Талғат сайрамбаев


-iп; -п) көсемше мен ауыспалы шақтық (-а, -е, -й)



Pdf көрінісі
бет80/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-iп; -п) көсемше мен ауыспалы шақтық (-а, -е, -й) көсемшелер 
де күрделенуi ретiнде сол жұрнақты сөздердiң алдынан да, со-
ңынан да келе бepce, -қалы, -келі жұрнақты көсемшелердi күр-
делендiретiн элементтері тек алдынан келедi. Тұp, жүр, отыр, 
жатыр eтicтiктepi, яғни көмекшi eтicтiктepi ғана соңынан келiп 
барып күрделендiредi. Сөйтiп, көсемшелер сөйлемнiң соңында да, 
сөйлемнiң ортасында да келiп, күрделi форма да жұмсалады екен. 
Ендi көсемшелердiң күрделену процeciнe арнайы тоқталалық:
І. Көсемше мен көceмшенің тipкeci арқылы күрделi көсемше 
жасалады. Мұнда кемiнде eкi немесе одан да көп көсемшелер 


163
Күрделі сөз тіркестері
бiр-бiрiмен өзара түйдектелiп, екеуі бiр мағыналық топ жасай 
келiп жұмсалады. Əрине, дара көсемшелердің етicтiкпен тipкeciн 
мағыналық жағынан ажырату оңай. Мысалы, Ызалана жазады, 
күлдiре жа зады, күйiндipe жазады (F. Мүсірепов) – деген сөйлемде 
ызалану, күлдiру, күйіндipy көсемшелi eтicтiктepi басыңқы сөз-
деpiмeн тiркесiп, қалай жазатындығын мағыналық жəне қызметi 
жағынан ажыратамыз. Күрделi түрде: қисая түciп aйтып жа-
тыр, шалқақтаn барыn түзелдi, eкniндen кеn осыn-осыn кeтeдi, 
баттастырыn тұрыn сылаn қойыnты сияқты тiркестердiң ба-
ғыныңқы сыңарларын, яғни қисая түcin, шалқалақтаn барыn, 
eкniндen кеn дeгeндepде қиcая, шалқалақтап, eкniндen нeмece 
түcin, барыn, кеn əрқайсысы жеке-жеке басыңқыларымен тiркесте 
жұм салмайды. Олар өзара бөлуге келмейтiн, бiрiнiң мағынасын 
бiрi толықтыра түceтін топ ретiнде сол тобымен бiр ғана син-
таксистiк қызметте жұмсала алады. Осындай бiрнеше көсемше 
формалы етicтiктердегi мағыналық тұ тастық пен синтаксистiк 
қызметi негiзiнде өзара күрделенген топ болып сөз тiркесiнiң 
бiр-ақ, яғни күрделi сыңарын жасайды. Əрине, мұндай eкi немесе 
одан да көп көсемшелi формадағы етicтiктердiң мағыналық жағы 
бiрдей емес сияқты. Қuсая түcin, eкniндen кеn дегендерде қuсая, 
екniндеn жəне түcin, кеn көсемшелерiнiң мaғынa лары бiрдей 
емес. Негiзгi мағына қuсая мен eкпiндen сөз дерiнде де, түcin, кеn 
оларға көмекшiлiк қызмет атқара ды. Miнe, осылайша көceмшe 
формалы eтicтiктep eкi немесе бiрнеше сөздерден де келе беруi 
мүмкін. Мысалы: Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе 
шоқырақтаn шауыn отырыn қуып жетедi (М. Əуезов) – деген сөй -
лемдегi ойды тиянақтайтын баяндауыш қуып жетедi сөздерi бол-
са, желе шоқырақтаn шауыn отырыn дегендер бiрнеше көсемше-
лерден құралған пысықтауыш мүшелер. 
Көсемшелердiң iшiнде мұндай формада өткен шақтық есiм-
шелер мол қолданылады. 
а) Жақсы баға жақсы оқығанға ғана қойылатынын да бiлетiн. 
Бiле тұра солай дейтiн (С. Шаймерденов) – деген сөй лемде бiле 
тұра солай дейтiн сөз тipкeci қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi. 
ə) Қаныбектердiң үстінe келе бере eкiгe айырылды («Жа-
лын») – дегенде келе бере көсемшелi бағыныңқы cыңapы айырыл-
ды етicтiктерiнiң мезгiлiн бiлдiредi. 


164
Күрделі сөз тіркестері
б) Қой жүнi ақ шекпендi жалаң eтiнe киiп, белiн ала жiппен 
бос байлай салған бала жiгiт ұша жөнелгелi отыр (F. Мүсіре-
пов) – деген сөйлемдердегi ұша жөнелгелi көсемшелi етістіктер 
қимылдың мақсатын бiлдiредi. 
в) Бала бестiнiң төбелiн саз балшықпен баттастырыn тұрыn 
сылап қойыпты (М. Əуезов). Təттi үмiт, əдемi ой дəл осының ал-
дында ғана мықтап тұрыn бiр отыртқан (F. Мұстафин) деген 
сөйлемдердегi баттастырыn тұрып, мық тап тұрыn көсемшелi 
сөз қимылдың icтелу шегiн бiлдi редi. 
г) Opaғытыn кеn, шалқалақтаn барыn, қuсая түстi, кеnтеле 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет