335
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
басыңқы сыңарда да қолданылады. Ол сөз таптарының сөйлемді
тиянақтау процесі – бұрыннан бар құбылыс. Бірақ олардың енді
сөйлемнің соңында жұмсалуы арқылы олар толық баяндауыш-
тың қызметін атқара келіп, сөз тіркесінде басыңқы сыңарда
жұмсалуы қалай да бастауышты қажет етеді. Сонда қабыса
байланысқан сөз тіркестерін қиыса байланысқан сөз тіркестерін
құрауға тиісті сын есім, сан есім мен есімшелер енді қиыса
байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде қолда-
нылу дəрежесіне ие болып отыр.
Сын есім: Ақыры үлкен боранға айналып кетсе – колхоздар-
дың арасы алшақ, алды
қараңғы... (Т. Ахтанов). Ал енді пен-
сияға көшемін: Совет өкіметі тұсында жатып ішерлерге, кəрі-
құртаңдарға
жақсы-ақ (А. Макаренко). Иілген сүп-сүйір екі қасы,
көк өрімдей солқылдаған, қиылған жіп-жіңішке беліне түскен қа-
лың қара шашы шумақтаған
жібектей (С. Сейфуллин).
Сан есім: Үйіріңмен
үш тоғыз (М. Əуезов). Білетін адамдар-
дың айтуынша, аталған екі оязда қазақ болыстарының саны
жиыр-
ма екі (С. Мұқанов).
Есімше: Малы биыл Қоянды жəрмеңкесінен кейін тіпті
кө-
бейген (С. Мұқанов). Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды
өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан
айырылған (М. Əуезов).
Достарыңызбен бөлісу: