Талғат сайрамбаев


Бағыныңқы сыңары көмектес жалғаулы күрделi сөз



Pdf көрінісі
бет67/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   332
4. Бағыныңқы сыңары көмектес жалғаулы күрделi сөз 
тipкecтep
Бұл Абылай ханмен тұстас, oнымен бiрге талай жорықта бо-
лып, «батыр» атағын алған Нашанның тipi кезi екен (С. Мұқанов). 
Колхозды өз қолымен ұйымдастырғандардың бiрi (Ə. Нұрпейі-
сов). Сiз Сахарада менiң де əңгiмелесетiн, жалғыз бiр мəжiлiс-
тесiм есебiнде қажетсiз, қадiрiмсiз (М. Əуезов). 
ІІ. Басыңқы сыңары күрделi есiмдi сөз тipкeстepi төмен-
дегiдей: 
а) Басыңқы сыңары зат есiмдердің, яғни изафеттiк құбылыс-
тың І, ІІ, ІІІ түрі арқылы жасалады: 
Басында Қамажайдың бiр тал үкi,
Айырылып Қамажайдан болдым күлкi. 


140
Күрделі сөз тіркестері
Қолында Қамажайдың алтын жүзiк, 
Қамажай отыр ма екен көзін сүзiп. 
Қыз, келiншек қырманда, қолында күмic күpeгi («Қазақ əде-
биеті»).
 
ə) Басыңқы сыңары сын eciм мен зат есiмнiң тipкeci арқылы 
келедi: Eкeyiнің үстiнде де қара тон (Ə. Нұрпейісов). Қазақ қыз-
дарының қолында ұзын сапты əйнек (Ə. Сəрсенбаев).
б) Басыңқы сыңары зат eciм мен сын eciм қызметiндегi көмек-
шi сөздер арқылы жасалады: Қоржынбай Зылиқаға бөле есеп-
тi (Б. Майлин). Абай мен Оспан арасы бес-алты жас. Сондықтан 
оған Абай аға ecenтi (М. Əуезов). 
в) Басыңқы сыңары сын есiмдер арқылы тipкec жа сайды: Тек 
осы бiр желi түскip осы елге о бастан ерекше үйip (Ə. Нұрпейісов). 
Eртic Обьтан анағұрлым ұзын («Жалын»). 
г) Таза күрделi сан есiмдер есептелiп келiп, басыңқы қызмет-
те жұмсалады: Е, бəрекелде, үйiрiмен үш тоғыз! Бұл бiр үлкен 
қызық қой! (Ғ. Мүсірепов). Жиырма үштегi жiгiт майданда да 
жuырма үште (Ғ. Мүсірепов). Қойлардың шөп же мей, су iшпе-
генiне бiр жетi (Ə. Нұрпейісов). – Есептейiк, мeнiкi бес жүзге ай-
налып барады. Ceнiкi қанша? – Қайдам? Əзiрге eкi жүз елу (F. Мұс-
тафин).
д) Сан eciм мен түрлi нумеративтi жəне қосарлы сөз дердiң 
түйдектелуi арқылы жұмсалады: – Қазанғап тұра ұмтылды, – ол 
сенен мың есе артық ... кici өлтiрген жоқ... өлтiрген қожайын 
(Ə. Сəрсенбаев). Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскендер-
дің өмip үшiн жанталасқанына бүгiн үш тəулiк. Айбековтердiң 
Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскеніне бiр аnта. Ол 
Ақыртөбеге қырық шақы рымдай (С. Алдабергенов). Сырт жағы-
мыздағы қалың орман бiз ден eкi жүз метрдей жерде (А. Бек). 
Орысқа күнінe жет nic тиын, қазаққа елу тиын, қатын мен бала 
болса қырық тuын төлейтiн («Жалын»). 
е) Есiмше мен зат еciм тiркесiп, басыңқы қызметте жұмсала-
ды: Оқушылардың өндірістік бригадасы – жас ұландарды еңбекке, 
коллектившiлдiкке баулитын орта (А. Хангелдин). Ертең – об-
лысқа жөнелтiлетiн күн (Т. Əлімқұлов). 
Қосарлы сөздер де басыңқылық қызметте жұмсала ды: Ыңырана 
керiлiп, созылып көзiмді уқалай үйден шықтым. Kөгepшін де 
Бақытжанға aң-таң (Д. Досжанов). 


141
Күрделі сөз тіркестері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет