Талғат сайрамбаев


-Дай, -дей жұрнақты бағыныңқы сыңарлы күрделi есiмдi сөз  тipкeстepi мынадай жолдармен жасалады:  1. Сапалық жəне қатыстық сын eсiм мен -дай



Pdf көрінісі
бет77/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   332
-Дай, -дей жұрнақты бағыныңқы сыңарлы күрделi есiмдi сөз 
тipкeстepi мынадай жолдармен жасалады: 
1. Сапалық жəне қатыстық сын eсiм мен -дай жұрнақты зат 
есiмдерiнiң тipкeci арқылы. Мысалы, Пұшпақтары қара алтын-
дай жалтылдайды. Қара теңiз eскi ай надай көмескiленiп болса 
да көрiнiп жатыр (Ғ. Мүсірепов). Осы бiр кешкi уақиғаға өзiмiз 
aйыпты адамдай үнсiз келемiз (Ə. Сəрсенбаев). Tаң алдында 
қызыл гүлдер шешек атып сыланасың, сұлу қыздай тарана-
сың (С. Ерубаев). 
2. 3ат eciм мен -дай жұрнақты қатыстық сын eciм арқылы жа-
салады. Мысалы: Қиғаштап түскен күн көзiне шалынғанда қой ба-
уырынан сорғалаған тамшылар ша шақты күлше оқадай жарқ етiп 
қалады (Ғ. Мүсірепов). 
3. Iлiк жəне барыс жалғаулы сөзбен -дай, -дей жұрнақты сөз-
дер арқылы: Көрiнбей, көрiнбей келiп бiр-ақ жылда қылт етiп
қыpдың қызғалдағындай құлпыра қалады (С. Жиренов). Oның aқ 
саусақ, ақ бiлек, ақ мойнына көзiм түскен сайын, буын-буыным 
құрып, безгекке ұшырағандай бойым қалтырай түстi (Ə. Нұр-
шайықов). Иiлген қара қacы ұшатын құстың қанатындай дiр-дiр 
етедi (З. Шүкіров)
4. Есiмше мен -дай, -дей жұрнақты сын есiмдерi арқы лы: 
Cұм соғыс килiктi де, бəрiңдi көгендеген қозыдай алысқа алып 
кеттi (Ə. Нұршайықов). 
5. Үйiрлi анықтауыштық топ пен -дай, -дей жұрнақты қатыс-
тық сын есiмдерi арқылы: Нұсқабаев өзiн əдебиетте көк шолағын 
қамшылаған қолы қысқа адамдай сезiнедi (С. Əміренов).
Сан есiмдердің eтicтiкпен тipкeci
Сан есiмдер де сын есiмдер сияқты тек зат есiмдер мен тipкe-
cіп қоймай, етiстiктермен де тipкece алатын дəрежеге ие болған. 
Сан есiмдер eтicтіктi сөз тipкeciндe меңгеріле жəне қабыса бай-
ланысады. Сан есiмдердiң барлығы бiрдей eтicтiктepмeн қабыса 
байланыса бермейдi. Оның iшiнде eтicтiктi cөз тiркесiнде есептiк
реттік сан ecімдepі ғана жұмсалады да, басқалары ондай тіpкec те 


159
Күрделі сөз тіркестері
жұмсалмайды. Сан есiмдер құрылысы жағынан дара жəне күрделi 
болады десек, сол eкi түpi де етicтiктi тipкecте жұмсала бередi. 
Бiрiншiден, дара сан есiмдер eтicтiктермен мол қолданылса, 
күрделi сан еciмдердiң тipкeci сиректеу қолданылады. Екiншi-
ден, сан есiмдердiң етicтiкпен тiркескен кезде ерекшелiктерi де 
бар. Мысалы: Eгic тiктiң көлемi он есе кемiтiлiп, гектар басына 
10 центнер ден ғана келедi («Жалын»). Бiр-екi дүркiн айқайлап 
дыбыс берiп едi, аузынан шығысымен жел iлiп əкетiп, өз даусын 
өзі əрең естiдi (Қ. Жұмаділов). Екi күн жылар, үш күн жылар, со-
сын қояр (С. Жиренов). Он алтыншы жылы екi ағам бiрдей оққа 
ұшқан (Ə. Нұршайықов). Ақжал бойы мұздап, жұдырығы тү-
йiлiп, үйiне қарай екi-үш қадам аттап қалды (Н. Ғабдуллин). 
Miнe, осы топ сөйлемдерден он есе кемітiлiп, бiр-екi дүркін 
айғайлаn, eкi күн, үш күн жылау, он алтыншы жылы ұшу, екi-
үш қадам аттап қалу сияқты сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңар-
лары қалайда eкi сөзден, яғни негiзгi сөздер есептiк, peттік 
сан есiмдерi жəне олардың бiрiншi тобындағы есiмдермен есе, 
дүpкiн сөздерi, екiншi топтағы сан есiмдермен күн, жыл, қадам 
нумеративтi сөздерi қосақталып жұмсалған. Сөйтiп əpi сан eciм
əpi осындай түрлi сөздер арқылы сан есiмдердiң eтіcтiкпeн тip-
кeci тiлiмiзде мол. Осылардың iшiнде негiзгi мағыналысы сан 
есiмдi тipкecтep болып есептелiнедi. Бiрақ осы арада қаншалықты 
негiзгi мағына сан есiмде делiнгенiмен, оған қосақталып жұм-
салатын сөздердiң де өзiндiк мағыналық, яғни бiрi мезгiлдi 
бiлдiру, екiншici қашықтық өлшемдi бiлдiру, ендi бiрi қимылдың 
дүр кiндiлiгiн бiлдiретiнi сияқты, əрқайсысының өзiндiк рөлi бар. 
Алайда қаншалықты олардың осындай қызметi болғанымен, сан 
есiмсiз дара қолданылмайды. Тек сан eciм дермен бiрлiкте жұм-
салған кезде ғана мағыналары айқындала түседi. 
Сөйтiп, сан есiмдер eтicтіктepмeн таза жəне түрлi кө мекшi 
сөздердiң қатысы арқылы да тipкece алады екен. Сондықтан олар-
ды сан есiмдердiң таза түрдегi тipкeci, нумеративтi сөздер жəне 
түрлi қосарлы сөздер арқылы тipкeci деп бөлiп, əрқайсысын 
жеке-жеке қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет