Талғат сайрамбаев


Сан есім: Алтыншы өзінің барлық күшін ең соңғы айналым- ға қалдырып отыр («Лениншіл жас»). Есімше



Pdf көрінісі
бет160/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сан есім: Алтыншы өзінің барлық күшін ең соңғы айналым-
ға қалдырып отыр («Лениншіл жас»).
Есімше: Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаман-
ды жортқан білер (Мақал). Міне, осы сөйлемдердегі жақсы, 
білекті, алтыншы сөздері нөлдік тұлғада затталып жұмсалуына 
байланысты айтылса, жығар, қалдырып отыр сөздерімен қиыса 
байланысқан сөз тіркестерін құрауда.
2. Тəуелдік тұлғада: Сын есім: Солардың ең көрнектісі 
жəне бар жиынға қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбы-
раны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ 
маңдайлы, нұрлы жігіт (М. Əуезов).
Сан есім: Сауын сиырдың жүзден жиырма бесі асыл тұқым-
ды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұстафин).
Есімше: – Көргеніміз көп біздің (Т. Ахтанов). Бұл сөйлемдер-
де жүзден жиырма бесі, көргеніміз, ең көрнектісі, қадірлі, сүйік-
тісі өз баяндауыштарымен қиыса байланысқан сөз тіркестерін 
құрап тұр.
3. Көптік тұлғада: Сын есім: Осыдан соң барлық үлкендер 
көтеріліп шығып кетті (М. Əуезов). Желе жортып аттылар кетті 
жөніне (Ғ. Мұстафин).
Есімше: Қарғитын бала ұстатпай жылдам өтуге тырысады, 
отырғандар ұстап алуға тырысады (С. Мұқанов).
Тілде кейде кез келген ойды беруде əртүрлі əсірелеу процесі, 
соған сəйкес түрлі эпитет, т.б. элементтерді қосып, жан-жақты 
көрсету процесі де барлығы белгілі. Тілде ондай құбылысты 
плеоназм дейді. Оның өзінің де бірнеше түрі бар. Бұл плео-
назм принципінің тілде өзіндік орны барлығы белгілі.
Керісінше, кейде тілде плеоназм құбылысында антонимдерді 
үнемдеп қолдану да кездеседі. Егер алдыңғы тілдік заңдылық-
тарда əртүрлі сөздерді көп мөлшерде пайдалану болса, ал тілдік 
экономияда, керісінше, сөйлегенде не жазғанда сол сөйлемді тү-
сінуге нұқсан келтірмейтін сөздер сөйлемнен түсіп қалып оты-
рады да, бірақ ол түсіп қалған сөздер сөйлемнің жалпы мəнінен 
белгілі болып отырады. Ал біз бұл жұмыста сол тілдік экономия-
ның бір көрінісі субстантивтену процесі, оның əсерінен бір бай-
ланысу формасының екінші байланысу формасына ауысуы тура-
лы мəселені арнайы қарадық. Өйткені бұл мəселе орыс тілі жəне 
түркологиялық əдебиеттерде сөз болып қозғалған емес.


331
Сөз тіркесі мен жай сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет