Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Н.С. Валгина «жай сөйлемнің синтаксисі, сөз тіркесінің син-
таксисі» деген терминдермен бірге «синтаксис сложного целого,
синтаксис связной речи» [83, 11], В.В.Бабайцева «конструктив-
ный синтаксис, структурный синтаксис, пассивный синтаксис,
статистический синтаксис»
[84, 22] деген түрлерін көрсетеді.
Орыс тіл білімінде синтаксис пəнінің мəні туралы Н.С. Валги-
на «раздел грамматики, изучающий строй связной речи»
[83] десе,
Г.А. Золотова «ведающий построением речи»
[85, 10] – дейді.
Синтаксис термині жалпы түркологияның бірі – қазақ тілінде де
əртүрлі атаулармен кездесіп отырады. 1924 жылы орфографиялық
конференцияда ұлтжандылардың пікірі бойынша, қазақ тіліндегі
терминдер тек түркі халықтары тілінен алынуы керек дей келіп,
морфологияны – нахну, синтаксисті – сафф деп аударуды ұсын-
ған болатын. Бірақ синтаксис терминдерінің ондай баламасы
сол кездің өзінде-ақ қолдау таппағандығы белгілі [86, 72].
Синтаксистік терминдер туралы алғашқы оқулықтарда əр-
түрлі атауларды көруге болады. Сондықтан 30-жылдарда ал-
ғашқы шыққан оқу құралында С. Аманжолов құрмалас сөйлемді
сыйысқан, қиысқан құрмалас сөйлем деп те бергендігі айқын.
1939 жылы шыққан орталау жəне орта мектепке арналған
С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің граммати-
касында» жай сөйлемге қатысты аралас баяндауыш
[87] десе,
ал құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты бірнеше терминдер
берілген.
1. Бейтараптық салалас сөйлем.
2. Нұсқаулы сабақтас сөйлем.
3. Сілтеулі сабақтас сөйлем.
4. Тіркесті салалас сөйлем.
5. Үдетпелі салалас сөйлем.
6. Іргелі сабақтас сөйлем.
М. Балақаевтан жай сөйлем синтаксисіне байланысты «1. Зат
анықтауыш; 2. Қосалқы анықтауыш; 3. Сын анықтауыш» [88,
128], ал құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты «дара бас-
тауышты сабақтас сөйлем»
[88, 136] деген терминдерді кездес-
тіреміз.
Қ. Жұбанов еңбектерінде де «леп сазды сөйлем [81, 141], негізгі
мүшелер [81, 144], сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем» [81,
277
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
141], ал тыныс белгісіне қатысты» көп ноқат, ноқат»
[81, 141]
сияқты қазіргі кезде қолданылмай, бірақ уақытында белгілі
дəрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті.
Тыныс белгілерінің 1920–30 жж. басылған жазба жұмыстар-
дағы жəне бүгінгі əдеби тіліміздегі қолданылуы бір емес. Ол
кезде осы күнгі пайдаланылып жүрген нүкте, қос нүкте, сұрау,
сызықша, т.б. белгілері бар болатын. Алайда олардың кейбірін
сөз арасына, сөйлем аралықтарына қоюдағы принцип басқаша
болған. 1920–30 жылдарда прозалық шығармаларда нүктелі үтір-
мен қоса нүкте де қазіргіге қарағанда жиі қолданылған. Үтір бел-
гісін жəне нүктелі үтірді бұл кезеңде интонацияға, дауыс əуе-
ніне қарап қолдану принципі болды ма деп жорамалдауға мына
нəрсе түрткі болады. Мысалы, 1896 ж. «Дала уалаяты газетінде»
жалпы тыныс белгілерінің сипаты жайында, олардың қандай
функция атқаратындығы туралы арнайы мақала жарияланады.
Онда тыныс белгілерінің атауы да қазіргіге көп ұқсамайды.
Мақалада «тыныс», «тыныстың жартысы», «тыныстың төртінің
бірі» тəріздес пунктуация атаулары кез болады. Ол кезде бүгінгі
нүкте деп жүрген белгіміз «тыныс», ал үтіріміз «тыныстың төрт-
тен бірі» болып аталған. Осыған байланысты болар, тыныс бел-
гілерін дауыс ырғағының айтылу əуеніне қарай қолдану сөз етіп
отырған кезеңде белгілі дəрежеде дəстүрлік сипат алған [89, 130].
1. Синтаксистік терминдердің əртүрлі атауы осы қарастырып
отырған термин сөздердің оқулықтарда, кітаптарда қолдану дəре-
жесі əртүрлі. Яғни бір мағынадағы термин сөз түрлі қолданылған.
Ал қазіргі кездегі «толымды сөйлем, толымсыз сөйлем» деп
қолданылып жүрген термин сөздерді «толық сөйлем» [89, 145],
«олқы сөйлем»
[89, 146] деп берген. Осы кітабында тұрлаулы
мүше деп қолданып жүрген термин сөзімізді «негізгі мүше-
лер» [89, 144]
деп берген.
М. Балақаев «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығында тыныс
белгісіне байланысты сұрау белгісі термин сөзін «сұрақ белгісі»
[90] деп берген. Ал бағыныңқы сөйлем деген термин сөздің қол-
дануы да түрлі-түрлі. Бірде бағыныңқы деп қолданса, енді бірде
бағыныңқылы сөйлем деп қолданылады. Бір кітаптың өзінде екеуі
де қолданылады.
С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамма-
278
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тикасы» оқулығында да, де, жəне жалғаулықтары арқылы жа-
салған салалас сөйлем тіркесті салалас
[91, 51] делінген. Ал
М. Балақаев, Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабында мұн-
дай салалас сөйлем мезгілді (ыңғайлас) салалас сөйлем
[92, 233]
деп берілген. Ал əрі жалғаулығы арқылы жасалған мезгілдес са-
лалас сөйлемді үдетпелі салалас
[91, 52] деп берген. «Қазіргі
қазақ тілі» оқулығында талғаулы салалас деп берілген мейлі, күй
жалғаулықтары арқылы жасалған сөйлемді Аманжолов пен Сау-
ранбаев бейтараптық салалас сөйлем
[91, 55] деп берген. Кейбір
синтаксистік терминдер қазірдің өзінде де түрлі беріліп жүр.
М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқу-
лығындағы сөз тіркесіне қатысты:
1. Жатыс жалғаулы сөз тіркесі.
2. Матаса байланысқан сөз тіркесі.
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі [91, 69].
4. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі.
5. Сан есімді сөз тіркестері.
6. Сын есімді сөз тіркестері.
7. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері.
8. Үстеулі сөз тіркестері.
Ал енді осы терминдер Р.С. Əміровтың еңбегінде: 1. Жатыс
септікті сөзді меңгерген етістікті тіркестер [50, 36]. 2. Матасу
амалы арқылы құрылған сөз тіркестері. 3. Меңгеру амалы ар-
қылы құрылған сөз тіркесі [50, 24]. 4. Көмектес септіктегі сөзді
меңгерген етістік тіркестер. 5. Сан есім – зат есім типті сөз
тіркестері. 6. Үстеу – зат есім типті тіркестер [50, 19]
деген ата-
уларды ұсынады. Міне, бұл пікірлерге қарағанда синтаксистік
терминдердің қалыптасуы, аталуы əртүрлі беріліп жүргенін кө-
руге болады.
Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары қазіргі кезде
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп беріліп
жүр. Ал алғашқы түркологиялық еңбектерде бұл синтаксистік
қатынастардың ішінде тек анықтауыштық тобы ғана басым бо-
лып келді. Қазіргі кезде ондай үш синтаксистік қатынастар бір
деңгейде пайдаланылуда.
Кейбір ғалымдар тілдегі қалыптасқан терминдерді өзгеше
атауды мақсат етеді. Т.С. Кирилова толықтауыш, пысықтауыш
279
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
терминдерін пайдалана келіп: «Семантикалық кеңейтушілер
семантикалық объект, семантикалық атрибут болып бөлінсе, ал
пысықтауышты детерминативтік кеңейтушілер кеңістікті, мезгіл-
ді, шартты, себепті, мақсатты, т.б. білдіреді» [93] – дейді.
Тіл ғылымының саласының əрқайсысына қатысты сөздіктер
бар. Олар: диалектілік сөздік, фразеологиялық сөздік, тарихи сөз-
дік, орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, шет тілдер сөз-
дерінің сөздігі, лингвистикалық терминдердің сөздігі, омоним-
дер сөздігі, паронимдер сөздігі, дыбыстық сөздік, синонимдер
сөздігі, қысқартылған сөздердің сөздігі, жазушылар тілінің сөз-
дігі, түсіндірме сөздік, топонимдер сөздігі, жиілік сөздігі, этимо-
логиялық сөздік. Осылар іспетті енді синтаксистік сөздіктер де
дүниеге келді.
Совет дəуірінде, яғни 20 жылдардан бастап лингвистикалық
терминдер сөздігі шыға бастады. 1924 ж. Н.Н. Дурнованың
«Грамматикалық сөздігі» шықты. Содан кейін лингвистикалық
сөздіктер молынан шыға бастады. Мəселен, Л.И. Жирковтың
«Лингвистикалық сөздігі» (М., 1946); С.В. Кртотевич, Н.С. Роз-
зевичтің «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (Рига, 1963);
О.С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1966)
бар. Сонымен қатар шет тілдерден аударылған мынадай сөздік-
тер бар. Ж. Марузоның «Лингвистикалық терминдердің сөздігі»
(1960), сосын Э. Хэмптің «Лингвистикалық терминдердің сөз-
дігі» (1964), И. Вахевтің «Прага мектебінің лингвистикалық сөз-
дігі» (1964), сол сияқты Д.Э. Розенталь, М.А. Теленкованың «Лин-
гвистикалық терминдердің сөздік анықтамасы» (М., 1976).
Жалпы тілде лингвистикалық сөздіктер қаншалықты мол бол-
ғанымен, қазақ тілінде С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың «Рус-
ско-казахский словарь лингвистических терминов» деген сөздігі
ғана бар. Бұл сөздіктің қазақ тіліндегі лингвистикалық термин-
дерді жинақтап беруде маңызы бар. Бұл сөздіктер ең алғаш рет
1956 жылы шықты, ал 1966 жылы қайта өңделіп, толықтырылып
басылды. Бұл сөздікке 3000-ға жуық термин енгізілген. Ол тер-
миндер тілдің барлық салаларын тегіс қамтуды мақсат еткен. Бұл
кітаптағы синтаксистік терминдер саны – 153. Олардың:
1) Сөз тіркесіне қатыстысы – 26.
2) Жай сөйлемге қатыстысы – 82.
280
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
3) Құрмалас сөйлемге қатыстысы – 22.
4) Тыныс белгісіне қатыстысы – 13.
5) Жалпы синтаксиске қатыстысы – 10.
Енді осы топтағылардың əрқайсысына қандай терминдер жа-
татындығын көрсетелік.
Достарыңызбен бөлісу: |