329
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
өзіне қатысты мəселелері осы күнге дейін əлі де болса толықты-
рылып, өзіндік жаңа бағыттар алуда. Мысалы: Бұрынғы ғылыми
əдебиеттерде меңгеру, оның бағыныңқы сыңарлары ілік, барыс,
табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес
жалғаулы сөздер деумен
ғана шектелсе, ал қазіргі кезде олардың бағыныңқы сыңарлары-
нан ілік септігі алынып отыр. Бағыныңқы сыңарлары септік
жалғаулы сөздер жəне негізгі сөздер мен шылаулардың түйдек-
телуі
арқылы берілсе, енді оған қоса сөздерге көмекші есім,
көмекші етістік, модаль сөздердің қатысуы да арнайы айты-
лып жүр. Оның үстіне, бұрын негізгі сөз бен көмекші сөздердің
түйдектелуі арқылы құралған бағыныңқы
сыңарлар тек етістікті
сөз тіркестерінде ғана жұмсалады делінсе, енді көмекші сөзді
есімді меңгеру деп аталатын түрі қосылып отыр.
Сөз тіркестері соңғы кезде жан-жақты зерттеудің объектісі
болып отыр, бола бермек те. Бірақ
сөз тіркестері жан-жақты
зерттеліне бастады делінгенмен, оларға байланысты ерекше еске-
ретін мəселе тілдегі экономия, олардың байланысу формалары-
ның бірінің-біріне ауысуы туралы. Енді оларға жеке-жеке тоқ-
таламыз.
1.
Қабысудың қиысуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше
есімдермен қабыса байланысуға тиіс. Мысалы: 1. Оның үшкір
тұмсық жаңа қара етігі қардан тайғанай береді (С. Мұқанов).
Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл).
2. Бірінші тəжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді
(Ғ. Мүсірепов). Ол жаққа екі-үш жүзге тарта жігіт кетті (С. Мұ-
қанов).
3. Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін
жерім жаңа табылды
(Ғ. Мұстафин). Міне, осы мысалдардағы
үшкір тұмсық жаңа
қара етік, тоқсандағы Жамбылға, екі-үш жүзге тарта жігіт,
айтатын арызымыз, сөйлейтін жерім тіркестері қабыса байла-
нысып тұр.
Сын есім, сан есім мен есімшелер заттанып барып сөйлемнің
бастауышы, толықтауышы қызметінде жұмсала береді. Олар
бастауыш қызметінде нөлдік тұлғада, көптік жəне тəуелдік тұлға-
да жұмсалады.
1.
Нөлдік тұлғада: Сын есім: – ...Алдыңғы
жақсы артқы
жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның қайсы? (М. Əуезов).
Білекті
бірді жығар,
білімді мыңды жығар (Мақал).