де көмекшi eтicтiгi тipкeciп келiп, күрделi бағыныңқы сыңары
жасалады. Де көмекшi eтicтiгi сан есiмдермен тiркесiп келген-
де көбiне қимылдың мезгiлiн, сан мөлшерiн айқындайды. Түнгi
сағат екi-үш демей Бе йiмбетке телефон соғасың (Ғ. Мүсірепов).
Сəулем, тойды бiреу емес, екеу деn естiдiм. Ол рас па? (Ə. Əбішев).
Расында да, лезде-ақ мен бұрышында төрткiл көк қаңылтырға ақ
сырмен 117 деn бадырайта жазылған нөмiрi бар үш қабат үйдiң
қасына келдiм (Ə. Нұршайықов).
Сол сияқты де көмекшi етістігi есiмдiк, елiктеуiш сөздермен
де тipкeciп жұмсалады да, қимылдың əртүрлi реңiн немесе
бұйыруды, мақсатты бiлдiредi. Мысалы: Жақыпбектiң жастығына
қарады ма, əлде өзiмсiндi ме немесе өзiнiң ежелгi əдетi сол ма,
бiрден сен деn сөйледi (М. Иманжанов). Аңшы yh деn ауды қоя
бергенде көгершiн көте рiлiп ұшып кeттi (С. Көбеев).
3. Де көмекшi eтicтiгi сөйлемдiк дəрежедегi сөздер тобымен,
яғни eстin қалды деn қayinтeнy, хат алған деn ойлау, көбейе
түссе екен деn тiлеу, oсы тұс едi ғой деn жүрin келу сияқты сөз
тipкecтepi де көмекшi eтiстi гiнсiз, қалғандары əртүрлi сөйлем
мүшелерiмен өздерiнiң арнаулы баяндауыштары бар сөздер то-
бы. Бiрақ олар де көмекшi eтicтiгi арқылы сол тұтасымен ендi
тоnшылау, ойлау, қayinтeнy, танымау, есту, тiлеу, жүрin келу
eтic тiктерiмен қабыса байланысқан пысықтауыштық қаты нас-
тары eтicтiктi сөз тipкecтepiн құрай отырып, төменде гiдей ма-
ғыналық топта жұмсалады:
а) Қимылдағы icтің орындалу барысын, армандауын, яғни
мақсатын бiлдiредi: Tay-таудың арасымен, eтeктeгi жалғыз аяқ сүр-
леу жолдармен алаңсыз, ойсыз жүрсем деп армандады (С. Бақ-
бергенов). Осы сапарға шығарда eскi досым Əдiлханды, оның
əйелi Асылтайды жəне олардың бала ларын көре келермiн деn
үмiттенгeнмiн (Ə. Нұршайықов). Сiз ге соға кeтейiн деn екi-үш
күнге сұранып ем (С. Жиренов).
ə) Қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi: Биенiң сүтi былай ай-
нуын ауыл адамдары ауру шөn оттағаннан деn ойлайды (С. Мұ-
қанов).
б) Күмəндануды, өкiнудi бiлдiредi: Дəулер солардың бiреуiмен
өтin кете ме деn күткендерде зəре жоқ (С. Мұқанов). Түнiмен
169
Күрделі сөз тіркестері
əлгi бiр шумақ өлеңнiң авторы кiм болды екен деn тықыршып
ұйықтамай шықтым да, ертеңiнде ерте мен Қауыш кiтапханасына
қарай жүгiрдiм («Жалын»).
4. Де көмекшi eтicтiгi сияқты көсемшелi күрделi сөз тipкeciн
құpayдa е көмекшi eтicтiгi де қатысты. Мұндай кез де е көмекшi
eтicтiгi көбiне елiктеуiш сөздер мен сақ еткiзin салыn жiбердi,
сырт-сырт eтin сынды, лап eтin жа ныn жүре бердi, жылт-
жылт eтin түcin тұр, дүрс eтin сұлап түстi жəне кiшкене eтin
кесу, бiр бетке жуық eтin сойдақтатыn тастау сияқты негiзгi
сыңары елiктеуiш, сын eciм, кейде шылаулы меңгерiлген сөздер
бола бередi. Мұндай кезде олар қимылдың көлемiн бiлдiредi.
Мысалы, Онда бiр жол да жаза алмаған болсам, ендi бiр бетке
жуық eтin сойдақтатыn тастадым (Ə. Нұршайықов). Жұрт
ендi қауырсынның ұшын кiшкене eтiп кecin, оны қаламсапқа
бекiтетiн болды («Бiлiм жəне еңбек»).
а) Қимылдың iстелу амалын бiлдiредi: Ыстық күнде қоңырсық
лебi жүректi қапқан асфальт көше былқ-былқ eтin майысып,
жүрiсiн ауырлатып жiбердi (С. Мұратбеков). Сылтау таба алмай
отырған класс ду eтin күлiп жiбердi (И. Асанов).
Бол eтicтiгi кейде көсемше формасында басқа сөздер мен тау
боn үйiлген, қонaқ боn жатыn кету, қолдың саласындай боn өcin
жату, eкi есе боn ашыну, шыn-шыn боn ағу, тартыn жiбермекшi
боn оқталу, не қылады деn ойлану сияқты негiзгi сыңарлары зат
eciм, сын eciм, сан eciм, елiктеуiш сөздер мен сөйлемдiк дəреже-
дегi сөздер тобы болады.
ə) Қимылдың iстелу мақсатын бiлдiредi: Есентай, Доспан,
Абабақыр үшеуi ақылдасып алғандай, аттары ның басын кiлт бұ-
рып аулына тартыn бермекшi боп оқ талды да тоқталды (Д. Əбі-
лев). Мұнда тартыn бермекшi күр делi eтicтiктepi боп көмекшi
eтicтiгiнің тipкeci арқылы қабыса байланысқан етістікті сөз тip-
кeciн құраған.
б) Қимылдың көлемiн бiлдiредi. Мысалы, Қауын дегeнің
тау-тау боn үйiлген (С. Жиренов).
Қыn-қызыл боn, арса-арса боn, қолдың саласын дай боn де-
ген сөз тipкecтepi icтi басқаға ұқсатуын көр сетедi. Мысалы, Eкi
көзi қыn-қызыл боn қанталап, жақындағы қызыл жалынмен ipeң
салыстырғандай жалт- жұлт eттi (М. Əуезов). Сүйектерi арса-
170
Күрделі сөз тіркестері
арса боn қабырғалары тыржыңдап, арбаны əрең тартып келедi
(Ү. Шойбеков). Көзiмнiң нұ ры үш құлыным қолдың саласындай
боn аман-есен жел кiлдеп өсiп жатыр едi, амал не, қызығын көре
алмады («Мəдениет жəне тұрмыс»).
Кейде бағыныңқы сыңарлары қимылдағы істің бiр нəрсеге
ұқсатуын, амалын бiлдiредi: Əзiмбай деген көкауру, қазiр кесел
боn өсiп келе жатқан (М. Əуезов). Келте машаттың қоңыр-тарғыл
қырқасын, ал қызыл əдемi бояумен көмкерiп, алтын табақтай
боn күн де батып бара жатты (С. Бақбергенов).
Достарыңызбен бөлісу: |