тығылыn, тебiнin қаn сияқты күрделi көсемшелi етістіктер
қимылдың icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы, Кез келген жауын бiр
қаққанда жұлындай ұшыратын темiрдей қос кеуде бар екпiнімен
кеп серiппедей соғылғанда, eкeyi де шалқалақтаn барыn қайта
түзелдi (С. Жиренов). Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз
желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi (М. Əуезов).
д) Көсемшелер қосарланып та сөз тіркесінің күрделi бағының-
қы сыңарын құрайды. Ол кезде көсемшелердiң шоқuыn-шоқuыn,
өксin-өксin, жүгiре-жүгiре сияқты қай талама жəне ойнаn-күлin,
сыбырлаn-күбiрлеn дегендей синонимдiк түрлерi жəне ашылыn-
жабылыn, еркелей-өк nелей сияқты антонимдiк түрлерi бола бе-
редi. Оның үстінe ондай түрдегi қосарлы көсемшелердiң қaғa-
маға, бара-мара сияқты бiр жағы мағыналы, бiр жағы мағы насыз
түpi мен өксin-өксin, тырбаңдай-тырбаңдай, сылаn- сиnаn сияқты
eкi жағы да мағыналы қалпында да жұмсала бередi.
Қимылдың созылыңқылығын бiлдiредi: Бара-бара ашқарақты-
ғы басылып, тоқмейiлси бердi (Н. Қазыбеков).
Қимылдың болу мезгiлiн бiлдiредi: Бастапқыда тиындады, ке-
ле-келе бұйымдады («Ара»).
Қимылдың icтелу қарқындылығын бiлдiредi: Тама-тана руы-
ның есер жiгiттерi аттарын ендi ойнақтатып, ауыл итiн шабалан-
дырып, баса-көктеn жетin келдi («Жалын»).
Кейде қосарлы көсемшелi етістіктерге көсемше фор малы кө-
мекшi етістіктер де тiркесiп, мезгiлдiк қатынас та жұмсалады. Мы-
салы: Абай тұрыn-тұрып барып қана қозғалды (М. Əуезов). Əжесi
айналып-толғаныn жүрin əрең түсiрiп алатын (С. Жиренов).
Көсемшелi күрделi бағыныңқы сыңарларының кей де бiр сы-
ңары атау, табыс септiгiндегi зат есiмдер бола ды. Сонда олар: Күз
165
Күрделі сөз тіркестері
бола [65, 354 б.], зығырыңды қайнатыn, мəз болыn, жұмыс қы-
лып, көзiм қарауытыn, төсек тартыn, көз ала алмай, таң боза-
ра деген түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңары – атау, табыс жал-
ғаулы жай жəне тəуел деулi зат есiмдер де, екiншi сыңары –
көсемше формалы етістіктep.
1. Осындай топтағы көсемшелi етістіктер көбiне қи мылдың
icтелу мерзiмiн бiлдiредi: Университет асханасы ның шағын бiр
залын Қабен тойға дайындап, алдын ала сұрап алған-ды («Социа-
листік Қазақстан»). Ауыл жата оңаша үйде жалғыз қалған оның
ендігi қаупi – «Қанашты бiреу көрiп қалмағай едi!» (С. Мұқанов).
Абайлар Қарашоқыға түс ауа жеттi (М. Əуезов). Бuыл көктем
шыға семiз Қасым орнынан түсiп, басқа жақтың адамы бөлiмшеге
бастық болыпты (Ə. Сəрсенбаев).
2. Кейде кəсiптiк мамандығын да көрсетедi: Жас жiгiт он
жылдықты бiтiргеннен кeйiн Кемеровода бутчик болыn, nро-
ходчuк болыn icтейдi (В. Аннишкин).
3. Кейде қимылдағы iстің əртүрлi iшкi сезiм əсерлерiн де
бiлдiредi. Мысалы: Қыз қалай жалт бергенiн өзi де аңғармады,
əлгi кici нұсқаған жақта жапырлаған топқа қарай жан ұшыра
жүгiрдi (З. Қабдолов).
Барынша күйiп қайнаған қалпында, Оспанға жұдыpық ала
ұмтыла бердi (М. Əуезов). Ойда жоқтан жақында жүзiн ғанa
сырттай бiр көрiп, кiм екенiн бiле алмай ада сып, қаңғырып
қалған жiгiт енді оқыстан көргеніне таң қала бере қyaнып та
кeттi (М. Əуезов).
Кейде қимылдың орындалу барысын бiлдiредi: Сонда шеше-
сi айтты: бұл түстегi сорпаның қалғаны едi, саған бұл сорпаның
дəмдi болғаны – сен түстен кейiн жұмыс қылып бек шарша-
дың (С. Көбеев). Ол да шəкiрт балаларша жүгiнген, өзгесi мал-
дас құрыn жайғасқан («Жалын»).
4. Көсемшелер сын eciммeн де тіркесте түйдектi тiркес жа-
сап жұмсалады. Мысалы: Мың дегенмен сұхбатқа үйренiп қалған
адам ғой, көn ұзамай iшi əлем-жəлем бола бастады («Қазақ
əдебиеті»). Бiрақ ел басына төнген қара бұлт көn кешiкnей ыды-
рады да, шуақты күн қайта шық ты («Жалын»). Мiне, осындағы
көn ұзамай, көn кешiкnей сын есім мен көсемшенiң тipкeci арқылы
жасалып, қимылдың icтелу мерзiмiн бiлдiрген.
166
Күрделі сөз тіркестері
Қимылдың əртүрлi icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы: Қалиқа
өз көзiнше Əйгерiм айтқан бiр ауыз əндi шала тыңдап бола бе-
ре, төмен отырған келiннiң санын қатты шымшып, … отырды
(М. Əуезов).
Күндерде бiр күнi аңшының əйелi босанып, қырық құлақ та-
уыпты, мұны көpiп, аңшы мен əйелi eкeyi қaтты қайғырып жы-
лапты (Қазақ ертегiлерi). Сонан соң, Абайға тiк қараn тұрып
сөйлеп кeттi (М. Əуезов).
5. Сан eciм мен көсемше тiркесiп келiп, күрделi бағының-
қы сыңары болады.
а) Қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Жерi алыс болса да Көшби-
кеге араға бiр-ақ қоныn жетпек болысты (М. Əуезов).
ə) Қимылдың қайталануын бiлдiредi: Айсұлу түн бойы бүк-
тетiлin, булығып, жүз аунақшыn жылай бередi. Жеткiзiп алу ке-
рек! – деп eкi қайырыn айтып өте бердi (М. Əуезов).
б) Қимылдың көлемдiк мөлшерiн бiлдiредi: Бiреуден жiбер-
ген бiр ауыз сөзiң екеу болыn елге жайылады (Ғ. Мұстафин).
6. Елiктеуiш сөз бен көсемшелi eтicтiк тiркесiп келiп, қимыл-
дың iстелу амалын бiлдiредi: Қараңғы бейiттiң iшiнде екеумiз
шапnа-шаn келin қапсыра құшақтастық (М. Əуезов). Келiншегiм
зыр жүгiрin көрпе салып жүр («Мəдениет жəне тұрмыс»).
7. Кейде сын eciм мен зат eciм модаль сөздi көсемшемен
тiркесiп те жұмсалып, ұқсастыруды бiлдiредi: Сон да, жасау-жи-
hазы жоқ бұл үйден оның көзiне қол сақинаға орнатқан титтей ақ
меруерт сuяқтаныn Айжан ғана жарқ ете қалатын (С. Мұқанов).
ІІ. Көсемшелi етістікті сөз тipкecтepi жоғарыда ай тылғандай,
үнeмi толық мағынасы бар сөздер арқылы ғана жасалып қоймай,
кейде де, бол, е көмекшi етістіктері көсемше формасында басқа
сөздермен тiркесiп келiп, сөз тipкeciнің бiр сыңарында жиi
қолданылады: Асан деn ойлайды. Талапқа сай келетiндiгiнде деn
ойлау. Əр неме деn ойлау. Сiзге соға кeтeйiн дen жинақталу, Бө-
жейден түңiлгендей боn қайтты, бұрқ-сарқ eтin тасу.
Miнe, осы сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңарлары зат eciм,
есiмдiк, еліктеуiш сөздер де, бол, е көмекшi етістіктерi арқылы
сөз тipкeciнің күрделi сыңары жасалған. Не гiзiнде ондай түйдектi
тiркестерде негiзгi мағына Асан, сай келетiндiгiнде, əр неме,
сiзге соға кeтeйiн, Бөжейден түңiлгендей сияқты сөздер мен
167
Күрделі сөз тіркестері
сөздер тобында. Бiрақ ол сөздер қаншалықты толық мағыналы
сөздер болғанымен, сол көмекшi етicтiктерсiз басыңқы сөздер-
мен тipкece алмайды. Көмекшi етicтiктердiң дəл сол жер де лек-
сикалық мағынасы болғанымен, сол толық мағы насы бар сөздер-
дiң грамматикалық мағыналарын айқындауда шешушi рөл атқа-
рып, алдыңғы сөздердiң мағыналық тобы мен синтаксистiк
қызметiн солар айқындап отыр. Олай болса мұндай көмекшi
етicтiктердiң осы тұлғалық формасынан күрделi бағыныңқылы
көсемшелi сөз тipкeci жасалып отыр. Олардың, яғни де, бол, е
көмекшi етістіктерi арқылы көсемшелi сөз тipкeci төмендегiше
жасалады:
1. Жалқы, жалпы есiмдер мен де көсемшелi eтicтіктің тipкeci
арқылы: Онда көбiне Аға сержант деn атып тұрдым. Жайсаң
көлi деn атайды. Қapaкeмnip деn атап кетті, немесе шеберлiк деn
таныту сияқты жалқы есiмдер мен көмекшi етістіктi сөздер жиi
ұшырайды. Ондай тip кесте де формалы сөз тipкecтepi қимылдағы
icтің əртүр лi қасиеттерiн, яғни жұрттың бағдарлауын, топшы-
лауын немесе соған арналуын, т.б. қасиеттерiн бiлдiредi. Оның
aтa-тегiн де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деn
атайды (М. Əуезов). Мұны жергiлiктi жұрт Жайсаң көлi деп те
атайды.
2. Кейде де көмекшi eтicтiгi iлiк жалғаулы сөз бен тəуелдiк
жалғаулы сөздерге де тiркесiп жұмсалады. Мы салы, Сол тұста:
Бiлiм – бақтың жiбермейтiн қазығы, бi лiмсiз бақ əлдекiмнiң
азығы деn кестелей бiр орап кeттi (М. Əуезов). Бiр сары, бiр
ақ күшiктi əкем бiр жақтан eкeyi де тазының күшiгi деn əкелiп
eдi (Ə. Нұршайықов). Осы сөй лемдердегi əлдекiмнің азығы, та-
зының күшiгi матаса байланысқан eciмдi сөз тipкecтepi eндi де
көмекшi eтic тiгi арқылы етістіктi көсемшелi сөз тipкeciн құрап,
қи мылдың дараланып көрсетiлуiн айқындайды.
Де көмекшi eтicтiгi кейде жатыс септiгiндегi кейбiр сөз тiр-
кестерiмен бiрлiкте қимылдың болымсыздық мағынасын бiл-
дiредi.
Жастардың жоғары оқу орындарына келiп, алғашқы емтихан-
дардан құлап қайтып жататыны мектепте алған бiлiм негiзiнiң
талаnқа сай келмейтiндiгiнде деn ойлаймыз («Социалистік
Қазақстан»).
168
Күрделі сөз тіркестері
Екi-үш демей, бiреу деn, екеу деn, 117-деn сияқты сан есiм мен
Достарыңызбен бөлісу: |