Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет158/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сөзін айқындайды. Қазіргі қазақ тіліндегі əрбір сөз табының өзі 
қатысты сөз таптарымен арнайы түрде сөз тіркесін құрауы бар 
да, сол сияқты кейде ауытқушылық та кездеседі.
Бір сөз табының екінші сөз табымен тіркесу қабілеті тілдегі 
калька арқылы басқа-басқа сөз таптарының тіркесімен берілу 
процесі де болып отырады. Қазақта күз мезгілін сипаттағанда 
өзіндік ерекшелігіне орай күз сөзіне байланысты қоңыр күз деп 
айтылу орнықты қалыптасқан. Ол тіркес – бүкіл қазақ даласының 
көрінісін дəл, айқын дəлелдейтіні ақиқат. Оған жерінің, 
табиғатының көрінісі айқын дəлел. Дегенмен осыншалықты 
қалыптасқан сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестерін 
алтын күз деп алуда екі түрлі өзгеріске ұшырағандығын айқын 
байқауға болады. Біріншіден, алтын сөзі қазақтың күз сөзімен 
тек калька арқылы ғана алынып отыр. Бірақ алтын күз қазақ 
даласының өн бойының қасиетін бере ала ма? Қазіргі баспасөз 
оның ол қасиетінің жалпылығына қарамай, тек кейбір аймақтағы 
жер көріністерімен ғана шектелетін сияқты. Сөйтіп, тілдегі 
əдемі табиғи қалыптасқан сөз тіркестері енді орыс тілінің аудар-
ма баламасымен беріліп, оның баспасөз беттерінде орын алуы 
көңілге қонымсыз. Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, бұрын күз 
сөзіне қатысты ондай тіркес сын есім мен зат есімнен құралған 
сөз тіркесі болса, енді калька арқылы ол тіркес зат есім мен зат 
есімнен құралған сөз тіркесіне ауысып отыр. Міне, осы сияқты 
құбылыстар тілде көптеп саналады.
Г.И. Акимова сөз тіркесі мен сөйлем типтеріне байланысты 
өзгерістер туралы: «выпускать продукцию в счет одиннадцатой 
пятилетки етістікті сөз тіркестері қазіргі кезде тілдік экономия-
ның белгісіне байланысты енді таза есімді сөз тіркесі қалпында, 
яғни продукция в счет 11-ой пятилетки»
[127, 20] болып айты-
луының қалыптасқанын көрсетеді.
Немесе бұрын Невский проспект, кинотеатр «Молодеж-
ный»
[127, 21]
осындағы Невский, молодежный сөздері прос-
пект, кинотеатр зат есімдерінің анықтауышы қызметінде 
жұмсалып, арнайы сөз тіркесі қалпында берілетін болса, қазіргі 
кезде олардың субстантивтеніп барып жəне «Молодежный», 
«Невский» деп қана дара сөз, яғни бұрын сөз тіркестері арқылы 
ғана берілетін екі, үш сөзді ондай номинативті тіркестер тек жеке 


326
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сөздермен бір-ақ сыңар ретінде берілуінде онша нұқсан келе 
қоймағандығын көруге болады.
Сол сияқты автор сөйлем көлеміндегі өзгерістерге, олардың 
типтерінде болып жүрген өзгерістерге тоқталған.
Орыс тілінің ғылыми жəне публицистикалық тілінде мына 
сияқты космонавт – четыре, гимнаст №1 сияқты фактілер көп-ақ.
Осы сияқты факт қазақ тіл білімінде орын алып отырғаны 
белгілі. Əдетте мұндай формалар қазақ тіліне тек орыс тілі ар-
қылы енеді. Бірақ мұндай факт орыс тілінің негізгі ерекшелігі 
болғанымен, қазақ тілінде де орын алып отыр.
Негізінде əрбір сөз тіркесі кемінде екі сөздің тіркесі арқылы 
жүзеге асуы керек. Сонда сөз тіркесі болуда бағыныңқы жəне 
басыңқы сыңары болуға міндетті. Ондай жағдай болмағанда сөз 
тіркесінің заңдылығы, біріншіден, бұзылады, екіншіден, өзара сөз 
тіркесі болудан қалады. Сол толық мағыналы екі сөздің негізінде 
сөз тіркесінің байланысу формаларының айқындалатыны белгілі. 
Сөз тіркесінің қабысу, меңгеру, матасу жəне қиысу байланысу 
формалары тек толық мағыналы сөздердің тіркесінің бағыныңқы 
не басыңқы сыңарларымен айқындалса керек. Сонымен, əрбір 
тілдің байланысу формаларын сөз еткенде, екі сөздің өзара тіркесі 
негізінде қалыптасатындығы еске алынуы шарт.
Тілдегі байланысу формалары сөз табы мен сөз табының 
тіркесінің негізінде жүзеге асады. Тілдегі сөз таптарының өзіндік 
табиғи ерекшеліктері əрбір байланысу формаларының қалыпта-
суына арнайы себеп те болады. Оның өзі əрбір сөз табының ішкі 
табиғи ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Зат есім мен есімдіктер 
(жіктеу есімдігі) септелуге, тəуелденуге, көптелуге бейім болуына 
байланысты көбіне қиыса, меңгеріле жəне матаса байланысқан сөз 
тіркестерін, ал сын есім, сан есім, кейбір есімдіктер мен есімшелер, 
үстеулер қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрауда басты фак-
тор болады.
Міне, осы сияқты сөз таптарындағы ерекшеліктерге сəйкес 
байланысу формаларының ішкі түрлері айқындалса керек. Бірақ 
тілдегі мұндай заңдылық үнемі сақтала бермейтіні де айқын. Бұл 
сияқты сөз табындағы ерекшеліктер үнемі сол қалпында ғана 
жұмсалып қоймай, сөйлеу, жазу мəдениетіміздің артуына сəйкес 
олар кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге де ұшырап отыра-


327
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тындары белгілі. Əсіресе мұндай құбылыс көбіне нөлдік формада 
жұмсалатын сөз таптарында көп кездессе керек. Сын есім, сан есім, 
есімше, үстеу, есімдіктер көбіне қабыса байланысқанымен, кейде 
тілде табиғи қалыптасқан сөз тіркестерінің байланысу формала-
ры өзіндік өзгерістерге ұшырап та отырады. Сөйлемдегі өзіндік 
ықшамдалу процесінің өзі сөз тіркестерінің ішкі ерекшеліктеріне 
де тікелей əсері айқын байқалады. Сонда сөйлемде, кейде айты-
лу мен жазылуда «басы артық» сыңарлардың түсірілуіне бай-
ланысты жаңа синтаксистік конструкциялардың қалыптасуына 
əкеп соғады.
1. Ол менің сол жақ бетімнен сүйді. Мен оң жақ бетінен. 
Содан соң «осы жетпей ме?» дегендей, сəл ойланып алып, оң 
бетімнен сүйді. Мен сол бетінен («Жұлдыз»). 2. Əр нəрсені өз 
кезінде ойлану керек. Қысты – қыстыгүні, жазды – жаздыгүні 
(Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемдегі сүйді баяндауышы өз баста-
уышымен қиыса байланысқан сөз тіркесін құрауы сөйлемдегі 
негізгі заңдылық. Барлық сөйлемде тұрлаулы мүшелердің бірі 
болып, екіншісі болмағанымен, баяндауышының жақтық, сандық 
тұлғасынан бəрібір бастауышты тауып алуға болады. Ал енді 
сол сөйлемдердің «мен оң жақ бетінен», «мен сол жақ бетінен» 
дейтін екінші бөліктері де сөйлем. Бірақ олар өзара сөйлемдік 
дəрежеде болғанымен, алдыңғы сөйлемдердегі сияқты сүйді баян-
дауыштары айтылмай да қолданылып жүр. Осы сөйлемдердегі 
баяндауыштар түсіріліп айтылғанымен, алдыңғы сөйлемдегі 
баяндауыштардың дəл осы жерде қатысты екендігі жалпы 
сөйлемнің мазмұнынан белгілі болып отыр. Əрине, бұлайша 
баяндауыштардың түсірілуі арқылы жасалған сөйлемдер көбіне 
сол сөйлемді аяқтайтын формаларға да байланысты болуы керек. 
Негізінде септік жалғаулы сөздердің ішінде сөйлемнің соңында 
шығыс жалғауы динамикалық процесті білдіретіндер ғана қа-
бысса керек. Сонда бірінші сөйлемде сөйлемді етістік баяндауы-
шы ғана аяқтап тұрса, екінші сөйлемде сөйлемді шығыс жалғаулы 
сөздер аяқтап тұрғандығы айқын.
Əрине, етістік баяндауыш пен жатыс жалғаулы сөздердің 
баяндауыш болуында немесе сөйлемді тиянақтауында кейбір ма-
ғыналық та ерешелік жоқ емес. Бұл екі сөйлем де сөйлем. 
Бірақ біріншісі етістікті де, екіншісі есімді. Сонда сөйлемнің 


328
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
баяндауышының түсіріліп, оның орнына сол сөйлемде не 
пысықтауыш, не толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер енді 
сол қызметінен алшақтап, сөйлемнің соңына ауысуына сəйкес 
сөйлемдерде өзіндік ықшамдалу процесі пайда болып отыр. Мұ-
ның өзі етістікті сөйлемдерді есімді сөйлемдерге əкеліп соқтырса 
ауыстырады жəне сол сөйлемдегі сөз тіркестеріне де өзіндік əсері 
барлығы айқын. Егер бірінші сөйлемді мынадай сөз тіркестеріне:
ол сүйді –
бетінен сүйді –
сол жақ бет –
менің бетім – деп талдасақ, ал екінші сөйлемде мен оң беті-
нен – сияқты қиыса байланысқан сөз тіркесі ғана бар. Соны-
мен, кейінгі сөйлем мен алдыңғы сөйлем арасында, біріншіден, 
ықшамдалу процесі жағынан, екіншіден, бірінші жай сөйлемдегі 
бетімнен сүйді меңгеріле байланысқан сөз тіркесі, екінші сөй-
лемде сүйді сөзінің түсіп қалуына байланысты бұрынғы байланы-
су формасының басқа байланысу формасына ауысу процесі болып 
отыр. Екінші сөзбен айтқанда, арнайы бір сөз тіркесін құрайтын 
сөздердің бір сыңарының түсіп қалуынан екінші бір байланысу 
формасы пайда болып отыр.
Міне, осы сияқты құбылыстардың сөз тіркесі, сөйлем мүше-
лері синтаксисіне əртүрлі əсерлері бары айқын. Бірақ синтак-
систегі мұндай өзгерістер қазақ тілі ғалымдарының арнайы зерт-
теу объектілері болмай отыр.
Синтаксистегі тілдік экономияның өзін үлкен екі топқа бөліп 
қарастырып отырмыз.
1. Бір байланысу формасының екінші байланысу формасына 
ауысуы.
2. Бір сөйлем мүшесінің екінші сөйлем мүшесіне ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет