Талғат сайрамбаев


Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы



Pdf көрінісі
бет34/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы. 
Фразеологиялық единицаның сөзден, яғни тек дербес мағынасы 
бар сөздерден айырмашылығы көптеген авторларда арнайы сөз 
болып айтылуда.
Академик В.В. Виноградов фразеологиялық единица туралы 
айта келіп, оның сөзден бүтіндей айырмашылығының барлығын, 
бірақ күрделі сөзге ұқсастығы болғанымен, екеуінің жігінің бір 
еместігін дұрыс көрсетеді. Автор «бить баклуши», «тянуть ка-
нитель, втирать очки» сияқты ФЕ-ның əдеттегі сөз тіркесіне ұқ-
састығы болғанымен, бір еместігін айта келіп, олардың сөйлем-
де баяндауыш, анықтауыш жəне пысықтауыш қызметінде жұм-
салатындығын айқындап, оларды мысалдармен дəлелдеді [83, 61].
А.В. Кунин фразеологиялық единица мен сөз туралы айта 
келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің 
бірінші айырмашылығы мазмұнында. Екінші айырмашылығы 
жасалуында. Үшіншіден, фразеологиялық единицаның мағына-
лық құбылысы мен сөздің мағыналық құбылысы еш уақытта 
сəйкес келмейді деп, күрделі сөздерден айырмашылығын ес-
кермейді [84, 2].


81
Күрделі сөз тіркестері
В.М. Бурмако сөздің фразеологизммен арақатынасы туралы 
айта келіп, «фразеологизмдердің жеке сөзбен салыстырғанда 
коммуникативтік (байланыстылық) рөлі күшті. Семантикалық 
толықтығы, стилистикалық жəне өзінің көлемі жөнінен фразе-
ологизмдер сөзден əлдеқайда кең мағынадағы тіркестер болып 
саналатындығын көрсетеді» [85, 119], – дейді.
А.Л. Ониани фразеологизмнің сөзден айырмашылығы ту-
ралы төмендегідей пікір айтады:
1. Сөздің мағынасы болады, сондықтан да ол – лексикология 
мен семасиологияның объектісі. «Фразеологизмнің сыңарлары 
мен сөз бір-бірінен өзіндік мазмұны арқылы ажыратылады. 
Біріншісінің соңғысына қарағанда лексикалық мағынасы жоқ, 
сондықтан да ол cөз бола алмайды. 
2. Фразеологизм өзiнiң айтылу мəнерiмен ажыратылады [86, 87].
А.И. Молотковтың редакциясымен шыққан «Фра зеологи-
ческий словарь русского языка» атты еңбегінде фразеология, оның 
өзiндiк ерекшелiктерi туралы айта келiп, автор оны тiлдiң басқа 
да өзiне ұқсас категориялардан, яғни, бiр жағынан, сөзден, екiншi 
жағынан, сөз тipкeciнен төмендегiдей айырмашылығын көрсе-
тедi: сөй лемде фразеологизм сол тобымен бiр бүтiн ретiнде жұм-
салатын болса, ал сөз жеке-дара-ақ өз алдына жұмсала бередi. 
Екеуiнiң ұқсастығы: 
1. Eкeyi де кемiнде бiрнеше сөзден болады. 
2. Екеуiнiң тарихи байланысы бар [82, 8-9 бб.]. 
Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы тура-
лы тағы да көптеген авторлардың да пiкiрiн, əcipece, А. Навои 
атындағы Самарқанд мемлекеттiк университе тiнiң «Фразеоло-
гизм жəне сөз» атты симпозиумның ма териалынан анық бай-
қауға болады. Осы тақырыпта В.А. Жуков, А.Н. Кожин, А.И. Мо-
лотков, Э.Б. Танкин, З.И. Баранова, т.б. авторлардың қамтуымен 
26 баянда ма жасалған. Сол сияқты бұл мəселе туралы тағы да 
сол университетте өткiзiлген жиында сөз болды. Онда 53-тей 
баяндаманың жартысына жуығы сөз бен фразео логиялық еди-
ницаның ұқсастығы мен айырмашылығына арналған. 
Мiнe, осы аталған еңбектерде сөз бен фразеологиялық еди-
ницаның айырмашылықтары арнайы айтылғанымен, əрқайсы-
сында түрлiше көзқарастың барлығы айқын. 


82
Күрделі сөз тіркестері
І. Кеңесбаев – қазақ тiлiндегi фразеология мəселесi туралы 
əpi алғашқы зерттеушi əpi сол мəселенi жан-жақты талдаушы 
ғалымымыз. Автор өзiнiң мақала, оқулық жəне кейiнгi сөздiгiнде 
фразеология мəселесiне жан-жақты тоқталды деуiмiзге болады. 
Алайда бұл мəселенi, кө бiне, лексикалық тұрғыдан немесе фра-
зеологияны тiлдiң өзiндiк бiр саласы деу тұрғысынан қарады. 
Miнe, осы ceбептерге байланысты болу керек, егер орыс тiлi, т.б. 
тiл дердегi сөздiктерде авторлар фразеологияны сөзбен де жəне 
сөз тipкecтepiмeн де ұқсастығы мен айырмашылығын бiрдей 
атаса, І. Кеңесбаев фразеологияның сөзден айырмашылығын ғана 
айтумен шектелген. Автор сөз бен фразеологияның кей ретте 
мағына жуықтығы болғанымен, олардың арасында теңдестік бел-
гісін қоюға болмайтындығын көрсетеді. ФЕ-да мағына тұтасты-
ғы, тіркес тиянақтылығы, қолдау тиянақтылығы қайталанбайды 
дей келiп, ондай ерекшелiктер сөзде болмайтындығын дұрыс 
айқындайды [74, 597]. Автор ФЕ-ның сөзден айырмашылығын 
айтса да, оның сөз тiркесiне қатысы туралы сөз қозғамайды да, тек 
контекст аясында бiр ғана сөйлем мүше ci, яғни толықтауыш пен 
баяндауыш қызметiнде жұмса лады деп көрсетеді [74, 617]. 
Жалпы сөз бен фразеологиялық единицаның айырмашы-
лығы мен ұқсастығы туралы мынадай қорытындыға келу керек 
сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет