Талғат сайрамбаев


IV. Қабыса байланысқан сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет135/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

IV. Қабыса байланысқан сөз тіркестері
1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. Демек, қоңыр деп қоңыр 
емес, күлгін деп күлгін емес (Беласқан).
2. Етістік пен етістіктің тіркесі. Тəрбиелеудей-ақ тəрбиеледім
бірақ болмады (Д. Досжанов).
Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз арқылы қайталанып сөз 
тіркесін құрауы əдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда, біріншіден, сөз 


274
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған 
сөз тіркестерінің тұрақты тіркестермен жігін айқындау да негізгі 
мəселе болып отыр. Əрине бұл жерде бір сөздің қайталануы
арқылы құралған сөз тіркестерінің көптеген заңдылықтарының 
басы ашылмаған. Ол туралы əлі де көптеген жұмыс істеу қажет. 
Мұндай тұлғалы сөз тіркестері сөз тіркесінің үлкен тобын құ-
райды.
8. Синтаксистік терминдер туралы
Терминологиялық сөздіктер саны мол. Бұл соның ішіндегі 
мамандыққа қатысты лингвистикалық терминдерді қарастыр-
мақпыз. Орыс тіліндегі ең жинақы, əрі толық сөздік О.С. Ахма-
нованың сөздігі болса [77], қазақ тілінде С. Кеңесбаев пен Т. Жа-
нұзақовтың лингвистикалық терминдер сөздігі бар екендігі 
айқын [78]. Сол сияқты қазақ тіліндегі жалпы лингвистикалық 
терминдер туралы Ж.М. Молдажаров кандидаттық диссертация 
қорғады [79]. Бұл жұмыстарда терминдер тілдің барлық саласы 
бойынша қаралып, көптеген мəселелер сөз болады. Əрине, лин-
гвистикалық сөздіктердің қолданылу аясы, дамуы өте күрделі 
мəселе. Қоғамның басқа да салаларының өсуі сияқты лингвис-
тикалық терминдерде де О.С. Ахманованың сөзімен айтқанда, 
«соңғы ширек ғасыр ішінде лингвистикалық мектептердің саны 
мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвисти-
калық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті» [77, 4].
Міне, бұған қарағанда лингвистикалық терминдерді тілдің қай 
саласы жағынан болмасын жан-жақты даму үстінде деп білген 
жөн. Тілдің орфография, орфоэпия, графика, фонетика, фразео-
логия, лексика, сөз тудыру, морфология, синтаксис бұларға қоса 
тіл мəдениеті, стилистика мəселелері, тарихи грамматика, əдеби 
тілдің тарихы, диалектология, лексикография жəне жалпы тіл 
білімі, есептеу машинасы, экспериментальды лингвистика жəне 
методика, т.б. əрқайсысы əртүрлі тарихи дəуірлерге сəйкес өзіне 
тəн түрлі терминдерді енгізіп отыр. Терминдерге грамматика, 
морфология мен синтаксис те қатысты болатын болса, соның 
ішінде синтаксистік терминдердің де өзіндік қалыптасу, даму 
процесі барлығы белгілі. Бұл арада біз тек синтаксистік термин-


275
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дер, олардың қалыптасуы, берілу дəрежесі, оның синтаксистік 
объектілеріне қатысы туралы айтпақпыз. Ол үшін қазақ тіліндегі 
еңбектерді басшылыққа алдық [80].
Сол сияқты тілге қатысты əртүрлі бағдарламалар да пайдала-
нылды.
Қазақ тілінде синтаксис деген термин сол қалпында қолда-
нылып келе жатыр. Бірақ Қ. Жұбанов оны «қоспа» [81, 140] деп 
аударғанымен, бірақ ондай баламаның жалпы қолдау таппағаны 
айқын.
Қазіргі синтаксис саласы соңғы он жылда кеңінен дамы-
ды. Қазіргі ғылыми əдебиеттерде синтаксистің көп аспектілері 
жиі айтылады. Яғни оны мынадай басты аспектіге бөліп қарауға 
мүмкіндік беріп отыр. Біріншісі – логикалық синтаксиспен бір 
деңгейде қарастырмау үшін Европаның ғылыми дəстүрі бойын-
ша логика – ориентирлі деп аталатын тобы. Бұл аспекті тіл 
заңдылықтарымен (пəн мен оның қасиеті, сапасы арасындағы 
арақатыс) тығыз байланысты. Екіншісі – анағұрлым өңделген 
аспект – сөйлем мүшелерінің дəстүрлі модельдерінде көрсетілген 
құрылымдық аспект. Үшінші аспект – сөйлемнің функционал-
дық перспективасымен байланысты. Оны актуалды аспекті деп 
атау орынды. Бұл термин сөйлемнің актуалды мүшеленуі деп 
аталатын теориямен бірге өмір сүріп келген. Бұл аспектінің кө-
біне коммуникативті аспект деп аталуын жиі байқаймыз. Бұл 
дұрыс айтылмаған, себебі синтаксис өзінің барлық аспектісін 
есептеу машинасының үлгісімен синтаксистің аналогиялық ас-
пектісі деп атау орынды [82, 37]. Біз осы синтаксистің төрт 
аспектісінің біріншісіне қатысты терминдерді қарастырып отыр-
мыз. Қалған аспектілерге қатысты терминдерді жан-жақты айту 
əзірше мүмкін еместігі белгілі. Сол сияқты синтаксистің іштей 
түрлері туралы мынаны аңғаруға болады:
О.С. Ахманова синтаксистің он үш түрінің болатынын көр-
сетеді.
1. Актуалды синтаксис. 2. Үлкен (большой) синтаксис. 3. Кіші 
(малый) синтаксис. 4. Сыртқы (внешний) синтаксис. 5. Ішкі (внут-
ренний) синтаксис. 6. Грамматикалық синтаксис. 9. Стилистика-
лық синтаксис. 10. Фиксированный (аударылмады) синтаксис. 
11. Етістік синтаксисі. 12. Есімдер синтаксисі. 13. Синтаксистік 
сөздік [77, 409].


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет