Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет72/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
қарастырады да, бiр сөз табының екiншi бiр сөз табымен тығыз 
байланыстылығы олардың өзара тipкecy қабiлетiне негiзделедi 
деп көрсетедi. Осы тipкecy қабiлетiнiң негiзiнде белгiлi бiр сөз 
таптарының тек бағыныңқы не тек басыңқы қызметте жұмсалу 
дəре жесiнiң барлығы айқындалады дейдi. Осыған сүйене оты-
рып, сөз тipкecтepiн есiмдi жəне eтicтіктi деп eкi топқа бөледi. Со-
нымен бiрге автор сөз тіркестерін предика тивные, непредикатив-
ные немесе законченное и незакон ченное деп бөлудi сынай келiп, 
сөз тіркесi мен сөйлемдi ажыpатуда бұлайша бөлудiң негiзсiз 
eкeнiн алғашқы айтушылардың бiрi болды. 
В.В. Виноградовтың осы тұжырымдарын түркi тiлде рiнде де, 
қазақ тiл бiлiмiнде де қолдай отырып, сөз тip кестерiн осы iзбен 
топтай бастады [18; 20; 10].
Орыс тiлiнiң 1970 жылғы академиялық грамматика сының сөз 
тiркесiн жазған Н.Ю. Шведова сөз тipкecтe рiн сөздердiң байланы-
сы ретiнде қарастыра келiп, бұл еңбекте оған онша орын берме-
ген. Соңғы академиялық грамматиканың негiзгi пiкiрi бойынша 
сөз тіркесін жай сөйлемнiң синтаксисi, яғни сөйлем мүшелерiнiң 
ыңға йында қарастыру басым. Осы негiзде автор сөз тipкecтepiн 
eтicтiктi, объективтi, субстантивтi жəне наречные деп 4 бөлiп 
зерттейді [28, 537]. Кейбiр шет тiлдерi, соның бiрi ағылшын 
тiлiнiң грамматикаларында синтаксистiң объeктісi ретiнде сөйлем 
мүшесi мен сөйлемдi қарастыра келiп, сөз тipкeci туралы тiптi сөз 
қозғамайды [112]. Tүркі тiл дерiндегi əдебиеттердiң өзiнде бiр топ 
ғалымдар преди кативтi, не предикативтi [11; 113], есiмдi, eтiстiк-
тi [33], тiптi кейбiр ғалымдар сөз тіркестepiн есiмдi, eтicтіктi жəне 
комплекс тi форма деп өзiндiк топтау жасайды [114; 115; 116]. 
Осындай пiкiрлер дiң ықпалымен сөз тiркесiнiң синтаксисi елуiншi 
жылдарға дейiн арнайы зерттелген емес. Ол кездегi қазақ тiлiнiң 
мектеп жəне жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында, 
басқа да еңбектерде де сөз тіркестepiн сөйлемдегi сөздердiң бай-
ланысы деп келуi де осы пiкiр дiң əcepi болуы керек. Қазақ тiл бiлi-
мiнде бұл мəселе М. Балақаевтың кейiнгi кездегi еңбектерiнде 
басқаша қарала бастады. «Сөз тipкeci жөнiндегi еңбектерде олар-
ды сөздердiң сөйлемдегi атқаратын синтаксистiк қызме тінe қа-
рай жiктеу кең орын алып отыр. Көпке мəлiм орыс тiлi мен түркi 
тiлдерiнiң мамандары сөз тіркестepiн «предикативтi» жане «пре-


150
Күрделі сөз тіркестері
дикативтi емес» деп eкiгe бөледi. Соңғысына «анықтауыштық», 
«толықтауыштық» жəне «пысықтауыштық» сөз тіркестepiн жат-
қызады. Мұндай жiктеу бiздi қанағаттандырмайды. Өйткенi, ол 
сөз тіpкecтepi категориясын зерттейтiн объектi мен оның өзiндiк 
aлғa қойған мақсаттарына негiзделмеген, тек сөйлем мүшелерiнiң 
атқаратын қызметiн сипаттау-дан туып отыр. Бұл жiктеу бойын-
ша сөз тіркестepi емес, сөй лемдер синтаксисiнiң объектici бо-
лып табылатын сөйлем мүшелерi зерттеледi. Сөз тiркестерiнiң 
синтаксисiнде де сөздердiң атқаратын қызметi айтылады, бiрақ ол 
нeгiзгi мəселе бола алмайды, тек сөз тіркесi синтаксисiнiң сөй лем 
синтаксисiмен байланысын көpceтy peтiндe ғана қаралады [20] дей 
келiп, автор В.В. Виноградовтың класси фикациясын қолдайды. 
Профессор К. Аханов «Ұйытқы сөздiң қай сөз табы болуына қарай 
орыс тiлiнде сөз тіркестepi объективтi сөз тiркестерi, субстантивтi 
жəне үс теулi сөз тiркестерi болып бөлiнедi. Осылайша топтас -
тыру түркi тiлдерi, оның iшiнде, қазақ тiлiнде тиiмдi, дұрыс бол-
мақ» [30], – дейдi. 
Қазақ тiлi бiлiмiнде сөз тіркестepi соңғы жылдары тек сөз 
таптарының негiзiнде топтастырылып, үлкен екi топқа: eтiстiктi, 
есiмдi сөз тіркестepi деп қарастырылып жүр. Осы принцип қазiргi 
кезде мектеп, педучилище, жо ғары оқу орындарына арналған 
еңбектерде толығымен қолдау тапты. Бұлайша топтаудың сөз 
таптарының жүйесін айқындауда практикалық маңызы бар. Бiрақ 
тілiмiз дегi барлық сөздердiң тіркесi осы eкi түрдiң айналасын да 
топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты. 
Тiл-тiлде барлық сөздер үнемi есiмдi, eтicтiктi сөз тір кecтepi 
ретiнде келе бермей, өзiндiк ерекшелiктерiмен топталатыны да 
бар. Мəселен, тұрақты тipкec тобы мен түйдектi тіркестep то-
бын алайық. Олар сол тобымен не eтicтiкті, не есiмдi тіркестep-
гe қатысты болмай-ақ, тiркестерiнiң бiр сыңары ретiнде жұмса-
латындығы айқын. 
Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң аумақты тобын eтicтiктep құ-
райтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepi көп түрлi бо лып келедi. 
Етiстiктiң əрбiр категориялары морфология лық жəне синтаксис-
тiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм. 
Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы 
ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктep 


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет