Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет15/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
Сөз, негізінде, негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, 
қысқарған сөз болып бөлінетіні белгілі. Мысалы: мал, адам, етік, 
малшы, адамша, етікші, бала-шаға, ата-ана, КПСС, ВЛКСМ, 
АДК, бүгін, алдыңгүні, алабота деген сөздердегі негізгі түбір мен 
туынды түбір сөздерді сөз тіркестеріне ұқсас деп айту қиын. Өйт-
кені мал, малшы сөздерінен бірігу, кірігу сияқты белгі таба ал-
маймыз. Олар басы ашық негізгі сөздер болып табылады да, сөз 
тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Ал бүгін, алдың-
гүні, алабота, баспасөз, т.б. сөздері сөздің бірігуінен жасалған. 
Бұлардың тарихи төркіні туралы Э.В. Севортян: «Біріккен сөз-
дердің түп төркіні сөздердің сөйлемдегі алатын орнына қарай 
синтаксистік қарым-қатынастан пайда болған» [34, 152],
– дейді. 
Ол сөздердің кейбірі (бүгін), алабота, баспасөз тəрізді сөз-
дердің екі түбірден біріккендігі айқын көрініп тұрады. Сондық-
тан біріккен сөздердің сөз тіркестеріне ұқсастығы бар ма, жоқ па 
деген мəселеде кейде екіұдай пікір кездеседі. Біріккен сөздер екі 
сөзден құралғанымен, бір-ақ ұғымды білдіреді де, құрамындағы 
сөздер кірігіп, бір бүтінге айналған. Олардың əрбір сыңары бұрын-
ғы дербес мағынасын сақтаған күнде сол бірігуімен бір-ақ лекси-
калық мағынаға ие болады. Біріккен сыңарларының бір-бірімен 
бірігіп кеткені соншалықты, бұл күнде оларды бөліп-жарып қол-
дануға келмейді. Оның үстіне олардың бұлай бірігуі – ұзақ уақыт-
тың жемісі, сондықтан біріккен сөздер бір-біріне бағыныңқылық 
дəрежесін жойып, бір бүтінге айналған. Осы қасиет оның сөз 
тіркесіне ұқсамайтын белгісі болып табылады да, сол тобымен сөз 
тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Біріккен сөз ту-
ралы Г. Жəркешова мен Ы. Маманов «Қазақ тілінде анықтайтын 
сөз бен анықталатын сөз, толықтайтын сөз бен толықталатын 
сөз, пысықтайтын сөз бен пысықталатын сөздер өзара бірігетіні 
байқалады» [35, 37],
– дей келіп, олардың бір-бірінен өзгешелі-
гін былай көрсетеді.
1) қаптесер, алжапқыш – алдыңғысы толықтауыштық қа-
тынаста.
2) түгел, айналсоқ – алдыңғысы пысықтауыштық қатынаста.
3) асқазан, белбеу, қолғап – алдыңғысы анықтауыштық қа-
тынаста [35].


36
Күрделі сөз тіркестері
Авторлар біріккен сөздер екі жəне одан да көп сөздерден құ-
ралғанымен, мынадай белгілермен сөз тіркестерінен дараланады 
деп көрсетеді.
1. Екі я үш сөз бірігіп, бір ғана жаңа мағына береді. Біріккен 
сөздер екі, я үш сөздің жай ғана қосындысы емес, басқа мағынаға 
ие болатын бір бүтін сөз, оның құрамындағы жеке сөздердің 
мағынасы түгелдей, не жартылай жойылып, жаңа мағыналы, жаңа 
тұлғалы жеке сөз жасайды.
2. Біріккен сөздер дара сөздер сияқты сөйлемнің бір-ақ мү-
шесінің қызметін атқарады.
3. Біріккен сөздің қосымша белгісінің бірі – біріккен екі сөздің 
арасындағы үндестік заңы.
4. Біріккен сөздердің сыңарлары бір-бірімен басыңқы-бағы-
ныңқылық байланыста болмайды.
5. Біріккен сөздер сөз тіркесінің бір-ақ сыңары болып жұм-
салады [32, 4].
Əрине автордың біріккен сөздер туралы айтқан пікіріне қосы-
ла отырып, біріккен сөздер тарихи қалыптаса келе, бұл күнде 
бір-ақ мағыналық дəрежеге ие болғандығын, сондықтан қазіргі 
тілде бір ғана ұғымды білдіретінін баса айту керек. Олар – əу 
бастағы анықтаушы – анықталушы, толықтаушы – толықталушы, 
пысықтаушы – пысықталушы сөздер болып, бірі – бағыныңқы, 
бірі – басыңқы қызметте жұмсалу дəрежесінен алыстап, енді бір 
бүтін болып кеткен сөздер. Құрамындағы сыңарлары бір кез-
де сөз тіркесінің жеке-жеке сыңарлары болған бұл сөздер бұл 
күнде біріккен күйінде сөз тіркесінің бір-ақ сыңары болып, не 
бағыныңқы, не басыңқы қызметте жұмсалатын дəрежеге жет-
кен. Сөйтіп біріккен сөздер тарихи жағынан сөз тіркесіне ұқсас 
болғанымен, бұл кезде ол қасиеттер бүтіндей алшақтаған.
Қысқарған сөздердің негізі сөз тіркесіне ұқсас сияқты. Қыс-
қарған сөздердің мынадай төрт түрі бар: 1. КПСС; 2. Партбилет; 
3. ҚазҰУ; 4. Обком. Бұл кемінде екі немесе одан да көп сөздерден 
қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді. Ал оларды толық жазатын 
болсақ, облыстық комитет, партиялық билет, т.б. сөздер біріне-
бірі бағыныңқы-басыңқы байланыста жұмсалған сөз тіркестері 
дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықшамдап, үндемеуге 
байланысты қысқартылып, сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызме-


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет