда? 


296
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
неде? кімде? сұрауларын қоя алмаймыз. Олар шылаулы тұлғада 
меңгеріле байланысқанымен, қанша? деген сұрауға ғана жауап 
береді. Тек осы ерекшелігіне қарап та, ондай шылаулы меңгеруді 
анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі деп қарап таныған 
дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет