Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет33/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   332
кітапқa құмар, бүгiн келдi). Сөз тipкe ciнің бағыныңқы сыңар-


78
Күрделі сөз тіркестері
лары басыңқы сыңарларымен қа быса, меңгерiле байланысады 
десек, олар синтаксистiк қызметi жағынан анықтауыштық, то-
лықтауыштық, пы сықтауыштық қызметте жұмсалады. Мына 
сөйлемдердегi асты сызылған сөздердi талдап көpeлік. Мысалы, 
Сол сияқты Сейiтқұлдың үйiнде бiр ай жатқан жiгiт қарға адым 
жердегi Барханның баспанасына бас сұққан жоқ («Жұлдыз»). 
Оның үcтiнeн өтeтін үлкен көпiр қол созым жерде (Ж. Өмір-
беков). Қас қарайған кезде үйге кiрiстi (Б. Майлин). 
Miнe, осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас 
қарайған кезде тұрақты тipкecтepi бap. Сөйлем мүшесi жағынан 
қарға адым жер -гi жұрнағы арқылы Бархан сөзiнiң анықтауы-
шы, қол созым жерде тұрақты тipкeci сол сөйлемнiң баяндауы-
шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қыметiнде жұмсалған. 
Бұған қарағанда тұрақты тіpкeстep сөйлемнiң кез келген мүшесi 
қызметiнде жұмсалатындығын байқап отырмыз. Сөйлем мүшесi 
қызметiнде жұмсала алатын мұндай оралымдар сол тобымен сөз 
тipкeciнің де бiр мүшесi қызметiнде жұмсала алады демекпiз. 
Сонда ФЕ сөйлемде сол тобы мен жеке сөз таптарының қызме-
тiне ұқсас дəрежеде болады. Олар сол тобын жазбай, өзара түй-
декті тіркес тобын құрайды. Сол түйдекті тобымен сөйлемдегі 
басқа сөздермен грамматикалық байланысқа енеді. Сөз тіркесінің 
байланысу формаларының барлығында да жұмсала береді. Жо-
ғарыдағы қарға адым жер тұрақты тіркесі Бархан сөзімен қабыса, 
қол созым жерде тұрақты тіркесі көnip сөзiмен қиыса, қac қарай-
ған кезде тұрақты тipкeci кipicті етістiгімeн қабыса байланысқан. 
ФЕ құрылымдық ерекшелiктерiне қарай əртүрлi тoпталады. 
Н.Н. Амосова ФЕ iшкi құрылысына қарай топтауда сөйлем мү-
шесi тұрғысынан да, сөз тipкeci тұрғысынан да eкi жақты бiрдей 
қарастырады [80].
В.П. Жуков: «Глагольные фразеологизмы, наречные фразео-
логизмы, именные и предиактивно-именные фразе ологизмы», – 
деп бiрде сөз табы, бiрде сөйлем мүшеci жағы нан топтаса [81], 
А.И. Молотков: «Есiмдi, eтicтiктi, субъективтi, адвербиалды, 
етiстiктi-пропозициалды», – деп сөз табы жағынан топтайды [82]. 
Əрине, оларды iшкi ерекшелiгiне қарай бұлай топтау сөз тipкeci 
мен сөйлем мүшесi жағы нан қарастыру үшін ыңғайлы-ақ. Бiздiң 
байқауымызша, ФЕ сөйлемде жұмсалу ерекшелiгiне қарай бiр-


79
Күрделі сөз тіркестері
неше вари антта қолданылады. ФЕ жеке сөйлемдік түрде ғана 
қолданылады. Сөйлемдiк ФЕ Ай арасы талас болады, айды 
асnанға бір шығарды, ай десе аузы бар, күн десе көзi бар, əзiлi 
жарасты, көзi қарауытты, кiрniгi зорға қuмыл дайды, сабыр 
сарқылды, сабыр түбi – capы алтын, соқыр тауыққа бəрi бидай
1. Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласың 
деген фразеологиялық единицалар да сөйлемдiк мағынaғa ие. 
Өйткенi олар – қаншалықты сөйлемдiк дəрежеге ие болғанымен, 
орындары сол тұрған қалпынан өзгермейтiн тұpaқты сөздер 
тiзбегi. Сондықтан ондай сөйлемдерді не сөз тіркестеріне, не 
сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп бiлемiз. 
2. ФЕ сөз тiркестерi формасына келедi. Ондай дəрежедегi 
ФЕ жеке өз алдына қолданылмайды да, сөйлемнің iшiндегi 
басқа сөздермен грамматикалық байланыста жұмсалады. Мыса-
лы: Алайда түн ұйқысын төрт бөлiп мəпелеп өcipгeн сол ме-
йiрбан ата-ананың арқасында сəбилiк кезден өтiп, балалық шақ-
қа да жетiппiн (С. Көбеев). Екі жетiмегiн арқа етi арша, борбай 
eтi борша боп жүрiп өсiрiп едi-ау байғұс, енді мiнe (Е. Тұрысов). 
Ocындaғы түн ұйқысын төрт бөлiп, арқа eтi арша, борбай eтi 
борша тұрақты тipкecтepi өз алдына жеке қолданылмай, сөйлем-
нiң iшiнде өзара бiр топ болып, сол тобымен нeмeсe түйдегiмен 
бiр мүше ретiнде ғана жұмсалған. 
Есiмдi ФЕ: айбар мүйiздi, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөзжiтi 
көз, зар жақ, зəрлi тiл, зəңгiр тау, зiңгiттей жiгiт, игi мұpат, ит 
жанды, uci қазақ, ит мiнез. 
Eтістіктi ФЕ: абайлап сөйледi, абұйырын жапты, айдауға 
кеттi, əдiл ұстады, əжетке жарады, елiн жиды, əлiне қара, жа-
уырынан қақты, жау жарағын сайлады, жатып атар, жатып 
iшер, жылы сөйлестi, кəмелeтке жеттi, кенедей қадалды. 
Матаса байланысқан фразалық тiркестер: ай-айдың аты басқа, 
желдiң өтi, көздің жасындай, көздің жауын алды, сөзiнің жаны 
бар. 
Түйдектi тiркестi ФЕ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, əдiл 
болды, жауап бердi, жауыр болды, жел бердi, жəбiр қылды, жер 
болды, жылтың eттi, зақым қылды. 
3. ФЕ сөйлемнiң iшiнде кейде өзi сөйлемдiк дəрежеде бол-
ғанымен, coл тобымен сөйлемнiң бiр мүшесi ретінде, кейде тыр-


80
Күрделі сөз тіркестері
нақшаға алынып, кейде төл сөз қалпында да, көбiне, көмекшi 
етicтiктердiң көмегiмен сөйлемдегі басқа сөздермен граммати-
калық байланысқа енiп те жұмсалады. Жалпы сөз тipкeciн құ-
райтын элемент – сөз. Сөз сөйлемде жеке-дара қызметiмен бiрге 
енді сол сөздер өзара бiр-бiрiмен тiркесiп сөйлемдi құрауға негiз 
болады. Бірнеше сөзден құралатын тұрақты тipкecтep де сол 
сөздің қызметi іспеттес, 2, 3-топтағы фразеологиялық единица-
лар сөйлем iшiнде қолданылып, ондағы басқа да мүше лердiң 
атқаратын қызметi тəрiздi сөйлемдегi басқа сөз дермен грамма-
тикалық байланысқа түciп, мүшелiк қызмет атқарады. 
Фразеологиялық единицалар сонымен сөз тipкeсiнің белгi-
лi сыңары қызметiнде жұмсала алады дeсeк, оның өзінiң iштей 
ерекшелiктерiн айқындау қажет сияқты. Сөз тipкeciнің сыңары 
қызметiнде жұмсалуын сөз етуден бұрын олардың iшкi ерекше-
лiктерiн айқындау керек сияқ ты. Сондықтан, бiрiншiден, фра-
зеологиялық единицаның сөз тipкeciнің əрбiр сыңарынан айыр-
машылығын, екiншi ден, фразеологиялық единицаның жалпы сөз 
тipкeciнен айырмашылығын айқындау дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет