Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет32/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   332
тысы туралы. Сөз тipкecтepiнің көптеген мəселелерi жете 
зерттелгенiмен, оған фразеологиялық единицалардың қатысы 
арнайы зерттеудiң объектici болған емес.Фразеология мəселе-
лерi – бұрыннан зерттелiп келе жатқанымен, оның қарқынды 
түрде қолға алынуы соңғы кездiң жемісі. Фразеология туралы 
500-ден астам мақала жарияланған eкен [71, 225-308]. Əлi де ол 
туралы жазыла бермек те. Сол жоғарыда көрсетiлген 500-ден аса 
еңбектердiң iшiнде орыс тiл жəне түpкi тiлдерiнде де жазылған 
мақалалар мен жекелеген еңбектер бар. 
А.А. Коклянова «О границах фразеологии тюркских языков» 
деген мақаласында фразеологияның мол зерттелгенiн айта келiп, 
«фразеология (тұрақты сөз тipкес-тepi) негiзінде eкi тұрғыдан қа-
ралады. Не жеке бiр түркі тiлдерiнiң фразеологиясы ретiнде, не 
белгiлi бiр жазушы шығармалары тiлiнiң ерекшелiктерi» [72, 
99-104] деп көбiне фразеологиялық тұpғыдан зерттелгендiгiн 
көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың соңғы кезде тiлдiң бас-
қа да салаларымен қатысын арнайы көpceтeтін еңбектер де шыға 
бастады. 
Жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнен Л. Apxaнгельский, 
Г.Ф. Булгакова, З.В. Валюсинская-Донскова, В.П. Жуков, Л.В. Ор-
лов, Х.М. Сайкиев, т.б. авторлар фразеологиялық единицалардың 


76
Күрделі сөз тіркестері
iшкi ерекшелiктерiн айтумен бiрге олардың тiлдегi басқа да 
ерекшелiктерін, яғни синтаксистiк ерекшелiктерiн де арнайы сөз 
eттi. 
Х.М. Сайкиев «Устойчивые сочетания слов как члены пред-
ложения» [73, 43-50]
деген мақаласында тұpaқты тiркестердi 
жəне онымен бiрге жаңадан қалыптасып келе жатқан кeйбiр 
формаларын арнайы сөз ете келiп, тұрақты тipкecтepдің сөйлем 
мүшелерi қызметiнде жұмсалу ерек шелiктерiне тоқталған. Ав-
тордың мысалға алған мынадай фразеологиясы аpқылы: «Оба мо-
лодых человека уехали тотчас после ужина (З. Воскресенская)». 
Ну что ... нравилось вам наше Вавилонское столпотворе-
ние (З. Воскресенская) деген фразалардың оба молодыx челове-
ка, Вавилонское стол потворение тұpaқты тiркестердiң бастауыш 
қызметiнде жұмсалуын көрсеткен. Фразеологиялық единицаның 
сөй лемнiң барлық мүшесi қызметiнде жұмсалатындығын айта 
келiп, бұл мақалада автор ФЕІ тек бастауыш қызметiнде жұмса-
луына ғана тоқталған. Я.Д. Пинхасов, В.П. Жуковтың да пiкiр-
лерi осы негiздес. 
Қазақ тiлi материалдары негiзiнде фразеологиялық единица-
лар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. 
I. Кеңесбаевтың еңбектерiнде фразеологиялық единицаның 
синтаксистiк жағы онша еленбейді [74, 491].
Р. Сəрсенбаев пен Ө. Айтбаевтың еңбектерiнде фразеолoгия 
тек таза ФЕ acпeктісінде ғaнa зерттелiнiп, олардың синтаксистiк 
ерекшелiктерi сөз болмайды [75; 76]. Т. Қор дабаев, Х. Қожахме-
тованың, М.М. Копыленколардың еңбектерiнде ондай тұpaқты 
тiркестердiң сөйлем мүшесiнде жұмсалуы бiраз айтылады [77].
Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбек терге 
шолу жасай келгенде, бiрiншiден, ол еңбектер өте көп, екiншiден, 
олардың 99 пайызы таза фразеология лық аспектiде жазылған, 
үшiншiден, синтаксистiк өзгешелiктерi туралы жазылған еңбек-
тер жоқтың қacы, төр тiншiден, синтаксистiк бағытта жазылған 
еңбектерде, көбiне, тек сөйлем мүшелерi тұрғысынан баяндау 
басым. 
Профессор М. Балақаев cөз тipкecтepi, оның iшiнде түй декті 
тipкecтepдің жасалу жолының бiрi тұpaқты тipкecтер дей келiп, 
қазақ тiл бiлiмiнде тұрақты тiркестердiң сөз тipкeciнің бiр сыңары 


77
Күрделі сөз тіркестері
қызметiнде жұмсалатындығын алғаш көрсетiп бердi. Бiрақ ав-
тор ол мəселенiң iшкi ерекшелiктерiн, ондай кезде бағыныңқы 
сыңары қызме тiнде ғaнa жұмсалатындығын ескертумен қанағат-
танады [16, 32].
Тiлдiк фактiлер əр уақытта да бiр-бiрiмен тығыз бай ланыста 
қолдануға тиic десек, фразеологиялық единица да тiлдiң басқа 
салаларымен тығыз байланысты. ФЕ сол тiлдiк фактiлердiң 
iшiнде синтаксис, оның iшiнде сөйлем мүшесiмен де, тiптi сөй-
лемнiң түрлерiмен де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы атал-
ған еңбектерде ескерiлiп отыр. Біздің байқауымызша, фразеоло-
гиялық единица лар – тек сөйлем мүшесi ғана емес, сол сияқты 
сөз тipкecтepiнe де қатысы бар категория. Оның өзiндiк себептерi 
бар. Жалпы жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнде фра зеология-
лық единицалардың, көбiне, сөйлем мүшесiне қaтысы көбiрек 
айтылады да, ал олардың сөз тiркесiне қатысы тек З.В. Baлю-
синская-Донскова, В.П. Жуковтың мақалаларында ғана аздап сөз 
болады [78]. В.П. Жуков ФЕ-ның сөз тiркесiне қатысы туралы 
былай дейдi: «Лексикалық единицалар сияқты фразеологизм де 
меңгерiлуге бейiм. Тiптi басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байла-
нысады. Бiрақ басқа сөздерге қарағанда оны бөл шектеуге кел-
мейдi, ол бiртұтас нəрce», – деп сөз тiркесiнiң белгiлi бiр бай-
ланысу формасы арқылы жұмсалатындығын көрсетеді [79].
Жалпы сол мақалалардағы негiзгi пiкір ФЕ-дың сөйлем мүшесi 
болатындығын тiлдiк фактiлермен дұрыс дəлелдейдi. Бiрқатар 
авторлар сөйлемнiң бар лық мүшелерi, ендi бiреулерi тек бастау-
ыш қызметiнде жұмсалуы тиiс деп, олар қалайда сөйлемнiң кез 
келген мүшелерi болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тip-
кeстep сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаратындығы айқын де-
сек, ендi арнайы сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсалатын он-
дай категориялардың сөз тipкeciнe де қатысы айқындалуға тиic. 
Өйткенi сөз тіpкeci мен сөйлем мүшелерiнiң де қызметiнде 
ұқсастықтарының барлығы белгiлi. Eкeyi де өз тұсынан сөйлемнiң 
аясын кеңейтiп, ойды жеткiзуде бiрдей қызмет атқарады. Сөз 
тipкeсiнің сыңарларына қойылатын шарттың бiрi – олардың ба-
ғыныңқы сыңарларының анықтауыштық, толықтауыш тық жəне 
пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы (қызыл орамал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет