Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет166/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   332
Қимыл есімі: Көзінің қиығын тастап қойып, жайбарақат қа-
на өз ісімен айналысуда (Б. Қойшыбаев).
Қимыл есімі мен көмекші сөз арқылы: Бірақ о да Бере-
геловқа қарсы болмау жағында («Социалистік Қазақстан»). Олар 


338
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
бүгіндері көрші Сайрам жəне Ленгір аудандары механизатор-
ларына көмектесу үстінде («Лениншіл жас»).
Шығыс жалғаулы баяндауыш: Ақыл – жастан, Асыл – 
тастан. Мейірімділік – жүректен, Мейірімсіздік – білектен (Ма-
қал). 
– Көрші, Қазақстанның қай түкпірінен дедің?
– Оңтүстіктен (Б. Қойшыбаев). Бір сөйлем мүшесінің екін-
ші бір сөйлем мүшесіне ауысуы.
Н.Н. Прокопович орыс тіл білімінде синтаксистік термин ре-
тінде «опрощение» деген терминді енгізген болатын [135, 127]. 
Осы терминді кейінгі кезде Е.А. Иванчикова, т.б. қолдап отыр. 
Негізінде бұл термин туралы лингвистикалық сөздіктерге назар 
аударсақ, оны морфологиялық, тіпті фонетикалық термин деуге 
де болады [136, 17]. О.С. Ахманованың сөздігінде «опрощение» 
терминін «то же, что деэтимологизация» деп немесе «опроще-
ние слова» деумен беріп қана қойса [77, 293], ал І. Кеңесбаев
Т. Жанұзақовтың лингвистикалық сөздігінде екі сөзден бірігіп, 
бір сөз болып, тұтас бір мағына берудегі морфологиялық процес-
тер көрсетіп, мынадай мысал берген: тасбақа – тас-бақа [94, 114]. 
Сонда бұл термин алғашқыда біріккен сөздің мағынасында жұм-
салған болса, соңғы кезде ол термин нағыз синтаксистік терминге 
де айналып отыр.
Мұның өзінен кейде термин сөздердің де мағынасының, жұм-
салу аясының кеңейгендігін көруге болады.
Бұрын бұл термин екі сөздің қосылып барып бір сөз мағы-
насында қолданылуы туралы еді. Енді синтаксисте бұл термин 
тілдік экономияның аясымен ұштасып, өзіндік жаңа мағынаға ие 
болып отыр.
Егер «опрощение» деген термин морфологияда тас-бақа 
сияқты екі сөздің бірігуі арқылы бір сөздің пайда болуы туралы 
сөз болса, синтаксисте бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларының 
(көбіне басыңқы сыңарларының) түсіп қалып, ал бағыныңқы 
сыңарларының енді басыңқы сыңардың орнына жұмсалуы 
туралы болмақшы. Мұндай құбылысты эллипсистік элемент деу 
де орынды. Өйткені лингвистикалық сөздікте эллипсиске мы-
надай түсінік береді: «сөйлегенде не жазғанда түсінуге нұқсан 
келтірмейтін сөздерді тастап кету, мыс: менің кітабым деудің 


339
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
орнына кітабым деп айту» [94, 181]. Осы тұрғыдан алғанда 
«опрощение» эллипсиске синоним терминдер ретінде алынатын 
сияқты. Ал «опрощение» терминін арнайы түрде қазақ тілінде 
«ауысу» деп алу орынды. 
Жалпы тілшілер арасында ауысудың қандай тілдік катего-
рияларда болатыны туралы да əртүрлі пікірлер бар.
А.А. Потебнaя
[137, 79] ауысу процесі тек сөз таптарында ғана 
болады десе, ал А.А. Шахматов
[138, 20] ауысуға морфология-
лық та, синтаксистік жағынан да назар аударады.
Қазіргі кезде бір сөйлем мүшесінің бір сөйлем мүшесіне ауы-
суы туралы айтылып жатқанмен, бір байланысу формасының 
басқы байланысу формасына, яғни сөз тіркестеріндегі мұндай 
процесс арнайы ескерілмей келе жатыр. Дегенмен В.Н. Мигирин: 
«Грамматикаға сөз тіркесі деген ұғымды енгізген жөн. Мұндай 
сөз тіркестерінде əдетте формалдық бірлік болғанымен, лекси-
када функционалдық қатынас дамымаған»
[139, 52] – деп, тіпті, 
байланысу формасының араларында да ауысу процесі болаты-
нын тұңғыш көрсетіп отыр.
Бір сөз табының бір сөз табына, бір сөйлем мүшесінің бір 
сөйлем мүшесіне немесе бір байланысу формасының екінші бір 
байланысу формасына, етістікті сөйлемнің есімді сөйлемге ау-
ысуы сияқты мəселелердің ішінде біз тек бір сөйлем мүшесінің 
екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуын ғана сөз етпекпіз.
Əрбір сөз табының өзіне тəн лексикалық мағынасы мен мор-
фологиялық тұлғасы болатыны сияқты, сонымен бірге олардың 
əрқайсысының белгілі бір сөйлем мүшесі болуы шарт. Мысалы: 
зат есім, есімдіктер үнемі бастауыш пен толықтауыш қызметін-
де жұмсалса, сын есімдер, сан есімдер негізінде анықтауыш
етістік – баяндауыш, үстеу – пысықтауыш қызметінде жұмсалуға 
тиіс. Осы сияқты пікірлер орыс тіліне де тəн құбылыс.
И.А. Сизова бұл туралы «Сөз табы мен сөйлем мүшесі тең құ-
былыс болғанымен, бір жағынан теңбе-тең деп қарастыруға бол-
майды. Зат есім бастауыш жəне толықтауыш қызметінде, сын 
есім анықтауыш қызметінде, ал етістік баяндауыш қызметінде 
жұмсалады. Сонда əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі 
болады да, олардың басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұм-
салуы екінші ыңғайда қалады»
[140, 25], – дейді. Бұған қарағанда, 


340
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
əрбір сөз табы арнайы түрде сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі 
қызметінде жұмсалуымен бірге кейде басқа-басқа сөйлем мүше-
лері қызметінде де жұмсала береді. Тіпті, бір сөз табы ретіне 
қарай барлық сөйлем мүшесі бола беретіндігін тіл фактілері дə-
лелдейді. Бұған қарағанда, əрбір сөз табының синтаксистік қыз-
метін үлкен екі топқа бөліп қарастыру дұрыс сияқты.
а) Əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі.
ə) Əрбір сөз табының қосымша синтаксистік қызметі.
Əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі оның лек-
сикалық мағынасымен тығыз байланыста болса, ал əрбір сөз 
табының қосымша синтаксистік қызметіне əртүрлі факторлар се-
беп болмақшы. Біз бұл арада сол екінші топтың, яғни əрбір сөз 
табының қосымша синтаксистік қызметіндегі эллипсистік əсер-
лері туралы сөз етеміз.
Тілдік экономия немесе эллипсис негізінде синоним ретінде 
қолданылатын сияқты. Сондықтан да сөйлемнің ішінде кейде 
кейбір сөздердің түсіп қалып жұмсалуы тілдік нормаға қатысты 
болса керек. Сол процесс арнайы сөйлем мүшесі қызметінде 
жұмсалатын сөздерді енді екінші бір сөйлем мүшесі қызметінде 
жұмсалуына себеп болып отыр. Осы сияқты мəселелер орыс ті-
лінде де кенже қалып отырғанын Н.В. Мигирин былай көрсетеді: 
«Лингвистикадағы ең басты міндеттердің бірі – тілдің түрлі 
деңгейінде болып жатқан өтпелі процестерін зерттеу. Бірақ бұл 
процесс сөз табы мен синтаксистік конструкция деңгейінде бел-
гілі болғанымен, сөйлем мүшелері деңгейінде əлі жүйелі түрде 
зерттеле қойған жоқ»
[139, 21] – дейді. Бұл пікір қазақ тіл білі-
міне де тікелей қатысты демекпіз.
Жалпы тіл-тілде тілдік экономия мəселесі айтылып жүрге-
німен, олардың сөйлем мүшелерінің өзара ауысу процесіне қа-
тысы арнайы сөз болған емес. Сондықтан да біз бұл жұмыста 
тілдің негізгі даму барысында əрбір сөз табының өзіне тəн ар-
найы синтаксистік қызметі болатындығын айта келіп, келе-келе 
оларда қосымша синтаксистік қызметтердің де кездесетінін сын 
есім, сан есім, есімше, т.б. сөз таптарының негізінде көрсетіп
айқындауды мақсат еттік.
Сын есім, сан есім, есімше сөз таптары негізінде анықтауыш 
қызметінде жұмсалуы тиіс. Дегенмен олардың заттану процесі 


341
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
негізінде олар тек анықтауыш қана емес, толықтауыштың да, 
бастауыштың да, баяндауыштың да қызметінде жұмсалатынды-
ғын көрсеттік. Əрине олар сондай қызметке ауысқанда олардың 
субстантивтену кезіндегі морфологиялық көрсеткіші арнайы фак-
тор болуы керек. Ол сөз таптарының субстантивтену процесі 
көптік, нөлдік, септік, тəуелдік формада сөйлем соңында таза 
тұрып жəне септік жалғауларында келетіндігін негізге ала оты-
рып, анықтауыштың – бастауышқа, толықтауышқа, баяндауышқа 
ауысуын көруге болады.
Мұндай тілдік фактіні айқындаудың теориялық та, практика-
лық та маңызы зор.
Біз бұл арада тек сын есім, сан есім, есімшелермен кейде үс-
теу, қимыл есімдерінің заттану процесінде болатын синтаксис-
тік ерекшеліктеріне тоқталдық. Ондай сөз таптарының заттану 
процесін мынадай топтарға бөлу арқылы көрсетуді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет