320
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Əлжан бейшара жауыр құла шолақтың желқомын алмай, жаз бол-
са артына қап бөктеріп,
қыс болса астына қол шана басып поселка
қыдыратын еді (Ғ. Мұстафин).
2. Себеп пысықтауыштар
а) Себеп мағынасында: Мас болса-ақ өзі өлең айтады, жылай-
ды (С. Жүнісов).
ə) Қарсылықты мағынада:
Шалдықсаң да қабақ шытпа (М. Əуе-
зов). Шолпан ата дəстүрін сақтап, оны
заң қолдаса да ешқайда
бармады (Ғ. Мұстафин).
3. Мақсат пысықтауыштар
а) Ақылдасу мағынасында:
Ойланса ойланғандай-ақ нəрсе
ғой (Ə. Кекілбаев).
ə) Ақылдасу, ойласу, бірлесу мағынасында: Кел,
билесек би-
лейік (С.Мұратбеков).
б) Мақсат қою мағынасында: Бағы ашылып,
қосылып кетсе
жарар еді (А.Жүнісов). – Ах, егер композитор
болсам, – деп ар
жағын айта алмай тоқтады Алма (Ғ. Мұстафин). Бірақ
көпті айт-
сам қорқытамын деп, сіз əуре, ұқтырам деп ел əуре (М. Əуезов).
Барсақ барайық (А. Макаренко).
в) Бейтарапты мағынада:
Есітсе есітсін деп айтты. Өкпелесе
өкпелей берсін (М.Əуезов).
Ойласа ойласын (Ə. Кекілбаев).
Үндемесең үндемей-ақ қой (Қ.Найманбаев).
Табаласа табала-
сын (Ə. Кекілбаев).
Жесе жей берсін, менің нем кетіп барады
(С. Мұратбеков). Егер де орталарында ондай
кісі жоқ болса,
яки
бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлəн военный
губернатордың назначениесі бірлəн болады десе, бұл халыққа бек
пайдалы болар еді (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: