3. Қабысудың меңгеруге ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше-
лер септеліп те жұмсала береді. Ондай кезде олар сол анықтай-
тын затының орнына жұмсалатынын да көруге болады. Əрине,
олардың септелу дəрежесі бірдей емес. Дегенмен қалай да оларда
заттану процесі үнемі болып тұратын құбылыс. Сол сөз таптары-
ның ішінен сын есімнің септелуі туралы аздап тоқталуды жөн
көрдік. Сын есімдердің септелуі туралы түрліше пікір бар. Кей-
бір ғалымдар
[128, 64]
сын есімдер септелмейтін, олар тек өзінің
анықтайтын затымен қабыса байланысуға тиісті десе, ал кейбір
ғалымдар сын есімдер септік жалғауын жалғап жұмсала беретінін
дұрыс көрсетеді. Н.К. Дмитриев: «Егер орыс тілінде сын есім
зат есімнің қызметін атқарса, кейде тіпті осы категорияға ауыс-
са (салыстырыңыз), мысалы: «больные» (аурулар) «молодые»
(жастар), передовые (озаттар), «старшие» (үлкендер) жəне, т.б.
құмық жəне барлық түркі тілдерінде сын есімнің зат есімге ауы-
суы жəне оның керісінше процесі ерекше дамыған»
[129, 69]
деп дұрыс көрсетті. Осы пікірді А.Н. Кононов, А. Боровков,
И.П. Дыренкова, И.А. Батманов, Х. Қарабаев, Г.А. Абдурахма-
нов, сол сияқты қазақ тілі мамандары: І. Кеңесбаев, М. Балақаев,
333
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ.Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Ш.Ш. Са-
рыбаев, т.б. ғалымдардың
[130] да қолдайтынын көреміз. Зерт-
тей келгенде, сын есімнің субстантивтенуі қазіргі уақыттың
ғана жемісі емес, ол тарихи процесс. Сондықтан да И.А. Батма-
нов: «Если в памятниках субстантированные прилагательные
встретились лишь в единичных случаях (врода урунум карам –
мое светлое и черное) то с течением времени их число сильно воз-
росло»
[131] – деп көрсетеді. Осы пікірді Ə. Құрышжанов, М. То-
мановтар да
[132, 63] ескі ескерткіштердің тілін талдау барысын-
да қолдайтынын көреміз. Жалпы сын есімнің субстантивтенуі зат
пен сынның тығыз байланыстылығын көрсете отырып, сынның
затқа жəне керісінше қарым-қатынасын көрсетеді. Олардың үнемі
біріне-бірі ауысып отыратыны анық. Бірақ олар субстантивтен-
генде тек сол мағынасына сай сөздерге (яғни заттарға) ауыса
алады. Сол өзінің анықтайтын затының орнына ғана жұмсалады.
Бірақ субстантивтенген сын есімдердің барлық қасиеттері таза
заттың қасиеттеріне сай келмейді. Онда сындық қасиет айқын
байқалып отырады. Яғни сын есімдер субстантивтеніп затқа ауы-
сып кетпейді. Сол сияқты зат есімдер де сын есім қызметінде
ғана жұмсалады. Мысалы: алтын сағат, жел диірмен дегендегі
алтын, жел зат есімдері қандай? сұрауына жауап беріп қабыса
байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап, сын есімнің қызметін-
де ғана жұмсалады.
Осыған сəйкес И.И. Мещанинов «Сөздің бір бөлігіне тəн грам-
матикалық категориялардың сақталуы сөздің осы бөлігіндегі сөзді
сақтайды»
[133, 204] десе, тағы бір жерде «...сын есімдер кейбір
жағдайда бастауыш пен толықтауыш қызметін атқарғанымен
үнемі зат есім бола бермейді»
[133, 204] – дейді. Сол сияқты
Ғ.Ғ. Мұсабаев сын есімнің септелуін айта келіп, олар септелген
кезде «олардың заттық мағынаға жақындап тұрғаны анық. Бірақ
негізгі сын есімдік мағынасының ізі жоқ емес»
[134, 12] – деп
көрсетеді. Олай болса, сын есімдердің субстантивтену процесі
сөздердің, біріншіден, үнемі өзгеріп отырғандығын көрсетсе,
екіншіден, олардың бір-бірінен ажырап кетпейтіндігін көрсетеді.
Қалайда сын есімдердің септеліп келуі өзінің байырғы қалып-
тасқан байланысу формасына күрделі өзгеріс енгізетіні айқын.
Міне, осы сияқты құбылыс сан есім мен есімшеге де тəн деп айта
334
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
аламыз. Сонымен, сын есім, сан есім, есімшелер септеліп келген-
де өздерінің анықтайтын заттарының түсіне байланысты қабыса
байланысқан сөз тіркестерінен енді меңгеріле байланысқан сөз
тіркестеріне ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |