Талғат сайрамбаев


Етістіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет225/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   332
Етістіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Басқа сөз тап-
тары сияқты бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптарының 
бірі – етістік. Етістіктер табиғи қызметі – баяндауыш қызметінде 
жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен ғылыми немесе практикалық 
еңбектерде етістіктер, оның ішінде есімше, қимыл есімі немесе 
негізгі сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп бастауыш бо-
латыны айтылады. Етістіктің бұл үш тобының ішінде бастауыш 
қызметінде көбірек сөз болатыны – есімше тұлғалы етістіктер. 
Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы – оның өзіндік 
бір ерекшелігі. Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы 
олардың заттық мағынаға ие болуы арқылы ғана жүзеге асса ке-
рек. Міне, бұл жағынан келгенде етістіктердің ішінде заттануға 
ыңғайлы категориясы – есімше. Есімше сын есім, сан есім сөз 
таптары сияқты қимылдық қасиетті білдірумен бірге септеліп, 
көптеліп, тəуелденіп жəне нөлдік тұлғада бастауыш бола алады. 
Оның осы дəрежеге жетуі сөйлем ішінде анықталатын затының 


451
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
түсіп қалып айтылуына байланысты. Анықтауыштық қатынастағы 
есімше енді сол заттың орнына жұмсалып, нөлдік тұлғада баста-
уыш бола алады. Сонда, есімшенің бастауыш болуының алғаш-
қы сатысы – нөлдік тұлға арқылы заттанып келуі. Етістіктердің 
бастауыш қызметінде көп жағдайда жұмсалатыны есімше болса, 
сол дəрежеде болмағанымен, қимыл есімді етістіктер де баста-
уыш қызметінде жұмсала береді. Қимыл есімді бастауыштар 
көбіне интонациялық кідіріс арқылы айтылады. Етістіктер баста-
уыш қызметінде дара жəне күрделі түрде де келе береді.
Етістікті дара бастауыштар. Нөлдік тұлғадағы дара баста-
уыштар қызметінде есімше де, қимыл есімді түрі де жұмсалады: 
Ерінбеген етікші болар. Көрмес түйені де көрмес (Мақал). 
Сұрамақ пен білмек бар (М. Əуезов). Айтушы сен бол, орындау-
шы біз болайық (Б. Майлин). Көптік жалғауында көбіне -ған, 
-ген жұрнақты есімшелер мен -а, -е, -й жұрнақты есімше кей-
де түрлі жұрнақты жалғау арқылы қимыл есімді етістіктер де 
жасалады: Бүгінгі күн көшкен жалғыз Бөкенші емес, Құнан-
байдың өз ауылынан көшкендер де бар (М. Əуезов). Бір кезекке 
тұрғандары үшін мақтанатындар да көбейе бастады (Д. Иса-
беков). Тəуелдік тұлғалы етістікті бастауыш көбіне -ған, -ген, 
кейде -а, -е, -й жұрнақты есімшелерден жасалады: Əкеміздің жо-
лымен ара ағайын болып қана жүргеніміз жөн еді ғой! (Шəкəрім). 
Тоқтамы – көптің қаулысы болады. Жоспарды басқарма бекіткен 
күйінде қабылдайтының қол көтер (Ғ. Мұстафин). Келгеніміз 
Абьян деп аталатын провинция (А. Шамкенов). Қимыл есімді 
тəуелдік жалғаулы бастауыштар: – Ал, енді мақтауың келісті, 
ақтауың қандай болар екен, ə? (Б. Əлімжанов). -іс жұрнақты 
етістіктердің тəуелдік жалғауы арқылы: Алайда бір қадам атта-
ған соң жүрісі де, жүгірісі де түзелді (О. Бодықов).
Етістікті күрделі бастауыштар. Етістікті күрделі бастауыш-
тар туралы осы күнгі еңбектерде онша сөз бола бермейді. 
Негізінде, етістіктер күрделі бастауыш қызметінде екі түрлі 
жағдайда кездеседі. Біріншіден, таза етістіктер арқылы жасалса, 
екіншіден, етістіктер өзінің жетегінде басқа да сөз таптарымен 
мағыналық бірлікте ғана күрделі бастауыш болады. Көсемше мен 
есімшенің тіркесі арқылы: Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен 
көрші ауылдар (М. Əуезов). Көсемше мен қимыл есімді етістіктің 
тіркесі арқылы: Қызара білу, ұяла білу  – адам бойындағы ең та-


452
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
маша адамгершілік қасиет (Ч. Дарвин). Атып өлтіру, дарға асу – 
олардың ата кəсібі, қанына сіңген қашанғы əдет (С. Мəуленов). 
Көсемше мен көптік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы: Біреу 
азық, біреу сойыс əкеліп көмектесе келгендер де болды (Ə. Қо-
ңыратбаев). Сөз таластыру көп адамның қолынан келеді, ал 
жай ғана əңгімелесе білетіндер аз-ay (А. Олкотт). Көсемше мен 
тəуелдік жалғаулы есімшелердің тіркесі арқылы: Сонда қыл-
мыс жаса дейсіз бе? Мынау айтып келе жатқаныңыз сол ғой 
(Б. Əлімжанов). Жалғыз барасыз дегенде кəдімгідей жүрексініп 
қалғаным рас еді (А. Шамкенов). Айтып тұрғаны – «Көзімнің 
қарасы» (М. Əуезов).
Бастауыштардың жасалуында көбіне есімше, қимыл есімі не 
негізгі, не көмекші етістіктер де мол жұмсалады. Негізгі сөз бен 
көмекші етістікті қимыл есімді бастауыштардың өзін бірнеше 
нұсқада көруге болады. Ондай кезде негізгі сөз бірнеше септік 
жалғауында келуі мүмкін де, соған сəйкес қимыл есімді етістік те 
сол өзі қатысты сөздермен мағыналық байланыста болады. Мыса-
лы: Мысқылды түсінуден қалу – жаман ырым (Ф. Достоевский). 
Етістікті күрделі бастауыштың құрамында негізгі сыңары 
етістік болып, оған қоса есімдер де сол етістіктермен мағыналық 
байланыста келеді де күрделі сыңар құрайды. Мұндай кезде не-
гізгі мəн етістіктерде болады. Етістіктер ондай кезде тəуелдік те 
жəне көптік тұлғада да келіп, сол топты күрделі бастауыш жа-
сауға икемдеп тұрады. Əсіресе, ондай кезде бірінші сыңары зат 
есім, екінші сыңары нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғаулы 
етістіктер тобы жиі кездеседі. Зат есімдер – ілік, табыс септігінің 
ашық не жасырын түрі жəне шығыс септігіндегі сөздер болып 
келеді.
Ілік жалғаулы зат есім мен етістіктің тіркесі арқылы: Ұлттық 
əдебиетіміздің мерейін көтерген кесек шығарма қазақ халқының 
энциклопедиясы деп бағалануы да əбден орынды (С. Шаймерде-
нов). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес 
(F. Мүсірепов). Табыс септігінің не ашық, не жасырын түріндегі зат 
есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: – Рас, атын біле бермес, 
ал түсін танитындар, біздіңше, көп болуға тиіс (М. Иманжанов). 
Ал ағаға шаруа айтып келдім, айып па? (Б.Əлімжанов). Ойбай-ау, 
тіпті қара қағаз алғандар да отырған жоқ па? (Т. Ахтанов). Шығыс 
септікті зат есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анадан 


453
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
айырылу кімге оңай дейсің (F. Мұстафин). Əртүрлі септікті 
сөздер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Жолдасын жауға қал-
дыру – жамандықтың белгісі; Жолдасын жаудан құтқару – адам-
дықтың белгісі (Мақал). Ілік жалғаулы сан есім мен етістіктің 
тіркесі арқылы: Екеудің жинағаны үшеуге жетеді (Мақал). 
Есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған күрделі бас-
тауыштар іштей былай бөлінеді. Ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері 
мен етістіктердің тіркесі арқылы: Олардың айналдыратыны 
төрт-бес қарасының асты-үсті (А. Тоқмағанбетов). Сілтеу есім-
дігі мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анау көрінген не деген көп 
мал («Лениншіл жас»). Ал сенің сол айтқаның қайта-қайта есіме 
түсе береді (Ш.Мұртазаев). Кейде зат есімдерге есімшенің тір-
кесіп келуі арқылы күрделі бастауыш жасала береді: Өткен ай, 
өткен күн, өткен сəт қайта орала ма? (М.Мағауин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет