444
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сияқты формалар да тілге енуде. Олар осы құрамда келіп те
сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы:
Жамаш –
əжей сиырын қорадан жетектеп шықты да, бақташының алдына
салып берді (М. Мақатаев). Ал
Дариға – сұм сыңғырлап күліпті де,
əрі қарай жүре беріпті (М. Мақатаев).
Күрделі бастауыштардың жасалуында күрделі есімдердің
бірінші сыңарының ашық не жасырын келіп мағыналық бірлікте
жұмсалуы жиі кездеседі. Бастауыштардың бұл жасалу жолы
барлық оқулықтарда арнайы сөз болды. Мұндай тұлғалы бастау-
ыштар жалқы есімдерде жəне жай тіркестерде мол кездеседі:
Кітап
процесі – жанды процесс (С. Шаймерденов). Сол дөңнің басында
бір
белорусс қызы тұр (С. Сейітов). Аталған жерлерге
қонақ үйлер
де,
ас үйлер де тігілген екен (М. Əуезов).
Сын есім, сан есім, кейбір есім
мен есімше зат есімдерге
анықтауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен
сөйлем ішінде ол сөздер үнемі анықтауыш қызметінде ғана жұм-
салып қоймай, кейде өзі анықтайтын сөзімен мағыналық
тұтастықта жұмсала береді. Онда екі нəрсеге назар аударуымыз
тиіс. Біріншіден, кейде нағыз бастауыш болатын зат есімдер өздері
жеке тұрып, сол сөйлемнің толық иесі бола алмайды, екіншіден,
сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер өзі қатысты сөздердің
нақты анықтауышы бола алмайды. Міне, екі жақты қатыста ғана
əрі зат есіммен, əрі басқа сөз
таптарымен енді бірлікте болып,
жалпы сөйлемде ойдың иесі дəрежесіне ие болу бағыты толық
айқындалады. Табиғи бірлік болмағанымен, сол сөйлемнің өн
бойына қатысты бірлік пайда болу арқылы бір күрделі бастауыш
дəрежесіне ауысады. Бірақ мағыналық жағынан келгенде негізгі
мағына зат есімдерде болады. Мысалы: Сол
сөз, менің сөзім
(М. Əуезов).
Тап осындай мидай даламен келе жатқанда,
барар
жерімізде адам тұратын
елді мекен бар шығар-ay (Ғ. Мүсірепов).
Осы сөйлемдердегі
сөз, мекен зат есімдері сол қалпында нақты
бастауыш бола алмайды, олар бастауыш делінгенімен, мағыналық
тиянақтылық онша айқын емес. Сондықтан да сын есім, есімдік
жəне есімшелер зат есімдермен мағыналық бірлікте тұрғанда ғана
бастауыш қызметінде жұмсалады. Яғни бірінші сөйлемде баста-
уыш –
сол сөз де, екінші сөйлемдегі бастауыш –
елді мекен.
Сөз
жəне
мекен зат есімдеріне
сол, елді есімдігі мен сын есім бірлікте
келіп тұр.
445
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сын есім мен зат есімнің тіркесі арқылы:
Жаңа күн өзінің
жаңа тілегін жас көңілмен айтады (М. Əуезов).
Жақсы жол –
елге жора (М. Əуезов). Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы:
Балғабайдың Асқар көрген
бір ерлігі осы
(С. Мұқанов). Он
екі
қанат үйдің əр керегесін
төрт жігіт қолдасып, əрең жайды (Ғ. Мү-
сірепов). Есімдік пен зат есімнің тіркесі арқылы: Риганы бұрын-
ғысынан да сəулетті, көрікті қалаға айналдыруға
бүкіл еліміз
атсалысуда («Жұлдыз»).
Осы ауыл саған ұнай ма? – деді Тұрар-
бек
тосыннан. Қай жағынан?
Бұл тапқаны – Абдулақан мұғалім
(Б. Майлин). Есімше мен зат есімнің тіркесі арқылы: Əйтеуір
жазған нəрсең өзімнен кетті, енді оқырман қолына барып жетті
деп тоқмейілсу қаламгерге қол емес (С. Шаймерденов). Күрделі
бастауыштардың жасалуында бір сөздің қайталанып жұмсалуы
да үлкен рөл атқарады. Сөздің қайталанып қолданылуына себеп,
дəнекер болатын қосымшаның бірі –
екеш. Мұндай кезде кө-
біне жалпы есімдер көп қолданылады. Зат есімдердің бірінші
сыңары
көбіне нөлдік тұлғада жұмсалса, екінші сыңары көбіне
нөлдік те, кейде тəуелдік жалғауларында да келе береді: Жан ра-
хатын
құс екеш құс та біледі, – деп Жарас Аманқұлға рюмка-
сын тосты (Ш. Мұртазаев). Тырысқан маңдайының
əжім екеш
əжімі де білем-білем
(Ə. Кекілбаев). Бізге
өсек екеш өсек те өзек
талдырып əзер жетеді (Ө. Қанахин).
Достарыңызбен бөлісу: