Талғат сайрамбаев


Таза сан есiмдердiң етicтiкпен қабыса байланысы



Pdf көрінісі
бет78/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   332
Таза сан есiмдердiң етicтiкпен қабыса байланысы. Та за сан 
есiмдердiң eтicтiктepмeн тiркесiнiң өзiн eкiгe, яғни таза күрделi 
сан есiмдер мен қосарлы сан есiмдердiң тipкeci тұрғысынан 
қарастырамыз.


160
Күрделі сөз тіркестері
Таза сан есiмдi күрделi eтicтiктepмeн тiркесiнде көбiне есеп-
тiк сан есiмдерi жұмсалады. Мысалы, 
Үйiрiн бөрте айғырдың бөлiп алып, 
Құлынды жuырма eкi байлап алды. 
(«Батырлар жыры»). 
Əлемдi он сегiз мың кuiндipin, 
Дүниеден жап-жалаңаш өзi бездi. 
(Қазақтың халық жұмбағы). 
Бiрiншiден, бұл сөйлемдерде жuырма eкi, он сегiз мың күрделi 
сан есiмдері байлаn алу, кuіндіpy eтicтiктepмeн қабыса байланы-
сып, қимылдың істелуінің қайталану процесiн, амалын, т.б. ма-
ғыналық қасиетiн бiлдiредi.
Екiншiден, сан есiмдердiң iшiнде етicтiкпен қосарлы түpi 
тiр-кесiп, күрделi сыңарын құрайды. Жалпы басқа сөз таптары 
сияқты сан есiмдер де бiр-бiр, үш-төрт, бес- алты, жuырма-отыз 
сияқты қосарланып жұмсалуы көп кездеседi. Сонда олар бiр-бiр 
келдi, бiр-екi қонды, бес-алты келдi, т.б. eтicтiктepмeн тiркеседi де, 
қимылдың шамамен icтелу қарқындығын бiлдiредi: Жолаушылар 
берi жақындаған сайын, олардың iздерi жерге айқындала түсiп, 
өздерi ендi бiр-екi аттаса, рамканың сыртына шығып кететін 
сияқты (Ш. Айтматов). Бандының қолдарынан Хамит те екi-үш 
тicтeдi (С. Сарғасқаев).
Көсемшелердiң eтicтiкпeн тipкeci
Көсемшелердiң сөз тipкeciн құраудағы ерекшелiгi ту ралы айт-
қанда, алдымен көсемше морфологиялық жағы нан кеш зертте-
лiнген жоқ [62; 61; 121; 65]. Көсемше, оның жасалу жол дары, 
синтаксистiк қызметтерi мен өзiндiк ерекшелiктерi туралы алғаш 
зерттеушiлердiң бiрi Н. Сауранбаев болды [62, 11]. Онда автор: 
«Көсемшелер тек тұтас ұғымды бiлдiре тiн етicтiктердiң ара-
сындағы байланысты ғана бiлдiрмей дi, жалпы ic пен icтiң, қимыл 
мен қимылдың, қозғалыс пен қозғалыстың арасындағы байланы-
сты да бiлдiредi, яғни өзiнiң жекелiк қалпын сақтай алатын етic-
тiктердiң арасындағы амалдық байланысты да бiлдiредi» [63], – 
деп, көсемшелердiң етicтiктердiң алдында амал пысықтауышы 
қызметiнде жұмсалуын көрсетедi. 


161
Күрделі сөз тіркестері
Көсемшелер сол сияқты мектеп, жоғары оқу орын дарына 
арналған еңбектерде де айтылуда. Бiрақ ол ең бектерде көсемшелер 
таза морфологиялық тұрғыда сөз болды. Синтаксистiк жағынан 
олардың əрi баяндауыш, əpi пысықтауыш қызметiнде жұмсалады 
деумен шектелдi де, сөз тipкeci жағынан ештеңе айтылмады.
Көсемшелердiң синтаксис, оның iшiнде сөз тipкeci мағлұма-
тын М. Балақаевтың еңбектерiнен ала аламыз. 1954 жылғы акаде-
миялық грамматикада автор көсемшелер етicтiкпен тiркеседi деп 
қана көрсеткен болса [53; 16], онан кейiнгi еңбектерiнде автор 
көсемшенiң етicтiкпен тipкeci туралы арнайы тарау берiп, олардың 
етicтiкпен тiркесiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн дəлелдеген. Автор со-
нымен бiрге ондай тipкecтi сөздердiң құрылымдық ерек шелiкте-
рiне де, яғни -п-ға аяқталатын көсемше тұлғасындағы негізгi, 
кейде көмекшi eтicтiктep өзiмен байланы сып тұрған есiмдермен 
бiрiгiп, сын-қимыл мақсаттық мaғынaдaғы сөз тіркестерін құрай 
алатындығын [63, 324-325] aнықтаған. 
Жалпы алғанда, көсемшелер – eтicтiктің негiзгi өзгер мейтiн 
тобы. Көсемшелер сөйлемнiң баяндауыш қызметiнде eкi түрлi 
жағдайда қолданылады. Бiрiншiден, олар баяндауыш қызметiнде 
жай немесе құрмалас сөйлемдер дiң басыңқы сөйлемдерiнде айта 
бастадым, сөйлей баста дым, оқып отырдым, жазыn eдiм, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет