Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет233/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ды? не етпек? болып, оның əрқайсысынан етістіктің мағынасына 


467
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қарай бірнеше тұлғалық ерекшелігі пайда болады. Сөйтіп, таза 
баяндауыштың, етістіктің сұраулары осы тəсіл арқылы құралса 
керек. 
Баяндауыш сұрауларының ішінде бұл топтан ерекше бір сұрау 
қайтеді? сұрауы. Бұл негізінде кіріккен сөз. Мұның бастапқы 
құрамы есімдік пен көмекші етістігінің қосылуы арқылы жасалған. 
С.Аманжолов баяндауыш сұрауларының ішінде дара сұраулар-
дың қатарында неткен? сұрауын қоса береді. Бұл да алдыңғы 
сұрау тəрізді құрама болып табылады. Сондай-ақ қолданыста 
кездесетін қайтеді? қайтті? сұраулары да екі сөзден кіріккен 
сұраулар.
Сонымен, етістікті баяндауыштың сұраулары ретінде не 
істейді? не қылды? не болды? не етпек? сұраулары негізге алына-
ды да, осылардың əрқайсысы етістіктің тұлғасына қарай əрі қарай 
жалғаса береді. Мысалы: не қылды? не қылады? не қылмақ? не 
қыламын?, т.б. тəрізді өзгере береді. Сол сияқты істе, қыл, бол, 
ет етістіктерінің алдына не сұрауы қосылып, олар да əрі қарай 
жалғаса береді. 
Баяндауыштың есімді түрлеріне байланысты сұраулары тура-
лы да жоғарыда аталған еңбектерден толық мағлұмат алуға бол-
майды. Мұның өзі жоғарыдағы баяндауыштың тұлғасын нақтылы 
ажыратпағаннан туып отырған мəселе. Жалпы алғанда, баяндау-
ыш зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктен де жасалатындығы 
айқын. Бірақ осы сөз таптарына қатысты сұраулардың берілуі 
төмендегіше: а) Зат есімге қатысты сұраулар: кім? не? кімі? несі? 
қайда?неде?; ə) Сын есімге қатысты сұраулар: қандай? нендей?; 
б) Сан есімге қатысты сұраулар; қанша? неше? қаншасы? Есім-
діктен болған баяндауышқа үйлесіміне қарай есімдіктің барлық 
түрінің сұраулары қойылады.
X. Арғынов баяндауыштың сұраулары ішінде қашан? сұрағын 
да берген. Ал А.Байтұрсыновтың баяндауыштың сұрауы ретінде 
нешік? деген сұрауын ойлану керек сияқты. Бұл сұрақтар тура-
лы мынаны айтуға болады: біріншіден, əрбір сөз табына қатысты 
сұраулар толық емес. Ол сұраулар əрбір сөз табына баяндауыш 
болу негізіндегі тұлғалық ерекшелігін толық айқындай алмаса ке-
рек. Екіншіден, тиісті бір сөз табының сұраулары баяндауышқа, 
сөйлем мүшелеріне сай келе бермейді. Зат есімге байланысты 


468
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сұрауларда зат есімнің нөлдік тұлғасына кім? не? сұраулары ар-
найы берілгенімен, зат есімдер көптік тұлғада да келіп кімдер? 
нелер? сұрақтарына жауап беретінін бірде-бір автор ескермейді. 
Ақыл берген, өнерлі еткен ұям – мектебім. (С. Мұқанов) дегендегі 
мектебім I жақтық зат есімнен жасалған баяндауыштарға нем? деп 
сұрақ қоюға мəжбүр боламыз. Осы сияқты ондай баяндауыштар 
II жақта да айтыла береді. Олай болса, зат есімнен жасалған түріне 
бірінші, екінші, үшінші жақтың да жекеше, көпше сұрауларын 
қоюға тиісті боламыз. 
Сол сияқты баяндауыш болатын септелген сөздерден жо-
ғарыдағы сұраулардың ішінде неде? қайда? сұраулары ғана ес-
керілген. Шындап келгенде, септік жалғаулы сөздердің ішінде 
тек неде? мен қайда? сұрауларын ғана баяндауыштың сұрауы 
деу жеткіліксіз. Баяндауыш қызметінде тек жатыс, шығыс 
жалғаулары ғана жұмсалып қоймай, қазіргі кезде барыс, жа-
тыс, кейде көмектес жалғаулы сөздер де жұмсала береді емес 
пе? Олай болса, септік жалғауының ішінен жатыс жалғауының 
неде? сұрауымен қоса кімде? сұрауы да тікелей жауап бере алады. 
Бұған қоса баяндауыштың сұрауы ретінде барыс, жатыс, шығыс 
жəне көмектес жалғауларын алу орынды. Мəселен, «Барлық
базарлық – балаларға» деп қазіргі кезде айта береміз. Осындағы 
балаларға өзіне қайда? сұрауын қою тіпті келмейді. Сын есімнен 
болған баяндауыштың сұрауларына нендей? қандай? деп екі-ақ 
сұрақ берілген. Баяндауыштың сұрауларына жауап беретін сын 
есімдерді талдап көрейік. Сіздікі дұрыс (М.Əуезов). Ештен кеш 
жақсы (Мақал). Көпшілігі қара қас,қара көз, қоңырқай, қызғылт 
немесе ақшыл қызғылт жүзді (М.Əуезов). Осы сөйлемдердегі кур-
сивпен жазылған сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалған. 
Бірақ осыларға қандай? нендей? сұрауларын қоюға келе ме? Қайта, 
қандай? сұрауынан гөрі қалай? деген сұрақ көбірек келетін сияқты. 
Сонда сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанмен, сұрау 
жағынан көбіне пысықтауыштың сұрауына ауысатын сияқты. 
М.Балақаев: Тасбұлақ өзенінің суы мөлдір (С.Омаров) дегендегі 
баяндауыш қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр дейді. Бұл 
арада ол сөзге қалай? деген сұрақ қойылмайды (бұл – терілуден 
кеткен кемшілік). Ал негізінде, сын есімдердің дара, күрделі не-
месе қосарлы түрлерінің баяндауыш болуының сұрауларға кей-


469
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
де өзіндік əсері де болатындығы бар. Сонымен, сын есімдердің 
сұрауларының ішінен баяндауыштың сұрауы ретінде негізінде тек 
қандай? сұрауы қатысатын сияқты. 
Сан есімдерге байланысты қанша? неше? қаншасы? 
сұраулары негізге алынған. Осы сұраулардың бірінші, екіншісі 
жиі қолданылады да, соңғы сұрау қолданылмайды десе де болады. 
Мысалы: Жылқы – мың үш жүз (F.Мұстафин). Сөйтіп, сан есімнен 
жасалған баяндауыш үшін қанша? неше? сұраулары толық 
жететін сияқты. Бірақ кейде реттік сан есімді баяндауыштарда жиі
кездеседі. Ондайда баяндауышқа реттік сан есімнің сұраулары 
қойылатыны анық.
Баяндауыштардың үлкен тобы – құрама баяндауыштар. 
Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден жасалады. 
Құрама баяндауыштардың таза бірінші сыңарларына (зат есім, 
сын есім, сан есім, есімдік) сұрақ қою есімді баяндауыштарға 
тəн болғанымен, ал құрама баяндауыштың жанындағы көмекші 
етістіктердің сұрау құрамына енуі, енбеуі – ойланарлық жайт. 
Мəселен, Ол оқушы еді. Ол жақсы еді. Ол үшеу еді. Ол мен едім – 
дегенде, баяндауыштары есімдер мен көмекші етістік. Ол бала 
тəрізді. Ол жақсы. Ол екеу сияқты. Ол мен тəрізді сөйлемдерінде 
тəрізді, сияқты сөздерінің қабаттасып келуі ол баяндауыштарға 
қойылатын сұрақтар жөнінде де ойлануды керек етеді.
Осындай топты баяндауыштардың құрамында зат есім, сын 
есім, сан есім, етістіктер мен модаль сөздер арқылы жасалуының 
мағыналық та айырмашылығы бар. Бірінші топтағы көмекші 
етістіктерде шақтық мағына үстесе, екінші топтағы сөйлемдерде 
модаль сөздер түрлі болжам, ұқсату, тағы да басқа мағыналарды 
айқындайды. Бірақ осы сияқты құрама баяндауыштардың 
сұраулары есімді баяндауыштың сұрауларымен бір делініп, 
бұлардағы сұраулардың өзіндік ерекшелігі ескерілмейді. Біздің 
балалар үйдің қасында дегенде немесе баяндауыштың құрамын-
да шылау болып келгенде де осыны айтуға болады.
Кейде мынандай құрамды баяндауыштарға сұрақ қоюдың өзі 
тіпті ойландырады. Түсі торыдан гөрі күреңге жуық болса керек 
(Ə.Сəрсенбаев). Танабай ауылы Ақмоланың оңтүстік жағындағы 
Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді (С.Сейфуллин). Мариям 
бұлардың асты-үстіне түсумен болды (Б.Майлин) сияқты септік 


470
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жалғаулы негізгі сөздерге шылау, көмекші етістік, модаль сөздер 
мен көмекші есімді сөздер қатысты баяндауыштарға сұраулар 
қою қиындық келтіреді. Екіншісі – өзінің қолындағы кіші ұлының 
келіншегінің төркінінікі (С.Сейфуллин). -нікі, -дікі баяндауышы-
на қойылатын кімдікі? ненікі? деген сұрау тек А.Байтұрсынов 
еңбегінде ғана ескерілгені болмаса, ешбір жерде арнайы сұрау 
ретінде айтылмайды. Сонымен, баяндауыштың сұраулары туралы 
айтқанда ocы сияқты бірнеше мысал негізінде мына сұрауларды 
оған жатқызуға болады:
Кім? не?
Кімдер? нелер?
а) Кімім? нем? кімдерім? нелерім?
ə) Кімің? нең? кімдерің? нелерің? кімдеріңіз? нелеріңіз? 
б) Кімі? несі? кімдері? нелері?
Кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден?қайдан? 
Кім еді? не еді? қандай еді? қанша еді? нешеу еді?
Кімдікі? ненікі?
Қандай? канша? қалай?
Сонымен, қорытындылай келгенде, баяндауыштың сұраулары 
мыналар деп айтуда олардың қай сөз таптарынан болатындығы 
жəне олардың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай да нақтылау 
орынды-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет