Талғат сайрамбаев


 Сөйлемнің негізгі элементтері



Pdf көрінісі
бет190/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Сөйлемнің негізгі элементтері
Сөйлем – адам ойын білдірудің ең басты құралы. Сөйлем 
өз бойына сөзді де, сөз тіркесін де, тіпті, сөйлем мүшелерін де 
ретіне қарай қамти отырып, өзінің мол ауқымдылық қасиетін та-
нытады. Сөйлемнің өн бойынан осы үлкен үш категорияның да 
əрқайсысының заңдылықтары нақтылы айқындалса керек. Бірақ 
сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем мүшелері жеке-жеке объект неме-
се сөйлем мүшелерінің объектісі болғанымен, олар – бірін-бірі 
құрауда басты тұлғалар. Сондықтан біз бұл жерде сөз бен сөйлем 
мүшелерінің, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің өзара ұқсастығы 
мен айырмашылықтарына тоқталамыз.
Грамматиканың негізгі бөлімдері – морфология мен синтак-
сис. Бұлардың əрқайсысының іштей өзіндік объектілері бар. 
Морфология əрбір сөздің лексикалық мағынасына қарай қай 
сөз таптарына тəндігін жəне олардың түрлі морфологиялық 
құрамын зерттейтін болса, синтаксис – сөйлемдегі сөздердің 
өзара тіркесі жəне сол арқылы сөйлем құраудың басты шар-
ты. Соны мен, бұл екеуінің қарастыратын мəселелері жағынан 
бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар деп білеміз. Бірақ бұл екі 
саланың жеке-жеке объектісі бар болғанымен, олар бір-бірімен 
тығыз байланысты да. Морфология, шындап келгенде, синтак-
сис мате риалы, синтаксисті құрайтын негізгі құрал. Морфоло-
гиясыз синтаксис жоқ. Грамматиканың бұл екі саласы бірін-
бірі толықтырып, бір-бірінің ішкі қасиеттерін айқындап тұра-
тындықтан, грамматика деген үлкен ұғымда қаралып отыр. Грам-
матика термині грек сөзі – grammatike techne – «жазу өнері» деген 
ұғымды береді.
Морфология да, синтаксис те қазіргі кезде жеке-жеке сала 
ретінде зерттелуде. Бұл арада морфология мен синтаксистің 
негізгі объектілері туралы сөз қозғаудан гөрі осы екі саланың 
өзара байланысы, біріне-бірінің қатысы, əсері сияқты мəселелерін 
айта келіп, көбіне сөйлем мүшелеріне сөз таптарының қатысын 
айқындауды мақсат еттік. Осы күнге дейін сөйлем мүшелері, 
олардың жаса луы туралы мектеп, педучилище мен жоғары оқу 
орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарында арнайы 
айтылып келеді. Олардың бəрінде сөйлем мүшелерінің сөз тапта-


383
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
рынан жасалатындығы арнайы сөз болып отыр. Жалпы, сөз тап-
тарының синтаксистік ерекшеліктері, біріншіден, əрбір сөз табы-
ның соңында олардың арнайы түрде сөй лем мүшесі болуы, 
екіншіден, əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында белгілі бір сөз 
таптары жан-жақты айтылады. Осындай тығыз байланыстылық 
көп еңбектерде жалпылай айтылғанымен, кейде ол мəселелер ар-
найы түрде де қаралып жүргенін көреміз.
Осы тақырыпқа қатысты еңбектерде сөз таптарының алды-
мен өздеріне тəн, яғни сөйлем мүшелерінен ерекшелейтін жайт-
тары айтылады. Сонымен бірге сол сөз таптарының сөйлемге 
мүше болу кезіндегі кейбір ауытқу процестері сөз болады. Бұған 
қоса, əрбір сөйлем мүшеле рінің жасалуында сөз таптарының өзін-
дік орны, қатысу ерекшеліктері, мағыналық өзгерісі арнайы қа-
ралады. Мəселен, Аманкелді өзінің жігіттерін 20-30-дан бөліп-
бөліп, таса жерге орналастырды деген сөйлемдегі Аманкелді, 
жігіттер, жер сөздері заттық мағынаны білдірсе, бөліп-бөліп 
орналастырды сөздерінде қимылдық қасиет, 20-30-дан сөзде-
рінде сандық табиғи қасиеттер бар. 
Лексикалық мағына – əрбір сөздің ешбір жалғаусыз атау 
күйіндегі мағынасы десек, грамматикалық мағына – сол лекси-
калық мағынасы бар сөзге түрлі қосымшалардың жалғануы 
арқылы пайда болған мағына. Əрбір сөз сөйлемде нөлдік тұлғада 
жəне түрлі қосымшалар жалғануы арқылы əрі сөз табы, əрі 
сөйлем мүшесі ретінде жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасы 
енді ол сөздер сөйлем мүшесі болған кезде сақтала ма? Мы-
салы: өзінің есімдігі енді анықтауыш, жігіттерін, 20-30-дан 
толықтауыш болып жұмсалып, ол мағынасынан қалай да алшақ-
тап кеткендігін көруге болады. Осы сөздердің сөз табы кезіндегі 
мағынасының енді сөйлем мүшесі кезінде болатын алшақтығы, 
шындап келгенде, сөздерге грамматикалық мағынаның əсерінен 
болуы тиіс. Грамматикалық мағынаға ие болу, негізінде, сөздерге 
түрлі жалғаулардың жалғануы немесе түрлі көмекші сөздер мен 
демеулердің түйдектелуі арқылы жүзеге асса керек. Сөз табының 
лексикалық мағынасы бойынша сөйлем мүшесі болатын əрбір 
сөздің, біріншіден, əрқайсысы бір-біріне қатысты, яғни біріне-
бірі бағынышты, бағыныңқы дəрежеде жұмсала келіп, екіншіден, 
олардың əрқайсысының сөйлемде белгілі дəрежеде мағынасының 


384


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет