ныс, ат дүбірімен, борасын, ро маным сөздері жеке тұрғанда осы
сұрауларға жауап беру арқылы сөйлемде түрлі сөйлем мүшелері
қызметінде жұмсалуға тиіс болғанымен, енді ол сөздер тəрізді,
аралас, ішінен, арқылы көмекші сөздердің тіркесі арқылы ондай
түйдекті топтың сұраулары енді тіпті басқа-басқа сұрауларға
ауысып, дербес мағынасы бар сөздердің бұрынғы сұрауларының
орнына енді қосымша сұрау қосылу арқылы, біріншіден, ол
сөздердің сұраулары, екіншіден, семантикалық мағыналары мүл-
дем өзгеріп кетеді. Сонда Қатпа сөзі деген есімше тұлғалы
көмекші етістік арқылы енді анықтауышқа, ал дос, таныс сөздері
дос, таныс, ат дүбірімен, борасын, романым сияқты анықтауыш,
бастауыш, толықта уыш қызметіндегі сөздер енді пысықтауышқа
ауысып, пысықтауыштың сұрауларына жауап береді. Олар негізгі
мағыналы сөздердің синтаксистік қызметін айқындауда жетекші
қызмет атқарады.
Сонымен, сөздер сөйлемде белгілі дəрежеде бір сұраққа жа-
уап береді деген пікірдің өзін нақтылау да қажет-ақ. Өйткені
379
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер белгілі сұрауға жауап беруі
негізгі мəселе болғанымен, ал көмекші сөздерге жеке тұрғанда
сұрақ қоя алмаймыз. Шынында, көмекші сөздер ондай қасиетке
ие емес. Бірақ сол көмекші сөздердің өзі негізгі сөздерсіз қол-
данылмайды. Енді оларға қойылатын сұрау тəн болмағанымен,
негізгі сөздердің кейбір ерекшеліктерін синтаксистік жағынан со-
лар меңгеріп кететіндігін айқын көруге болады.
Тұрақты сөз тіркестері де сөйлемде жиі ұшырайтын катего-
рия. Жалпы тұрақты тіркестер туралы бізде осы уақытқа дейін
біржақты ғана айтылып келеді. Тұрақты тіркестер көбіне лекси-
ка саласында арнайы сөз болады, ал олардың сөйлемнің ішінде
сөз таптары дəрежесінде болмағанымен, сол сөз таптарының
ішінде үстеу, еліктеуіш сөздер, кейбір есімдіктер тобы жəне сан
есімдердің кей түрлеріне қарағанда əлдеқайда мол қолданылады.
Сөйлемнің аясын, аумағын кеңейтуде тұрақты тіркестердің қыз-
меті ерекше. Бірақ тұрақты тіркестер де бірнеше сөзден құралып
жұмсалғанымен, олардың сол топтарына бір-ақ сұрақ қойылуы
тиіс. Тұрақты тіркестердің ішінде дербес мағынасы бар сөз де,
дербес мағынасы жоқ сөздер де баршылық. Бірақ олар сол тобы-
мен бір-ақ сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесі қызметін-
де жұмсалады.
Сонымен, сөздерге сұрау қою мəселесінде екі нəрсеге баса на-
зар аудару қажет. Біріншіден, сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер
дара күйінде тұрып, белгілі бір сұраққа жауап берсе, екіншіден,
негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі де белгілі бір
сұраққа қатысты болады. М. Серғалиевтің сөйлем мүшесі туралы
ережесінде сөйлем мүшелерінің құрылысына назар аудара келіп:
«Жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз» дейтін
де пікірін кездестіреміз. Құрамы жағынан əрбір сөйлем мүшесі
дара да, күрделі де болып келе береді. Əрине, дара сөйлем мүшесі
туралы онша талас пікір болмағанымен, ал сөйлем мүшелерінің
күрделі түрінің таза сөз тіркесінен бола алады дегеніне ой-
лану керек сияқты. Өйткені сөз тіркесінің негізгі бір белгісі
олардың арасындағы анықтауыштық, толықтауыштық жəне пы-
сықтауыштық қатынастардың болатындығы. Əрбір сөйлем мү-
шесі, соның ішінде көбіне бастауыштар күрделі есімдерден жаса-
ла береді. Ондай күрделі есімдерге Арал теңізі, КСРО Конститу-
циясы сияқты күрделі есімдер жататыны белгілі. Міне, осы сияқты
380
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
топтар түрлі морфологиялық өзгерісіне сай сөйлемнің то-
лықтауышы, пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Осыған қа-
рап бұл топ тағы сөздер өзара сөз тіркесін құрайды дейтін де пікір
пайда болып отыр. Мұндай топты сөйлем мүшелері делінетін
тіркестер бүгін оқушы, қаланың баласы, қалаға кетті тəрізді сөз
тіркестерімен бір дəрежеде болмаса керек. Егер өзара тіркесе
алатын сөздердің арасында ондай нақтылы қатынас бол маса, ол
сөз тіркесін құрай алмайды. Тұлғалары, сөз таптарының қатысы
жағынан Арал теңізі қабыса байланысқан анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі деп айтқан болар едік. Арал теңізі
дегенді Каспий теңізі, Қара теңіз деп орын ауыстырып айта ал-
маймыз. Бірақ бұл топтағы сөздерде лексикалану процесі ба-
сым. Олар екі сөзден келгеніне қарамастан, сөз тіркесіндегі орын
ауыстыруға болмайтын күрделі есімге айналған топтар жəне
өзара сөз тіркесін құрай алмай ды да, сол тобымен түйдекті топ
құрайды. Сондықтан да ондай топтар сөйлем мүшесі болған кез-
де сөз тіркесі тұрғысынан емес, лексикалық топ тұрғысынан
ғана қатысып отыр деп білеміз. Сонда күрделі топты сөздер
сөйлем мүшесі болған кезде өзара сөз тіркесі бола алмайды, сол
тобымен түйдекті тіркес құрайды, осы құрамда ғана олар белгілі
бір сөйлем мүшесі бола алады.
Сөйлемдегі сөздер үнемі дара сөзді болып келе бермей,
күрделі, кемінде екі немесе одан да көп сөздерден тұратыны
айқын (бұл жерде ондай күрделі сөздердің əрқайсысының дер-
бес мағынасы бар деген пікірге назар аударылып отыр). Мысалы,
қызыл ала, жиырма бес, оқып отыр сияқты күрделі сөздер сол
тобымен ғана бір сұрауға жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі
бола алады. Жоғарыдағы ережедегі сөйлем мүшесі болады дейтін
пікір төңірегінде айтқан кезде күрделі сөй лем мүшелерінің əрбір
сыңары бір-бір жеке сөз болғанымен, ал мұндай жағдайда олар
жеке-жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды. Ондай күрделі
сөйлем мүшелерінің əрқайсысының мұндай кезде жеке-жеке
мағынасы негізгі объектіге алынбайды. Сол жиынтығымен ба-
рып қана бір мағынаға ие болып, бір-ақ сөйлем мүшесі бола
алады. Міне, бұған қарағанда сөйлемдегі барлық сөздер үнемі
сөйлем мүшесі бола беруі мүмкін еместігі айқындалса керек.
Сонымен, сөйлем мүшесі туралы ережелерді талдау бары-
сында бірнеше өзіндік пікірлерге кез келіп отырмыз. Əрине,
381
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бұл пікірлердің кейбірі сөйлем мүшелері үшін қажет болса,
бірі керісінше ойлануды қажет етеді. Кейде бір сөйлем мүшесі
ережесіне жаңадан пікір қосуға немесе кейбір пікірлерді алып
тастауға əкеп тірейді. Сөйлем мүшесі дегенімізде, ең алдымен,
нендей мəселелерді қамтиды, оның объектісіне нелер қатысты
деген мəселені де негізге алу керек сияқты.
1) Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір-біріне қатысты бо-
луы керек. Сөздің өзі сөйлем мүшесі болған кезінде мынадай тұл-
ғада кездеседі:
а) Негізгі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жəне қысқар-
ған сөз түрінде;
ə) Сөздің дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы
да дара-дара күйінде емес, сол негізгі сөз бен көмекші сөздер
түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы жұмсалады;
б) Сөйлем мүшесі қызметінде тұрақты тіркестер де жұмсала
алады;
в) Сөйлем мүшесі қызметіне сөйлемдер де қатысады;
г) Сөйлем мүшесі ретінде жеке дыбыстар да қатыса алады.
Міне, бұған қарағанда, сөздер сөйлем мүшесін жасаудың ең басты
шарты болуы тиіс;
2) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара күйінде, күрделі
түрінде де қатысады. Ал сөздердің күрделі түрлерінің өзін екі
топқа: а) дербес мағынасы бар сөздердің өзара қатысы; ə) дербес
мағыналы сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жəне
кейде дербес мағынасы бар сөздердің қосақталып жұмсалуынан
болған деп бөлуге болады;
3) Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына білдіруі
тиіс;
4) Сөздер сөйлем мүшесі болған кезде белгілі бір сұрауларға
жауап беруі тиіс;
5) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі
керек.
Сөйлем мүшесі болу үшін осы негізгі шарттар негізінде мы-
надай анықтама туады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір не бір-
неше сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынастары
арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға
ие болатын түрін айтамыз.
382
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |