455
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
едік бір ұл, бір қыз, Алпыс
өгей анамыз дұшпандықпен, Бізге
жəбір қылыпты тыңдаңыз сіз (Қазақ ертегілері). Азан шақырып
қазанның құлағын қағып,
қойған атым аталмай, Қара бала атану-
шы едім (Қ. Жармағанбетов). ІІ жақтағы тұрақты тіркесті баста-
уыштар: Торғын шəлің басыңда,
Нақ сүйерің қасыңда, Ақ сары
аттай айқасып, Күнде ойна-ай, ашына (Ғ. Мүсірепов).
Сары мо-
йын балаларың шапқылап жүр ме? (А. Тоқмағанбетов). ІІІ жақтағы
тұрақты тіркесті бастауыштар: Қазір ойласам, сол оқиғалардың өз
ақылыма сыймайтындары да бар (А. Лекеров). Соңғы сыңары
қимыл есімді III жақ бастауыштар: Біздің қазақтың
ала қозыдай
бөлінуі біз үшін көңілді нəрсе емес («Айқап»). Қыздың күйеу тас-
тап, жігіттің қатын тастап, сүйген қызды
алып қашуы көбейген
еді (М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен қимыл есімнен құралған
тұрақты тіркестер: Ішіндегі
іліп алары – менің əкем Жетібай
(Д. Еркінбеков). Бірыңғай мүшелі тұрақты тіркестер: Өңкей бет-
ке ұстар мықтылар. Осы күні
ығайы мен сығайы жиналған екен
(А. Тоқмағанбетов).
Тұрақты тіркес пен көмекші сөзді бастауыштар. ТТ пен кей-
де көмекші сөздер, көбіне есімше тұлғалы
де көмекші етістігі
мол жұмсалады. Ондай кезде тұрақты тіркеске түйдектелетін
көмекші етістіктер нөлдік тұлғада да, тəуелдік жалғауында да
келе береді. Лаж жоқ,
кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б. Мо-
мышұлы).
Қара жол ма дегенім шұбырынды із болды, Ала жаздай
нəр татпай іздегенім қыз болды (Қазақ əндері). Бұл ауылдағы
көзі
ашық деген екеуміз-ақ болғандықтан, Қамзамен сырлас, достас
болып кеттім (С. Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: