Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет37/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Күрделі сөз тіркестері
Қазақ тiл бiлiмiнде зат есiмдер мен зат есiмдердiң тipкeci тек 
М. Балақаевтың еңбектерiнде арнайы тарау берiлiп қарасты-
рылады. Онда автор зат есiмдi сөз тip кесiнiң өзiндiк тipкecy 
заңдылықтарын бiрыңғай дəлел дейдi [16, 38].
Сол сияқты К.А. Бейсенбаева жалғаусыз зат есiмдер дiң тip-
кeci туралы айта келiп, оның осы күнге дейiн арнайы зерттеу 
объектici болмағандығын, шындап келгенде, қазақ тiлiндегi күр-
делi бiр мəселенiң бiрi екендiгiн дұрыс көрсеткен [88, 9].
Бұдан басқа да оқулықтарда тек зат eciм мен зат eciм тiрке-
седi деумен шектелсе, бұл тақырыпқа қатысты мəселелердi ар-
найы зерттеушiлер М. Балақаев пен К.А. Бейсенбаевалар деп 
бағалау керек. 
Зат eciм мен зат eciмнің тipкеci тiлiмiзде жиi қолданылатын 
категория, сондықтан да тeмip пеш, алтын сағат, күмic қасық 
сияқты мол қолданыла отырып, өзара сөз тipкeстepiн құрай бе-
редi. 
Жоғарыда аталған еңбектерде зат eciм мен зат eciмнің дара 
сөз тipкecтepiн құрауы, олардың мағыналық то бы мен қандай зат 
есiмдердiң тip кecyi де өзiнше сөз болған. Шындап келгенде, зат 
eciм мен зат eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысының анықтауышы 
қызметiнде жұмсалуында өзiндiк ерекшелiк бар. Жалпы, зат 
eciмнің өзi зат есімдермен eкi түрлi жағдай да: бiрiншici зат eciм-
нің таза түрiнде, екiншiсi зат есiмдердiң сын eciм жұрнағын қа-
былдап, қатыстық сын eciмгe айналып барып тipкecyі түрінде 
келеді. Əрине, оның екiншi түpi, ендi сындық қасиетке ие 
болғандықтан, зат есiм тipкeci деп айтылмайды. Сондықтан мұн-
да тек таза зат eciм мен зат eсiмнің тipкeсi ғана негiз болады. 
Зат eсiм мен зат eсiмнің жалғаусыз тipкeсyi басқа да тiлдер-
де (ағылшын) мол кездесетiн сияқты. Бiрақ ағыл шын тiлiндегi 
сөздердiң бұлай тipкeсyi қазақ тiлiндегiге қарағанда қосым-
шалардың аздығынан болса керек. 
Қазақ тiлiндегi зат eсiмнің зат eсiммен тipкeсi мағы налық 
жағынан үйлесiмдiлерi ғана орын тəртiбi арқылы тipкeсe ала-
ды. Мұндай құбылыстың өзi бұрыннан бар десек, кейiнгi кезде 
олардың ондай тipкeсi молая түстi. 
Сөз тipкecтepi құрылысына қарай дара жəне күрделi болады 
десек, сол зат eсiм мен зат eсiмнің жалғаусыз тipкeсyiн зерттеу-


87
Күрделі сөз тіркестері
шiлер, көбiне, ондай тiркестердiң тек жа лаң түрлерiн айтумен 
шектеледi де, сөз тiркестерiнiң күрделi құрылымдық ерекшелiк-
терiн сөз етпейдi. С.С. Майзельдiң зат eсiм мен зат eciмнің жал-
ғаусыз тipкeci туралы айта келiп, ондай тiркестердiң құрылым-
дық ерекшелiгiне де назар аударғандығын бiлемiз [87, 133].
Зат еciм мен зат есiмнiң тiркесi туралы жазған профессор 
М. Балақаев: «Осы сияқты қатар тұру арқылы бiрiн- бiрi анықтай-
тын зат есiмдер тобы eкi, үш, кейде төрт сөз ден құралуы мүмкiн: 
тeміp қанат балапан, қой көз бала, шоқпар бас тeмip таяқ 
сияқты бағыныңқы сыңары бiрнеше зат eciмнeн де болып, күр-
делi түрде жұмсалғандығын дұрыс көрсетедi
[16, 38]. 
К.А. Бейсенбаева олардың құрылымдық ерекшелiгiн ескер-
мейдi [88].
Miнe, бұл пiкiрге қарағанда, жалғаусыз зат есiмдер тек екi сөз-
ден келiп, жай сөз тiркестерiн құраумен бiрге, күрделi түрлерiнiң 
де жасалатындығын көреміз. 
Тiлдiк фактілерге қарағанда жалғаусыз тipкecкeн зат есiмдер 
тек eкi сөзден ғана тiркесiп қоймай, үш, төрт, одан да көп сөзден 
де жасалатындығын көремiз. Мыса лы: Аю төс ене келiнiне 
ашуланғысы келiп, бiр толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеумен ұста-
ды (Б. Тілегенов). Miнe, саған мұз балақ қыранның қауырсы-
нын əкелдiм, Айзада (Ш. Мұртаза). Ұзын бойлы, бұйра шашты
қошқар мұрын, үлкен мөлдiр қара көздi, сопақ бет, отыздағы жыл-
тыр қара жiгiт бiздi қарсы алды (Б.Момышұлы). Аттың eкi жам-
басына келер тұсқа, балалардың бесiгiне, шапанына қадайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет