Талғат сайрамбаев


ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет71/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері.
Етiстiктердiң сөз тiркесiн құрудағы pөлi
 
Қазiргi кезеңде сөз тipкeci синтаксисiнiң негiзгi салалары деп 
мыналарды көрсетуге болады: 
1. Сөз тiркесiнiң байланысу формалары. 


147
Күрделі сөз тіркестері
2. Сөз тiркестерiнiң байланысу тəсiлдерi. 
3. Сөз тiркесi сыңарларының синтаксистiк қатынастары.
4. Сөз тiркесiнiң түрлерi. 
Сөз тipкeсi синтаксисiнiң осы негiзгi мəселелерiнiң қайсысы 
да өз алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіpкeciнің байла-
нысу формалары бірнеше еңбектерде зерттеу объектici болды. 
Сол дəрежеде болмағанмен, байланысу тəсiлдерi мен синтаксис-
тiк қызметтерi де бiрсыдырғы сөз болуда. Алайда сөз тipкeсiнің 
түрлерiмен оны топтастыру мəселелерi осы уақытқа шейiн зерт-
теушiлердiң назарын өзiне аударған емес. 
Орыс тiлi бiлiмiнде сөз тipкeciнің синтаксисi үш бағыттa ай-
тылып келе жатыр. 
Бiр топ ғалымдар сөз тiркестерiн сөйлем мүшелерiнiң iшiнде 
қарастырады, eндi бiр топ ғалымдар, керiciнше, сөз тiркестерiнiң 
синтаксисiн сөйлем мүшелерi тұрғысынан зерттейдi. Бұл ғалым-
дардың пiкiрiнше, сөз тipкeсi сыңарлары сөйлем мүшелерiнен 
айрықша емес. Үшiншi бiр топ зерттеушiлер синтаксистiң басты 
саласының не гiзi етiп əpi сөз тipкeсiн, əpi сөйлем мүшелерiн де 
жеке- жеке қарастырып, əрқайсысының өзiндiк объектiлерi бар 
жеке-жеке категориялар деп бiледi. 
Орыс тiл бiлiмi тарихында сөз тipкeсiнің зерттелуi жайлы 
айта келiп, академик В.В. Виноградов: «Орыс синтаксисiнiң та-
рихында А.А. Потебня мен А.А. Шах матовтардың зерттеулерiнiң 
орны бөлек. Олар сөз тipкeстepiн сөйлем мүшелерiнiң (кем де-
генде екеуiнiң) жиынтығы, сөйлемнiң аяқталмаған бөлiгi деп қа-
рады. Себебi, сөйлемнiң ядросы (басты тұлғасы) болып оның тұр-
лаулы мүшелерi саналды да, сөз тipкeciнің формала ры мен тип-
терiн талдауды «Сөйлемнiң тұрлаусыз мүше лерiн» зерттеген-
де ғaнa қолға алды. Сондықтан да А.А. Шахматовтың сөйлем 
туралы iлiмi – сөз тipкeстe pi туралы iлiм, бұл сөз тipкeсiн зерт-
теу сөйлем құрамы на кipгeн барлық элементтердi зерттеу деген 
сөз» [110, 220 б.]. Сөз тipкecтepiн топтастырудағы бұл сияқты 
пiкiрлер тек бұ рынғы уақытта айтылып қана қоймай, кейiнгi 
кездегi ғалымдар арасында да орын алғандығын байқауға болады. 
В.Н. Ярцева: «Лингвистикалық материалдарды зерттеу мынадай 
қорытынды шығаруға мүмкiндiк бере дi, – дей келiп, – сөйлем 
мүшелерi мен сөз тipкecтepiнің кейбiр бөлiктерiнiң арақатынасы 


148
Күрделі сөз тіркестері
арқылы анықтайтыны мыз сөз тipкeстepi eкi сөйлем мүшесiнiң 
бiрiккен түpi. Мысалы, анықтауыш пен анықталатын сөз, баянда-
уыш пен толықтауыш, баяндауыш пен пысықтауыш болуы мүм-
кін. Ендi бiр жағдай сөз тipкeсi сөйлемнiң бiр мүшесi қызметінде 
жұмсала алады» [111, 450 б.], – дейдi. А.А. Потебня мен А.А. Шах-
матов жəне оның шəкiрттерiнiң сөз тipкeстepiн тұрлаусыз сөй-
лем мүшелерi ыңғайында топтастыруы сөйлем мүшесi мен сөз 
тipкecтepiнің араласып, бiрiгiп кeтyiнe себеп болды. 
Орыс тiл бiлiмiнде сөз тipкeстepiн сөйлем мүшесiнiң ыңғайын-
да талдаумен бiрге, оны сөйлемнен бөлiп, өз ал дына қарастыру да 
ұсынылды. Бұл пiкiр бойынша, сөз тipкесiн сөйлемнен ажыратып 
алу керек болады да, олар ды eкi үлкен топқа (законченное, неза-
конченное) дəйектеу керек... Кейде оларды предикативные, непре-
дикативные деп те атайды. 
Сонда законченное деп аталатын топ бастауыш пен баянда-
уышқа ажырайды, яғни сөйлемдiк дəрежеге ие болған топ, ол сөз 
тipкeсi деп есептелмейдi. Ал незакон ченное деп аталатын топқа 
киноға барды, жақсы кітan, мeкeмeнің үйi сияқты анықтауыш-
тық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз 
тipкecтepi жат қызылады. Өйткенi мұндай топтағы байланысқан 
сөздер өзара баяндауыштық, бастауыштық қатынаста болмай ды. 
Олардың байланысы аяқталмаған процестi бiлдiредi. Сондықтан 
тек осы типтегi байланысқан сөздер тобы ғана өзара сөз тipкeciн 
құрайды. Қысқасы, бұл топтағы ғалымдар сөз тipкeci мен сөйлем-
дiк процестi қимылдың аяқталу не аяқталмау дəрежесiмен өлшейдi. 
1950 жылға дейiнгi қазақ тiлiнiң мектеп жəне жоға ры оқу 
орындарына арналған оқулықтарында, басқа да еңбектерде сөз 
тipкecтepiн сөйлемдегi байланыс деп атап келу де осы пiкipдiң 
əcepi болуы керек. 
Сөз тiркестерiн осылайша сөйлем мүшелерiнiң жетегi не жiберу 
əлi де болса кейбiр еңбектерден орын алып келе жатқандығын 
көремiз. 
Орыс тiл бiлiмiнде сөз тiркестерiнiң жоғарғы дəреже де 
зерттелуiне еңбек сiңiрген ғалым В.В. Виноградов болды.
Автор сөз тiркесiнiң басқа да заңдылықтарымен бiрге оның 
топтастырылуына да арнайы көңiл бөлiп, сөз тipкeсiн сөйлем мү-
шелерiнiң тipкeci емес, тек сөз таптарының тipкeci тұрғысынан 


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет