Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет165/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Барыс жалғаулы баяндауыш: Ең жақсы кітап – балаларға 
(«Қазақ əдебиеті»). Бүкіл билік – советтерге (С. Сейфуллин). 
КПСС ХХVІІ съезінің қарарлары – өмірге («Социалистік Қазақ-
стан»). Осы сөйлемдердегі балаларға, советтерге, өмірге барыс 
жалғаулы сөздер:
балаларға арналған
советтерге берілсін
өмірге бейім сияқты қалыппен айтылуы керек еді. Бұл арада 
тілдік экономияның əсері арқылы арналу, берілу, бейім əрі есім, 
əрі етістік сыңарларының түсірілулері арқылы оларға бағының-


337
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қы сыңардағы балаларға, советтерге, өмірге толықтауыш сөз-
дері енді баяндауышқа ауысуынан меңгеріле байланысқан сөз 
тіркесіне ауысып отыр. Осы сияқты құбылыс жатыс жалғаулы 
сөздерде де орын алған. Жатыс жалғаулы сөздердің баяндауыш 
қызметінде де жұмсалуы негізгі сөз бен көмекші сөздер арқылы 
да қалыптасқан. Міне, осы сияқты құбылыс шығыс жалғаулы 
сөздерге де тəн.
Ал советтерге, балаларға, өмірге барыс жалғаулы зат есім-
дері сөйлемнің соңында келуі арқылы 
кітап – балаларға,
бүкіл билік – советтерге,
ХХVІІ съездің қарарлары – өмірге сияқты сөз тіркестерін 
құрауда. Мұндай сөз тіркестерінде олар қалайда өзара баста-
уыштық-баяндауыштық қатынаста жұмсалып, қиыса байланысқан 
сөз тіркестерін құрап тұр. Бұндай құбылыс басқа септіктегі сөз-
дерге де тəн.
Жалпы алғанда септік жалғаулы сөздердің сөйлемді тиянақ-
тау процесі (меңгерудің бағыныңқы сыңарының) енді меңгеру-
ден алшақтап, тіпті басқа да байланысу формасына ауысуына се-
беп болып отыр.
Жатыс жалғаулы баяндауыш:
Зат есім: Жас кезінде болған бір əңгіме əлі күнге дейін есінде 
(І. Есенберлин). Бірақ бала əлі күнге балалар үйінде («Қазақ-
стан əйелдері»). Ел адамы аттылы-жаяу, үлкенді-кішілі тегіс да-
лада (Ғ. Мұстафин). Екі көзі осы ауылдың ақылшысы есепті са-
қалы аппақ қудай Сансызбайда (С. Мұқанов).
Сан есім: Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшері бір-біріне 
жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, 
Кенжетай жиырма екіде (М. Мұқанов). Жиырма үштегі жігіт 
майданда да жиырма үште (Ғ. Мүсірепов).
Сын есім: Туған жері де адам білмес алыста (Ə. Əлімжанов). 
Зат есім мен көмекші есімнің түйдектелуі арқылы: Мешіт қала-
ның күншығыс кіреберісіндегі қырат үстінде (Д. Əбілев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет