Талғат сайрамбаев


 Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы



Pdf көрінісі
бет145/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   332
10. Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы
Сөз тіркестерінің негізгі құрылымдық аясын дамытуда сөз 
таптарының қызметі ерекше. Сөз таптарының бір-бірімен тір-
кесінің негізінде сөз тіркестерінің байланысу формасы мен амал-
дары, синтаксистік қызметі мен түрлері айқындалады. Сөйтіп, сөз 
тіркесінің өзіне тəн синтаксистік ерекшеліктері сөз таптарының 
өзара тіркесі негізінде ғана жүзеге асса керек.
А.А. Реформатский сөз таптары туралы айта келіп былай дей-
ді: «Сөз таптары – грамматикалық (бірақ лексикалық немесе 
лексика-грамматикалық емес) категориялар, олардың құрамы мен 
орналасуы əрбір тілде басқаша болады жəне олар өздерінің 
лексикалық қасиетімен емес, морфологиялық жəне синтаксистік 
ерекшеліктерінің жиынтығымен жəне мүмкіндіктерімен айқын-
далады» [107, 324]. Бұл пікірге қарағанда, əрбір сөздің лексикалық 
мағынасы басты фактор болғанымен, негізгі мəселе етіп олардың 
грамматикалық, яғни белгілі сөйлем мүшесі жəне сөз тіркестері-
нің белгілі сыңары болу жағын баса көрсетіп отыр. Шындығында, 
синтаксис мəселесі сөз таптарынсыз өмір сүре алмаған да болар 
еді, алайда сөз таптарының лексикалық жағынан ғана объектіге 
алынуы, оларды жан-жақты қарастыруға мүмкіндігі де бар екен-
дігі айқын. Жалпы алғанда морфология мен синтаксис тығыз бай-
ланысты, бірін-бірі əртүрлі жағынан толықтыра келіп, үлкен жүйе 
құрайтыны белгілі.
Сөз тіркесін құрастыруда басты тұлға – сөз таптары. Сөз тір-
кесі сөз табы мен сөз табының грамматикалық байланыста болу 
негізінде қалыптасады. Осыдан барып сөз тіркесі негізінде сөз 
табы мен сөз табының тіркесі арқылы ғана жүзеге асады, сол 
арқылы жоғарыда айтылғандай, олардың өзара қарым-қатынасы 
пайда болады. Бірақ бұл жерде мынаны да ескерген жөн. Сөз 
тіркесі кез келген екі сөздің тіркесі ме? Олай болған жағдайда 


297
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дербес мағынасы бар сөз таптары мен дербес мағынасы жоқ сөз 
таптарының арақатынасы қалай деген сұрау туады.
Шындығында, сөз тіркестерінің əрбір сыңарын құрау үшін 
сөз таптарының дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы 
да бірдей қатыса береді. Қалайда сөз тіркестерінің əрбір сыңа-
рының құрамында ол екі топ сөздер де бола беруі мүмкін.
Бірақ дербес мағыналы сөз таптары мен дербес мағынасы жоқ 
сөздердің сөз тіркестерінің сыңарын құрау жағынан келгенде 
өзіндік айырмашылығы бар. Сөз тіркесі негізінде грамматикалық 
та, мағыналық жақтан да өзара қатысты тек толық мағыналы 
сөздерден құралуы керек. Сондықтан да сөз тіркесінің əрбір 
сыңары болуда лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы 
мен синтаксистік қызметі бар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 
етістік, үстеу, еліктеуіш сөздері сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, 
не басыңқы сыңарлары болуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мы-
салы, үстеу, еліктеуіш сөздер сөз тіркестерінің көбіне бағыныңқы 
сыңарында бірде басыңқы сыңарда да жұмсала береді. Əсіресе 
ондай кезде басыңқы сыңарда көбіне зат есім мен етістік ерекше 
қызмет атқарады.
Толық мағынасы жоқ сөздер де сөз тіркесін құрауға қатыса-
ды дейміз. Бірақ олардың сөз тіркесіне қатысы сатылы дəрежеде 
айқындалса керек. Өйткені көмекші сөздер сөз тіркесінің жеке 
бір сыңары қызметінде жұмсала алмайды, олар толық мағыналы 
сөзбен түйдекті түрде ғана сөз тіркесінің не бағыныңқы, не ба-
сыңқы сыңары ретінде қолданылады. Сөйтіп, көмекші сөздер сөз 
тіркестеріне тек басқа сөздердің құрамында келуі арқылы ғана 
қатыса алады.
Жоғарыда аталған жеті сөз табының негізінде, яғни олардың 
бірімен-бірінің өзара грамматикалық байланысының негізінде 
əртүрлі конструкциялы сөз тіркестері пайда болады. Осы кезде сөз 
таптарының сөз тіркесін құрауда өзара мағыналық байланысы да 
шешуші қызмет атқаруы тиіс.
Əрине, осы кезге дейінгі ғылыми əдебиеттерде негізінен сөз 
тіркестері сөз таптарының өзара тіркесі негізінде құралатынды-
ғын айта келіп, əсіресе қабыса байланысқан сөз тіркестерінде 
олардың сыңарлары туралы біраз сөз болады. Сөз тіркестерінің 
жасалуында мұндай ішкі ерекшеліктен гөрі алдымен олардың 


298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет