Анықтауыштың бастауышқа ауысуы.
1. Атау тұлға арқылы заттануы. Сын есім: 4–5 аттылы
жарыса шауып келеміз («Жұлдыз»). Арбалы ауылға төніп келіп,
біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). Тор бедеу күндегі əдеті бойын-
ша əдемі жортаққа басты, екі құлағын қайшылап, шұлғып-шұл-
ғып алады (Ə. Сəрсембаев).
Сан есім: Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел бол-
са, төбедегі келер (Мақал).
Есімше: Қорыққан бұрын жұдырықтайды (Мақал). Көшіп
келе жатқан – Абай ауылымен көрші ауылдар (М. Əуезов).
Есімдік: Бұл – əңгіменің басы ғана (Ə.Əбішев). Анау тағы
келем деп жатқан көрінеді («Жұлдыз»).
2. Көптік жалғауы арқылы заттануы. Сын есім: – Кілең
сұлулар бірыңғай отыр (С. Мұқанов). Қасқыр ішікті, түлкі тымақ-
ты жуандар үйге кіре бастады (М. Əуезов). Не жуандар, мық-
тылар кетпепті оның қасынан (М. Əуезов).
Есімше: Келгендер үй ішіне баяу амандасты (М. Əуезов).
Отырғандар орнынан қозғалмады (М. Əуезов).
3. Тəуелдік жалғауы арқылы заттануы. Сын есім: Үйде
отырған алыптың үлкені ең кішкенесін жұмсады (Қазақ ертегілері).
Сан есім: Оның біріншісі – кеңсе, екіншісі – қызыл отау, үшін-
шісі – мал дəрігерлік пункті, төртіншісі – сауда дүкені, бесінші-
сі – радиостанция (Ə. Əбішев).
342
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Есімше: Рахыштың айтып отырғаны ақыл («Жұлдыз»).
Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз (Мақал).
4. Септік жалғауы арқылы заттануы. Міне, осы мысал-
дарға қарағанда бұл сөз таптары заттанып барып, сөйлемде бас-
тауыш қызметін атқарып тұр. Бірақ тарихи жағынан келгенде
осы төрт түрлі субстантивтену процесі қазіргідей бастауыш қыз-
метін атқармағаны белгілі.
Анықтауыш сөйлемде зат есімнен не зат есім орнына жұм-
салған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипат-
тап тұрады [23, 134]. Сонда анықтауыш болатын сөздер қалай да
затқа қатысты жұмсалып, оны жан-жақты айқындайды. Дəл осы
арада сол затқа қатысты сөз таптары өзінің анықталатын заты-
ның түсіп қалуына сəйкес, енді ол заттың орнына қолдану про-
цесі пайда болады.
Ол үшін жоғарыдағы сөйлемдердегі мына мысалдарға қара-
лық. Жоғарыдағы мысалдардың бастауыштары мына сөздер –
төрт-бес аттылы, арбалы, тор бедеу, алтау, төртеу, анау, бұл,
ол, көрмес, қорыққан, көшіп келе жатқан, сұлулар, жуандар,
мықтылар, келгендер, біріншісі, екіншісі, үшіншісі, төртіншісі,
бесіншісі, айтып отырғаны, білгенің, білмегенің. Негізінде сөй-
лемде анықтауыш қызметін атқаруға тиісті бұл сөздер атау
тұлғасында (арбалы, тор бедеу, алтау, бұл, көрмес, қорыққан),
көптік формада (жуандар, мықтылар, сұлулар), тəуелдік фор-
мада (біріншісі, алтыншысы, білгенің, білмегенің) келіп, өздері
анықтайтын сөздердің айтылмауы салдарынан бастауыш қызме-
тін атқарып тұр. Төрт-бес аттылы, арбалы, қорыққан, сұлулар,
келгендер деген бастауыштардың барлығы адам сөзінсіз қолда-
нылып тұр, яғни негізінде ол сөздер келген адамдар, арбалы адам,
қорыққан адам сияқты анықтауыштық қатынаста қолданылуы
тиіс еді. Бірақ тілдік экономияның нəтижесінде анықталынатын
сөздер айтылмай, субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшеден
болған анықтауыш сөздер енді сөйлемде басқа да сөйлем мү-
шелерін құрап отыр.
Сол сияқты сын, сан есім, есімше сөздері тəуелдік, көптік
формада не бұл сөздердің анықталушы сөздері айтылмай қа-
лып, соның нəтижесінде заттанған анықтауыш сөздер енді басқа
сөйлем мүшелеріне ауысады.
343
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Жоғарыда келтірілген мысалдардағы келгендер, сұлулар сөз-
дері де адам сөзіне байланысты айтылған дедік. Негізінде бұл
екі сөз де келген адамдар, сұлу қыздар (адамдар) сияқты басың-
қы сөздерін анықтап тұрулары шарт. Бірақ мұнда да олардың
анықталушы сөздері айтылмауынан, енді бұл сөздер заттанып,
яғни əрі заттық, əрі сындық, əрі қимылдық, сапалық мағына
білдіре отырып, сөйлемнің баяндауышымен қиыса байланыса-
ды ( келгендер амандасты, сұлулар отыр, т.б.). Тəуелдік формада
келген кезде де бұл сөздер сөйлемде анықталынатын сөздің
айтылуынан субстантивтеніп бастауыштың қызметін атқарады
да, баяндауышпен қиыса байланысады, бесіншісі радиостанция,
білмегенім – тоқсан тоғыз, үлкені – жұмсады. Сөйтіп, біз бұл
талданған мысалдардан тілдік экономияның нəтижесінде, яғни
анықталынатын сөздің айтылмай қалуы салдарынан сын есім, сан
есім, есімшеден болған анықтауыш сөздер атау тұлғада, тəуелдік,
көптік формада келіп субстантивтеніп, сөйлемде бастауыш қыз-
метін атқаратынына көзіміз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |