Талғат сайрамбаев


І. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ



Pdf көрінісі
бет13/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

І. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері
Күрделі сөз тіркестері қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы 
түркі тілдерінде проблемалы мəселенің бірі болып келе жатыр. 
Түркі тілдеріндегі күрделі сөз тіркестері туралы осы уақытқа дейін 
бір ғана Н.Базарбаевтың кандидаттық диссертациясы жазылуы 
мəселенің əлі зерттелмей, жеке қарастырылмай келе жатқанын 
дəлелдесе керек. Əзірге сөз тіркестерінің құрылымдық белгілері 
мен түрлері жайлы зерттеулер жүріп жатыр да, олардың күрде-
лену тəсілдері мен жолдары əзір шешімін таппаған. Тіпті күрделі 
сөз тіркестері деп қандай синтаксистік топты айтамыз дейтін 
сұраққа айқын, дəл жауап беру көп ретте мүмкін бола бермейді. 
Қазіргі түркі тілдеріндегі еңбектерде сөз тіркесінің сөзден, əсіресе 
күрделі, т.б. сөздерден айырмашылығы да айқын емес.
Сөз – грамматиканың қарауына түскеннен кейін ғана адам 
ойын білдірудің құралы болатыны белгілі. Өйткені бір сөз дара 
күйінде адам ойын толық жеткізе алмайды. Белгілі дəрежеде 
аяқталған ойды жеткізу үшін сөздер бір-бірімен грамматикалық 
байланысқа түсуі арқылы сөйлем құрауға негіз болуы керек.
Əрбір тілдік категорияның өзіндік заңдылықтары болатыны 
сияқты, сөз тіркестерінің де өзіндік заңдылықтары бар. Сөз тір-
кестері тілдің басқа категорияларынан, атап айтқанда, сөйлем мен 
сөзден өзіндік белгілері арқылы дараланады жəне олармен бел-
гілі дəрежеде қарым-қатынаста болады. Оның үстіне сөз тіркес-
тері – тарихи категория. Алайда сөз тіркестері түркі тілдерінде, 
оның ішінде қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу объектісіне 
айналғанына онша көп уақыт болған жоқ. Сөйтсе де сөз тіркесі 
синтаксисі қазірдің өзінде қазақ тіл білімінің жеке бір саласы 
ретінде қарастырылып отыр. Бірақ бұған қарап, қазақ тіліндегі сөз 
тіркестері туралы ой-пікірлер тарихын соңғы 20-25 жылмен шек-
теп қою дұрыс болмас еді.


30
Күрделі сөз тіркестері
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғалымдары жоғарыда аталған 
түркологтардың ыңғайы-мен сөз тіркесінің байланысу форма-
ларына баса назар аударды да, басқа маңызды-маңызды деген 
мəселелерге онша тереңдеп бара қоймады. Оның үстіне қазақ 
тілі білімінде бұл мəселелер орта мектеп оқулықтары көлемінде 
қарастырылғандықтан, зерттеу аясы тар болды.
Шын мəніндегі сөз тіркесі синтаксисінің қалыптасу кезеңі 
елуінші жылдарға жатады. Бұл ретте 40-жылдардың соңын ала 
қазақ тіліндегі сөз тіркестерін əр қырынан алып зерттей бастаған 
М. Балақаевтың еңбектерін бөліп айтқан жөн. Сөз болып отырған 
проблема жөніндегі бірегей еңбек деп авторлар коллективінің 
күшімен 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» деген көлемді 
кітапты атауға болады («Сөз тіркесі» бөлімін жазған профессор 
М. Балақаев). 1957 жылы М. Балақаевтың «Основные типы слово-
сочетаний в казахском языке» деген көлемді еңбегі жарияланды.
М. Балақаев бұл зерттеулерінде сөз тіркестерінің құрамын сөз 
таптары тұрғысынан айқындап, сөздердің тіркесу қабілеті мен 
құрылысы жөнінде бағалы ғылыми қорытындылар жасады.
Автор сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалда-
рын, синтаксистік қатынастары мен түрлерін қазақ тіл білімінде 
тұңғыш рет олардың əрқайсысын жеке-жеке, арнайы зерттеді. 
Сонымен бірге ол категориялардың өзіндік ерекшеліктері мен 
заңдылықтарын анықтады.
Н.П. Прокопович соңғы жылдары кеңес тіл білімінде сөз тір-
кестерінің зерттелуіне баса назар аударылып отырғанымен, 
кейбір мəселелердің əлі де болса жеткілікті қарастырылмай келе 
жатқандығын айтады. Ғалым ондай проблемалардың қатарына 
күрделі сөз тіркесінің көлемі мен шегі жайындағы мəселені 
жатқызады [27, 25].
Бұл пікірді қолдай келіп Н.И. Филичева сөз тіркесі құрылы-
сының күрделену шегін айқындау керектігін баса айтады [26, 57].
Сөз тіркесі құрылысына қарай жай жəне күрделі болады. Жай 
сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден: басыңқы жəне 
бағыныңқы сыңардан, өз алдына дер-бес мағынасы, өздеріне тəн 
морфологиялық өзгерісі жəне синтаксистік қызметі бар сөздерден 
құралады. Мысалы: екі бала, оқыған жігіт, жақсы үй, оқып 
айтты, қаладан қайтты, т.б.


31
Күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркесі үнемі екі сөзден ғана құралмай, берілетін мағына-
ға қарай басқа сөздердің қатысы арқылы кеңейіп те отырады. 
Мысалы: Осы күні бұл университетте бір ғана Болгариядан 
алты жүз елу қыз бен жігіт оқып жүр (М. Ғабдуллин.) Екі 
пункттен бір уақытта біріне-бірі қарама-қарсы екі автомо-
биль шықты. Тобылғы торы бесті киіктей орғып ойнап шыға 
келді (Ғ. Мүсірепов). Ұзын тұмсықты, қара қоңыр құстар көгіл-
дір айдынның бір көрінімдей аумағын шеңберлей қоршап, əлгі ақ 
қайраңға қарай қиқулап жүзіп келеді (Ə. Сəрсенбаев).
Осы мысалдардағы алты жүз елу сан есімдері мен тобылғы 
торы, ұзын тұмсықты, қара қоңыр деген сын есімдердің əрқай-
сысы екі сөзден құралған. Бірақ бұлар екі сөзден құралғанымен, 
дербес сөз тіркесін құрай алмайды, оның өзіндік себептері бар: 
қара қоңыр, ұзын тұмсықты дегендегі қара, қоңыр сын есім-
дері – толық мағыналы сөздер. Олар қоңыр күз, қоңыр түс, қара 
бояу, қара сия тəрізді басқа да тіркестердің құрамында жұмсала 
береді. Əр заттың түсі үнемі бірыңғай болып отырмайды, ол əр-
түрлі түс-реңктердің жиынтығынан тұруы да мүмкін. Мысалы: 
матаның бір түрін қызыл ала деп, онда бар бояулардың жиынты-
ғымен айтсақ, оның сипаты айқындала түседі. Сонда қызыл жəне 
ала сын есімдері бірлікте жұмсалып тұрған жоқ, əрқайсысы өзіне 
анықталушы затты керек ететін сөздер. Жоғарыдағы тіркестер 
алты жүз елу, т.б. сияқты əрқайсысы анықтауыштық қызметте 
жұмсалып тұр.
Ал ұзын тұмсықты тіркесінің өзіндік ерекшелігі бар. Тұм-
сық сөзі өзінен бұрынғы бірнеше сын есімдермен тіркесіп, ба-
сыңқы қызметте жұмсалғанымен, -ты (тұмсықты) жұрнағының 
қосылуының нəтижесінде қатыстық сын есімге айналып, өзінің 
бұрынғы анықтауышымен бірге құс сөзіне бағыныңқы қызметте 
жұмсалып тұр. Сонда ұзын тұмсық өзара тіркескенімен, ұзын 
тұмсықты күйінде бұрынғы сөз тіркесі дəрежесінен алыстап, сол 
тобымен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалатын 
болады. Ұзын тұмсық осы күйінде жай сөз тіркесі болса, ұзын 
тұмсықты құс дегенде толық мағыналы сөздердің қатысы арқы-
лы (ұзын тұмсықты) бағыныңқы сыңары бар күрделі сөз тіркесі 
жасалып отыр. Ұзын тұмсық пен ұзын тұмсықты құс деген сөз 
тіркестерінің мағыналық жағынан да, жасалу жолы жағынан да 
бір-бірінен өзгешелігі бар.


32
Күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркестерінің құрылымы орыс тілінің 2 академиялық 
грамматикасында арнайы сөз болғаны белгілі. Бірінші академия-
лық грамматиканың екінші академиялық грамматикаға қарағанда 
өзіндік өзгешелігі барлығы айқын. Оның өзі, біріншіден, көлемі 
жағынан десек, екіншіден, жалпы сөз тіркестерінің ішкі берілуі 
немесе оның қызмет жағынан да айырмашылықтары айқын бай-
қалып отырады.
Сөз тіркесінің құрылысы туралы да бірінші академиялық 
грамматика мен екінші грамматиканың арасында елеулі айыр-
машылық бар. Оның өзі, сөз тіркесі құрылысының атауына да 
жəне жасалуы жағынан да айқын байқалады. Бірінші академия-
лық грамматикада сөз тіркестерін құрылысына қарай дара жəне 
күрделі деп берсе, екінші академиялық грамматикада сөз тір-
кестерінің құрылысына қарай дара, күрделі жəне аралас деп бөлі-
ніп берілген [13; 28].
Осы сияқты пікір қазақ лингвистерінің еңбектерінде де қол-
дау тауып отыр [30].
Орыс тілі материалының негізінде В.А. Фе-
досев «Заметки о словосочетании» деген мақаласында екі сөзді 
(двусловные), көп сөзді (многословные), бір сөзді (бір ғана атау 
сөзден тұратын – қараңыз А.М. Пешковский) жəне нөлдік сөз 
тіркесі (нулевое словосочетание) деп сөз тіркестерінің құрылы-
сын төртке бөледі. Сонда В.А.Федосевтің пікірі бойынша, Близкий 
друг Пушкина, старинный фарфоровый чайник с художественной 
росписью сияқты тіркестерді жатқызады [29, 17].
Ал А.Н. Про-
копович ... «а соперник главнокомандующего предлагает новый 
проект, диаметрально противоположный плану выхода на Ка-
лужскую дорогу» («Война и мир») деген сөйлемдегі курсивпен 
берілген сөздерді бір ғана күрделі сөз тіркесі деп біледі [27].
Н.Ю. Шведованың сөз тіркесі туралы пікірін негізге ала оты-
рып, профессор К.А.Аханов жалаң сөз тіркестері екі мүшелі 
(сөзді таңдау), үш мүшелі (кітапты оқушыға беру), төрт мүшелі 
(шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болады дейді [30, 390].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет