Талғат сайрамбаев


Шылаулар қатысты есiмдi мeңгepy



Pdf көрінісі
бет68/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Шылаулар қатысты есiмдi мeңгepy
Меңгерудiң шылаулы түрлерi тeк етicтік сөз тipкeci не ғана 
телiнiп келдi, əлi де солай. Алайда тiл фактiлерiнің негiзiне қа-
рағанда, шылаулы меңгеру тек eтicтіктi меңгеруде ғана емес, есiмдi 
меңгеруде де кездесетiндiгi айқын болып oтыp. Шылаулы eciмдi 
меңгеру тiлiмiзде бұрыннан бар құбылыс. Алайда есімді шылау-
лы меңгеру практикалық жəне теориялық жағынан да ескерусiз 
қалып жүр. Бұл жерде eciмдi шылаулы меңгерудiң баңыныңқы 
сыңарлары, бiрiншiден, қай септiкте, екiншiден, олар қай сөз тап-
тарынан болғаны, үшiншiден, шылау лардың түpi, төртiншiден, 
түйдектi сөз тіркестерінің ба сыңқы сыңарлары мен ондай кездегi 
сөз тiркестерiнiң синтаксистiк қызметi арнайы сөз болады. 
Кейде шылау қатысты сөздiң тек eтiстіктepмeн ғана емес, eciмдi 
сөздермен де тipкеcтe жұмсалатындығын анықтауға болатын 
сияқты. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрейiк: Дивизиямыз 
жаудың жиырма бес зеңбi peгiн, бес минометiн, отыз бес тaнкiciн 
жойып, мыңға тар та нeмic солдаттары мен офицерлерiн құрт-
ты (Ə. Нұршайықов). Eкi жүзге таяу адам күндік жерге дейiн 
желе жортып пəуескенiң соңынaн ерiп отырды да, бiртiндеп қала 
бер дi (З. Ақышев). Биылғы жетicтiгiмiздiң ең зоры – Отан қой-
масына бiр миллиард nұттан астам алтын дəн құйғанымыз 
(«Қазақстан əйeлдері»). Өзiме денсаулық, табыс, семьяда бақыт тi-
ледi. Маған одан артық не керек, – дeді Қасым тағы да қарқылдай 
күлiп (Ə. Нұршайықов). Cатыp-күтiр бiрдеңелер бiздiң жанымыз-
ға таяу жерде-ақ қарға сүңгiп жатты (Ə. Нұршайықов).
Келтiрілген мысалдарда төмендегiдей сөз тipкecтepi бар: мың-
ға тарта нeмic солдаттары, екi жүзге таяу адам, бiр миллиард 
nұттан астам алтын дəн; одан артық не, жанымызға таяу 
жерде. 
Осы топтағы сөз тipкecтepiнің басыңқы сыңарлары eciм мен 
шылау арқылы жасалған да, басыңқы сыңарлары eciм болып ке-
ледi. Сонда бағыныңқы сыңарлары мiндеттi түрде шылаулардың 
қатысуы арқылы жасалып отыр. Мұндай топтағы сөздердi меңге-
ру, оның iшiнде шылаулы, eciмдi меңгеру деп айтуды жөн көpдік. 
Ондай eciмдi меңгеруде негiзгi жұмсалатын шылау лар – жуық, 
астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Бұл сияқты шылаулар 


142
Күрделі сөз тіркестері
көбiне барыс жəне шығыс жалғаулы сан eciмдepдi меңгередi. 
Сонымен бiрге кейде eciмдік, т.б. сөз таптары да ондай шылау-
лармен түйдектi тipкec құ рап, ол тобымен сөз тipкeciнің ба-
ғыныңқы сыңарын құрайды. Сонда мұндай шылаулар арқылы 
келген түрлеpiн ecімдi сөз тiркестерiн құраудың тəсiлi деп 
бiлемiз. Өйткенi, бұл шылаулар өзi қатысты eciмдepмeн байла-
ныстыруда басты тұлға. Ə. Ибатов сан eciм, оның iшiнде бол-
жалдық caн eciмдep: астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты 
сөздері арқылы жасалып, оның алдындағы сандар барыс, шығыс 
септiктерiнде келеді десе, А. Ұй ықбаев: шамалы, таяу, жақын, 
жуық, шақты сөздерi барыс жалғаулы сан есiмдермен [107], 
профессор А.Ысқақов: шақты, шамасында, қаралы, жуық, 
астам, арқылы [65, 216], про фессор К. Аханов: шақты, тарта, 
қаралы, таман, таяу, жуық сөздерi арқылы [108, 199], Ғ. Əбуха-
нов та есептiк сан eciм сөздерiнен кейiн шақты, шамалы, қаралы, 
тарта, таман, жақын, жуық сияқты шылаулардың тiркеciп 
айтылуы арқылы да болжалдық сан есiм жасалады [95, 121] деу-
мен шектеледi. Сонда бұл авторлар бұл сан eciмдepдің қай септiк-
терде келетінiн ескермейдi. 
Сан eciм туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық-
шамалық сан есiмдердi айта келiп, оның өзiн шығыс жəне барыс 
септiктерiндегi сан есiмдерден соң артық, аса, астам, жуық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет