282
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
екен?
Лепті сөйлем дегенге үйренгенмен,
леп жеке қолданыла
ма, қолданылмайды ма? Сол сияқты
ереуіл бағыныңқылы сөй-
лем
[94, 131] деген термин де ойлануды қажет етеді. Бағының-
қылы деген термин бар да, басыңқы деген термин сөз жоқ. Кө-
семшелі тіркес деген бар да, есімшелі тіркес жоқ.
Лингвистикалық терминдерде синтаксистік терминдердің
153-і берілген дедік. Əрине бұл – үлкен табыс. Бұл еңбек
оқытушылар, мұғалімдер, студенттер үшін қажетті құрал екені
белгілі. Пайдасы өте мол бұл сөздік өзінің құнын ешбір жойма-
са керек. Дегенмен бұл сөздіктегі кейбір синтаксистік терминдер
өз дəрежесінде берілді деп айта алмаймыз. Əрбір синтаксистік
терминдерді беруде авторлар жағынан кеткен ақауларды байқауға
да болады. Сөздікте
определение – анықтауыш сөйлем мүшесіне
мынадай түсінік берілген. «Сөйлем ішіндегі сөздерді анықтап,
сипаттап,
қандай? қалай? деген сұрауларға жауап беріп тұратын
синтаксистік тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қиысусыз (опреде-
ление не согласованное) жəне қиысулы анықтауыш (определе-
ние согласованное) болып бөлінеді»
[94, 114] – дейді. Осындағы
анықтауышқа берілген ереже, біріншіден, оның негізгі қасиетін
аша алмайды, екіншіден, осы уақытқа дейінгі оқулықтардың
барлығында анықтауыштың негізгі сұрауы
қандай? қай? деп бе-
рілсе, ал сөздіктің авторлары оған қоса
қалай? деген сұрақ та
қатысты деп беруі келіспейді. Оның үстіне анықтауыштың
түрлеріне орыс тіліндегі
согласованное, несогласованное деген
терминді əкеліп қоса салады.
Сөздікте бұдан басқа да ойға сұрау салатын тұстары бар, де-
генмен бұл саладағы қолға ұстар аса қажетті сөздік болғасын
орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: