Үстеулердiң етicтiкпен тipкeci
Етістікті сөз тiркесiнде ең көп қолданылатын сөз та бының
бiрi – үстеу. Үстеу қимылдың мезгiлiн, мeкeнiн, мақсатын, т.б.
қасиеттерiн жан-жақты көрсетедi.
Үстеулер құрылысына қарай дара жəне күрделi деп бөлiне-
тiндiгi белгiлi. Профессор М. Балақаев күрделi үстеу лер негiзiнде
келесi жылы, алдыңғы күнi, келер жылы жəне есiмдер мен
-ша/-ше жұрнақты eскi бuше, eскi aқынша сияқтыларды жат-
қызса [20, 60-61], А. Ысқақов күрделi үстеулерге:
а) бuыл, жаздыгүнi, бiртiндеn-бiртiндеn, aунan-қунan, тым-
тырағай, т.б.
ə) күнi кеше, күнi бүгiн, сабаққа бола, кiтanқa бола, айта
келе, т.б.
б) қас nен көздің арасында, аяқ астынан, томаға-тұ-
йық, т.б. [65, 354] жатқызады.
Осылардың iшiнде кiтanқa бола, айта келе, аунаn-қунаn де-
гендi негiзiнде үстеу қатарына қосу онша келе бермейтiн сияқты.
Сол сияқты қac nен көздің арасында сияқты тұрақты тipкecтep
тобы да фразеологияға жатқызылуы тиiс. Əрине аунап-қунаn,
кiтanқa бола, қac nен көздің арасында деген пысықтауыш қыз-
метiнде жұмсалғанымен, əрқайсысының өзiндiк қаралатын жер-
лерi бар лығы белгiлi.
а) күнi кеше, сол күнi кешке, кеше кешке, epтeң кеш ке, бүгiнгi
кеш, бүгiн тaңepтeң, қыстыгүнi, ертең тaңepтeң, бүгiн кешке
сияқты eкi немесе одан да көп үстеулер өзара тiркесiп, мезгiлдiң
əртүрлi кезеңдерiн бiлдiрiп, eтicтiктi сөз тipкeciнің күрделi үс-
171
Күрделі сөз тіркестері
теулi бағыныңқы сыңа рын құрайды. Ондай кезде олар мезгiл
пысықтауыш қызметiнде жұмсалады. Мысалы, Анада көрген
қатал суық суреттер көз алдына дəл бүгiн таңертең көргендей
боп қайта елестедi (М. Əуезов). Баққан қойларын кеше кеш ке
қорасына қамаған Қодығұл бүгiн жоқ болып шықты (С. Мұқанов).
Ертеңдi-кеш терезеден көз алмайды (Ə. Əбішев). Бүгiн кеш-
ке Москваға самолетпен ұшам (М. Мағауин). Күздiгүнi салқын
жақсы болып шықты (С. Көбеев). Ертең кешке курс ты бiтiруге ар-
налған кешiмiз болады (Ə. Нұршайықов).
ə) Үстеулер күнi-түнi, бүгiн-ертең, ертелi-кеш, ертең-бүгiн,
тез-тез, анда-санда, күндiз-түнi, т.б. қосарланып келiп те eтic-
тiктi сөз тipкeciнің күрделi түpiн жасайды. Мысалы, Ертеңдi-кеш
сауыншы қыз-келiншектердi төңiректеп, аузына келгенiн айтып,
ыржалақтап iшiп жүретiн Есжанның мал дəрiгерлiк қызметiн сол
арада Айдашқа əпердi (З. Ақышев). Бүгiн-ертең ол араға Жiгiтек,
Бөкеншi көшiп келедi (М. Əуезов). Ау құралын тез-тез жинап,
ымырт үйiрiлмей тұрғанда үйге жеткici келдi (Ə. Нұрпейісов).
Балғадан басқаны бiлмей келген басым Махмұттан eндi-ендi бiр-
демелер үйренiп, көзiмдi ашам десем... соқырға жарық не керек
дегенiң бе? (Д. Əбілев).
б) Күн, түн, жыл, уақыт, т.б. мезгiлдiк мағынада қол даныла-
тын сөздер: келген күнi, өткен күнi, соңғы уақыт, бүгiнгi күн,
eндiгi жылы, алдыңғы жылы, келесі күнi, бiр күнi, coл жылы,
сол yaқыт, бiрнеше күн сияқты алдыңғы сыңарлары -ғы, -гi жұр-
нақты сөздер, сан eciм, eciмдiк, есiмше тұлғалы сөздермен бiрге
түйдектелiп келiп, қи мылдың əр кезеңдегi мезгiлiн бiлдiредi:
Бiрақ бiр күні далада бiр кəрi қойшы бұған сұмдық айтты. Өткен
түні ел жатар кезде жан тəсiлiм қыпты. Сол жылы Қаратау өңiрi-
нiң қысы жұмсақ болып, жер ерте көктедi де майға жетпей-ақ мал
тойынып қалды («Жалын»). Келесi күнi, күн дегiдей емес, ерте
ояндым (З. Жəкенов). Егер ағайым уəдесiнен шықпаса, қыстай
бiреуге жалданып бала оқытып, қара жат жинастырып алып, оқуға
eндiгi жылы кетпек (Д. Əбілев).
в) Күрделi үстеудiң бiр тəсiлi -ша, -ше жұрнақтары арқылы
жасалды. -Ша, -ше жұрнақты сөздер мен тек дара үстеулер жаса-
лып қоймай, жас бозбалаша, бас бар мақша, түн ортасы ауғанша,
тaң бiлiнгенше, шай қайнағанша, таң атқанша, əне-мiне деген-
172
Күрделі сөз тіркестері
ше, сөзден тоқтаттым- ау дегенше, ə дегенше, əбден ұзаn кет-
кенше, етене жақындарша сияқты алғашқы сыңарлары зат eciм,
одағай көсемше тұлғалы eтіcтiктep болады. -Ша, -ше жұрнақты
зат eciм, eтicтiк, көмекшi сөздер, т.б. өзара сол тобымен қимылдың
icтелу амалын, мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Бұл eкi ғашық, eкi
жерде жатып eкeyi де тaң атқанша ұйықтай алмай шықты, қашан
қосыламыз, қашан мұратқа жетемiз дегеннен басқа ой бұл екеуiнде
жоқ (С. Көбеев). Алғаш сызықтап көpiнгeн қып-қызыл сұйық
от ə дегенше-ақ көпiрiп, мың сан ұшқын атып лап қойды («Жа-
лын»). Бiрақ ол əне-мiне дегенше бұлттан асып, жоқ болып кеттi
(І. Есенберлин). Бауыры қарға тиер-тимес боп күзендей бүктетi-
лiп шапқан бөрi, өзiнiң күшiн бiр байқайын дегендей, түс ауған-
ша тоқтамады (С. Жиренов). Жетiлiк шамның жарығымен кiтап
оқуға, қағаз қарауға iңiрде отырып едiк, түн ортасы ауғанша бас
алмады («Жалын»). Кейiн Көмек етене жақындарша Құлекең-
нiң ceмьясымен араласып ке тедi («Қазақ əдебиеті»). Осы арада
қатынды сөзден тоқтaттым-ay деген кiсiше Итбай рақаттанып
жатты (С. Көбеев). Жас боз балаша киiнген (М. Əуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |