Талғат сайрамбаев


Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет224/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің 
əрбір тобының бастауыш қызметінде жұмсалуының дəрежесі 
əртүрлі. Жіктеу, өздік есімдіктері ондай қызметте мол жұмсалса, 
басқа топты есімдіктер ретіне қарай қолданыла береді. Есім-
діктердің кейбір топтары бастауыш қызметінде сол қалпында 
жұмсалса, енді бірі заттанып барып қана жұмсалады. Сондықтан 
да есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалу аясы əртүрлі. 
Атау тұлғалы есімдіктің бастауыш қызметінде ең жиі ұшырайтын-
дары – жіктеу есімдіктері: Мен бе, мен, мен ертең сөз өзіме тие 
қалғанда, сіз жіберген қатені қайталамаймын (С. Бақбергенов). 
Сол сияқты сілтеу, сұрау, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау 
есімдіктері де нөлдік тұлғада жұмсалады: Ұстаздың бəрі сіздей 
болса ғой, шіркін! («Жұлдыз»). Асқардың олай еткенін ешкім 
сезген жоқ (С. Мұқанов). 
Көптік жалғауында есімдіктердің ішінде белгісіздік есімдік-
тері ғана жұмсалады: Тіпті, сойқаны сол, алда-жалда əлдебіреу-


450
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лер талант-қабілетімен ілгерілеп бара жатқандай болса, оны 
еркіне жібермейді (С. Шаймерденов). Тəуелдік жалғауындағы 
есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы əлдеқайда көп. Өз 
есімдігі арқылы: Мені өрге сүйреймін деп жүріп, өзіңіз кері кетіп 
қап жүрмеңіз (Б. Əлімжанов). Сілтеу есімдігі арқылы: Бəрінен 
осының жақсы, Ибрагим Кунанбаевич (М. Əуезов). Бар бəлесінің 
алдын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген 
соққы болды (Б. Əлімжанов). Сұрау есімдігі арқылы: Сендей ақ 
көңілге салмақ салмағанда, кіміміз бар біздің (Ғ. Мүсірепов). 
Қайсымыз қандай мəселені көтеріп, қандай тақырыпқа жазып 
жүргенімізді сөз еттік (А. Шамкенов). Ал, қайда барамыз, – де-
ген Тұрарбек əдейі. – Қайдасы несі? Кеңсеге соғатын шығарсыз 
(Қ. Найманбаев). Жалпылау есімдігі арқылы: Барлығы тыным 
таппай қимылдауда (С. Ерубаев). Ақыры, ол əңгіме де, басқа 
əңгіме де, бəрі-бəрі ұмытылып қала берген (Ə. Асқаров).
Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі жəне оның 
тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың 
бірінші сөзі атау тұлғада не ілік жалғаулы есімдіктер болады: 
Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен 
қызметтеріңді ұмыт (Сирия мақалы). Кейде өз есімдігіне сан 
есімнің тіркесі арқылы да күрделі бастауыш жасалады: Бүкіл за-
водты бір өзің жүргізіп тұрсаң ғой (Ғ. Мұстафин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет