Талғат сайрамбаев


Қабысудың матасуға ауысуы



Pdf көрінісі
бет161/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   332
2. Қабысудың матасуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есім-
шелердің септеліп келіп жұмсалуы тілімізде мол кездеседі. Оның 
өзі ең алдымен ілік септігінде қолданылуы арқылы бірінші кө-
рінуі тиіс.
Сын есім. Сын есімнің септелуінің өзін іштей бірнеше под-
группалар арқылы көрсетуге болады. Сапалық сын есімнің сеп-
телуі. Мысалы: Жақсының ісі де жақсы (Мақал). Осы бар үлкен-
нің мұндай жердегі салты бойынша, əкесі де тұспалдап, орағытып 
ұқтырмай сөйлейді (М. Əуезов). Қара көктің жал құйрығы қара 
ғой (М. Əуезов).
Қатыстық сын есімдері дара жəне күрделі түрінде септеле 
береді.
Аттының несібесі – алтау.
Жаудың несібесі – жалқы (Мақал). Мен фашиске сатылып 
кеткен опасыздардың қатарын алшаңдатып отырғыза алмай-
мын (Т. Ахтанов). Қазіргі қалпы жол күткен екі салт аттының 
да көңілдерін қатты қобалжытты (Р. Райымқұлов). Міне, осы 
сөйлемдердегі сын есімдердің əртүрлі түрлерінің ілік септікте 
жұмсалуы берілген. Əрине сол септелген сөздердің негізгі сөздері 
жақсы, үлкен, қара көк сияқты сапалық сын есімдер мен атты, 
опасыз, екі салт атты сияқты қатыстық сын есімдері екені бел-
гілі. Алайда ол сын есімдері септелмей тұрған кезінде
жақсы бала 
атты кісі
үлкен үй 
опасыз адам
қара көк ат, 
екі салт атты кісі сияқты
мықты ағаш,
сөздерінің анықталатын заттарымен қабыса байланысуға тиіс. 
Бірақ олардың септеліп келуіне сай табиғи қалыптасқан қабыса 
байланысқан сөз тіркестері матаса байланысқан сөз тіркестеріне 
ауысып отыр. Енді олардың басыңқы сыңарлары тəуелдік 
жалғаулы зат есім сөздері болып келеді. Мұндай кезде қабыса 
байланысуға қабілетті сын есімдері енді ілік жалғаулы қалпында 
тіпті басқа-басқа зат есімдерге бағыныңқы қызметте жұмсала 
алатын дəрежеге ие болады. Мысалы: қара көк ат, атты кісі, 
опасыз адам дегендер, қара көктің жалқұйрығы, аттының несі-
бесі, опасыздың ісі тіркесінің мағыналық жағы өзгеріп тұр.


332
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сөйтіп, сын есімдердің ілік жалғауда келіп жұмсалуы ар-
қылы қалыпты қабыса байланысқан сөз тіркестері тілдік эконом-
дықтың нəтижесінде матаса байланысқан сөз тіркестеріне ауыса-
ды екен.
Міне, осы сияқты құбылыстар сан есім мен есімшелердің де 
ілік септігінде жұмсалуына тəн.
Сан есім: «Достық» жайлауында көршілес отыратын екі 
совхоздың бірінің аты «Украина» екенін, екіншісінің аты «Ара-
рат» екенін Шайкөз бен Жанас документтерден білетін еді, бірақ 
директорлары кім екендігі белгісіз еді (С. Мұқанов). Биыл жет-
пістің бел ортасынан асыпты (Б. Тілегенов). Егістің жүзден елу 
гектарына агрономияны толық қолдансаң, бұл да жүздің бер-
генін береді (Ғ. Мұстафин).
Есімше: Бұл жатқандардың көбі азап, шермен өткендер 
(Ғ. Мұстафин). Бірақ оның ойлағанының бəрі бола бермес (М. Əуе-
зов). Үйде отырғандардың үшеуін де таныдым (Ғ. Мүсірепов). 
Уығын ат үстінен шаншатын он екі қанат үлкен үй бұл отыр-
ғандардың да көрмеген үйі (Ғ. Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет