446
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дей өзгерістердің негізінде қалыптасуы мүмкін деген сұрақ та
туады. Сын есімдер бастауыш қызметінде дара жəне күрделі
түрінде жұмсалады.
Сын есімді дара бастауыштар. Ондай кезде сын есімдер кө-
біне нөлдік тұлғада заттану процесінде көп кездессе, ішінара
қосарлану арқылы да кездесіп отырады:
Жақсы ісімен жақсы.
Жаңа ескіге өлшеуіш (Мақал). Бас бəйгеге
ірі қара тігіледі
(Ə. Қоңыратбаев). Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздер дара
түріндегі бастауыштар болса, кейде қатыстық сын есімдер де
заттық мағынаға ие болып, бастауыш бола береді: «
Білекті бірді
жығар,
білімді мыңды жығар» дейді қазақ (Ə. Қоңыратбаев).
Ар-
балы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин).
Көптік жалғаулы сын есімдер. Көптік жалғаулы сын есім-
дердің сапалық та, катыстық та түрлеріне жалғанып барып, он-
дай бастауышты сөздердің көптік қасиетін көрсетеді. Мысалы:
Үлкендер қатты қорқытқан болу керек, өйткені үйдегілер дауыста-
рын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды.
Үйдегілер тегіс
есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б. Тілегенов). Əсіресе, ажымы
мол ү
лкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді (М. Əуезов). Қазақ
даласын көмірдей басып
ақтар өтті. Оның артынан
қызылдар
келді (Ж. Аймауытов).
Əлсіздер бұраңдан,
сабырсыздар шатынай
бастаған (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: